Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Моңғолияда "Әз Наурыз" халықаралық ақындар айтысы өтті (Фоторепортаж, видео)

2306
Моңғолияда "Әз Наурыз" халықаралық ақындар айтысы өтті (Фоторепортаж, видео) - e-history.kz
Монғолияның Қобда аймағында "Әз Наурыз" мерекесіне орай халықаралық ақындар айтысы өтті. Аталмыш сөз сайысын Қобда аймақ әкімшілігі және «Ел береке» қоры ұйымдастырған.

Монғолияның Баян-Өлгей, Қобда аймақтары мен өзге де өлкелерінде тұрып жатқан қазақ ақындарымен қатар Атажұрттан да айтыскерлер барып қатысқан дүбірлі дода тікелей эфирде көрсетілді.

Торғауыт, өлет, ұраңқай, мыңғыт, дөрбет т.б. ежелгі Жоңғария жұртының жұрнағы мекендеген бұл аймақта 15 мыңдай қазақ тұрады. 1940 жылы Баян-Өлгей осы аймақтан бөлініп шыққан екен.

Аламан айтыста қатысқан жүйріктер арасында Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы Аршалы ауданының ақыны Құрмет Құралханұлы оза шауып, бас жүлдеге тігілген миллион теңгеге ие болды. Бір айта кетерлігі, Құрмет ақын екі жасында ата-анасымен бірге осы Қобда аймағы Қобда сұмыны Баянбұлақ өлкесінен Атажұртқа қоныс аударған екен.

Моңғолияның Қобда аймағында өткен халықаралық ақындар айтысында жүлде алған ақындарымызға шығармашылық табыс тілейміз. Айтыстың толық нұсқасы төмендегі "You tube" каналымызда. 

adebiportal.kz

 

Фотосуреттер: Сова Медиа групп парақшасынан алынды

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?