Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Президент сайлауы 9 маусымда өтеді

2266
Президент сайлауы 9 маусымда өтеді - e-history.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елде кезектен тыс президент сайлауы 9 маусымда өтетінін жариялады

Бұл туралы ол республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына арналған мәлімдемеcінде айтты.

«Бүгін елімізге және әрқайсымызға қатысты аса маңызды Үндеу жариялап отырмын.

 Еліміздің Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын 2019 жылдың 9 маусымында өткізу туралы шешім қабылдадым.

Мен бұл жауапты шешім бойынша Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен ақылдастым.

Парламенттің қос палата спикерімен, Премьер-Министрмен кеңестім.

Конституциялық Кеңестің келісіміне жүгіндім.

Парламенттегі партия жетекшілерімен кездестім.

Кезектен тыс сайлау туралы шешім қабылдау – өте маңызды әрі қажетті қадам», – деді ҚР іс басындағы Президенті.

Еске сала кетер болсақ, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігі 2020 жылы аяқталып, кезекті президент сайлауы сәуір айында өтуі керек болатын.

2019 жылдың ақпанында президент Конституциялық кеңеске өтініш түсіріп, Конституцияның 42-бабының 3-тармағын ресми түсіндіруді сұрады. Бұл тармақ мемлекет басшысының өкілеттіктерін тоқтату шарттарына қатысты.

5 ақпанда Нұрсұлтан Назарбаевтың видеоүндеуі жарияланды. Ол Конституциялық кеңеске берген өтініші мемлекеттің әдеттегі мәселесі екенін айтты. Президент бұл оқиғаның айналасында айқай-шу тудырмауға кеңес бере отырып, Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтпейді деп сендірді.

2019 жылдың 19 наурызында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан президенті ретінде өкілеттігін тоқтатты. Президент міндетін уақытша атқару сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жүктелді.

Сондай-ақ елімізде, соңғы кезектен тыс сайлау 2015 жылы 26 сәуірде өткен болатын. Ол кезде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев дауыс берушілердің 97,7 пайызын жинады.

Оқи отырыңыз: Президенттік сайлау тарихынан 

 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?