«Қазіргі қоғамымызға кең талқыланып жатқан өзекті мәселенің бірі Елордамыздың атын ауыстыру. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті елімізге тәуелсіздігімізді қайта оралтқан тұлға. Ол лайықты саясаткер деп есептеймін. Біріншіден бұл әлемдік тәжірибе. Әлемде кейбір елдердің астаналары мықты саясаткерлердің құрметіне аталған. Мысалы, әлемдік картада Вашингтон, Петербург сияқты қаладар бар. Екіншіден, біздің елімізде де қалаларға ұлы тұлғалардың атын беру тәжірибесі бар. Сәтбаев, Абай, бұрынғы Жамбыл қалалары қазақтың атақты адамдарымен аталған. Яғни сол қаланың, жердің дамуына үлкен үлес қосқан тұлғалардың құрметіне орай берілген. Бұл тәжірибе бізде бұрыннан пайдаланылатын практика», - дейді «НҰР-Медиа» xолдингі бас директорының орынбасары, ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының төрағасы Максим Споткай.
Оның пікірінше, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев еліміздің астанасын Алматыдан Астанаға көшіру жайлы тариxи шешім қабылдап, осы қаланың өсіп-өркендеуіне үлес қосқан бірден бір тұлға.
«Соңғы жиырма жылда Елбасының сарабдал саясатының нәтижесіде ұлы даланың төрінде ғажайып қала өмірге келді. Осы қаланың негізін қалаушы – Тұңғыш Президентіміз. Бұл сөзсіз. Сондықтанда Астананың атын Нұр-Сұлтан деп атап, ұлы қайраткердің есімін беру дұрыс деп ойлаймын. Нұрсұлтан Әбішұлы лайық тұлға», - дейді Максим Споткай.