Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Жалпыхалықтық диктант

3453
Жалпыхалықтық диктант - e-history.kz
Бүгін Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жұмыстары аясында республика бойынша «Жалпыхалықтық диктант» іс-шарасы өтті.

Мәдениет және спорт министрлігінің ақпараты бойынша, республикалық акция еліміздің барлық өңірлерін қамтиды және оған шамамен 1,5 млн. қазақстандық қатысады делінген. Диктант бір уақытта республика бойынша өңірлердегі тілдерді дамыту басқармалары дайындаған арнайы аудиторияларда өткізіледі.

Жалпыреспубликалық акция жаңа қазақ әліпбиін насихаттауға, латын негізді қазақ әліпбиін практикалық тұрғыдан меңгеруге дағдыландыруға бағытталған. Іс-шараға жасы 15 толған еліміздің барлық тұрғындары қатыса алады.

Диктант «Рухани жаңғыру» тақырыбында жазылды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Жалпыхалықтық диктантты өткізу бастамасын белгілі қоғам қайраткерлері, жазушылар, ғалымдар, спортшылар, сонымен қатар мәдениет және өнер саласының тұлғалары мен журналисттер қатысты.

«Елбасының жарлығымен қазақ әліпбиінің қарпі бекітілген болатын. Сол шараның аясында міне барлығымыз жиналып отырмыз. Бүгін көптеген бізден бөлек көптеген спортшылар қатысып отыр, соның ішінде күрестен әлемнің бірнеше дүркін чемпиондары – Максим Раков пен Азамат Мұқанов қатысып отыр. Сіздерге рақмет. Біздің қаріп өте ыңғайлы» деген Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы барлық қатысушыларға  сәттілік тіледі.

Диктантқа қатысқан қазақтың ең атақты опера әншiсi Майра Мұхамедқызы латын қарпіне көшудің еліміз үшін аса зор әсері бар екенін айтып, өзі үшін бұл диктант оп-оңай болғанын атап өтті.

Диктант соңында қатысушыларға ортадағы пернетақтаға «Рухани жаңғыру» мақаласының дұрыс нұсқасы шығарылып, нәтижесін тексеріп көру ұсынылды.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?