Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Елбасы таңдауы

1115
Елбасы таңдауы  - e-history.kz
Н.Ә. Назарбаев бүгін 19.03.19 сағат 19.00 – де тарихи оқиға болып табылатын, аса жауапты да, күрделі шешімді қабылдап Президентік билігін тоқтататындығын жариялады.

Еліміздің Тұңғыш Президенті ретінде Қазақстанның тәуелсіздігінің тұғырының берік болуына зор үлесін қосқаны даусыз. Сыртқы және ішкі ықпалды күштердің қарсылығына қарамастан, қарама-қайшылықтардың белең алып кетпеуінің неғұрлым тиімді жолдарын ақылмен екшеп таба білу, ел ішіндегі ұлтаралық, дінаралық төзімділікті қалыптастыру, экономикалық дамудың стратегиялық жоспарларын (2050, 2030 бағдарламалары) жолға қою, рухани жаңғырудың ұлттық бағдарламасын жасау, ядролық қарудан бастартып, БҰҰ-төрінде бейбіт бағыт ұстанатынын әлемге жариялау және т.б. маңызды бастамалар Н.Ә. Назарбаевтың Президентік билігінің теңіздегі тамшыдай ғана бөлігі.

Халықаралық аренадағы Қазақстанның беделі, тұрақтылық пен экономикалық дамудың дұрыс жолын қалыптастырған ел ретінде жоғары бағаға ие болып, шетелдік сарапшылар тарапынан зор қызығушылық танытуда. Егеменді елдің Тұңғыш Президенті бастамасымен, тарихи мәні бар саяси-экономикалық, әлеуметтік және мәдени реформалар мен бастамалар, бағдарламалар өзінің өміршеңдігін көрсетіп, жүзеге асырылды.

Қазіргі Қазақстанның жаһандану үрдісі барысында өркениеттер төрінен өз орнын табуға деген ұмтылысы да Елбасының арман-мақсаттарымен қабысып жататын. Сондықтан да Н.Ә. Назарбаевтық қабылдаған таңдауы мен шешіміне қарамастан тамаша бастамалары жалғасын тауып, еліміздің даму қарқыны мен басты байлығымыз тынштығымыздың баянды болуын тілейміз.                                                                                                                   

Ә.К. Шашаев

ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы

Тарих және этнология институтының

жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.к.                                       

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?