Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Аятжан Ахметжанұлы: Мұғалім мәртебесі дұрыс айқындалсын десек...

1995
Аятжан Ахметжанұлы: Мұғалім мәртебесі дұрыс айқындалсын десек... - e-history.kz
Президенттің 2018 жылғы 5 қазандағы жолдауына орай мұғалім, «Қазбілім» орталығының директоры Аятжан Ахметжанұлы өз ойларын айтты

Ұстаздықпен айналысқалы бері мұғалім мәртебесі туралы заңдық норманың қажет екендігін баспа беттерінде айтып, жазып жүр едік. Бүгін Елбасы жолдауында дәл осы мәселе көтерілгенде айрықша қуандым. Кез келген адам өз ісіне жауап беруі һәм өзгелердің ісіне жауап бермеуі шарт. Олай болса соңғы жылдардағы әр түрлі жағдайлар ұстаздар құқы мен міндеті туралы айқындалуы керек екенін көрсетті.

Бал құқы туралы заңдық норманың асыра орындалуы мектептегі талап қойғыш, білікті ұстаздардың біразының обалды болуымен аяқталды. Тіпті, оқушы мұғалімге, ата-ана мұғалімге қол көтерген жағдай да қалыптасып үлгерді. Бұл білім сапасына, тіпті білім саласына үлкен соққы болған жағдайлар еді. Қазіргі министрмен кездесуде де ұстаз мәртебесі туралы заң шығаруды ұсынған едік. Дәл осындай кезде ұстаз мәртебесі туралы заң қабылдау – ең маңызды мәселе.

Ұстаз мәртебесі туралы заңда көтерілуі тиіс ең негізгі мәселелер:

1. Ұстаздың міндеті.

2. ұстаздық құқы.

3. Ұстаздың статусы.

4. Мектеп директорларымен олардың орынбасарларының міндеті.

4. Білім бөлімі әдіскерлері мен басшыларының міндеті.

5. Әр дәрежелі білім саласындағы мекемелердің жеке құқы мен міндеті.

6. Жұмысқа қабылдану, жүктеменің ең аз, ең көп нормасы, жұмыстан шығарылу ережелері.

7. Мұғалімдік санаттының жоғарлатып отыру, қайта даярлаудан өтудің нормалары.

Осы жеті түрлі дүние толық ескерілуі керек. Осы ұстаз мәртебесі туралы заңмен қатар, білім туралы заңға да, бала құқы, ата-ананың жауапкершілігі туралы нормативтерге де өзгертулер мен толықтырулар енгізілуі керек. 

Қазір ХХІ ғасыр, ұстаздың қағазға сабақ жоспар жазып немесе компьютерде жоспар жазып, оны шығарып алып қол қойғызып жүруі, үй аралап кезекшілік өтеп, есептік жиналыстардың бос залын толтырып жүруі ұят. Заңда ұстаздың міндеті толық белгіленсе, оның сыртындағы шаруаға әр ұстаз заң бойынша бас тартуға құқылы болар еді.  Осы заң негізінде әр кім өз жұмысын атқарса онда тәртіп болады. Тәртіп болған жерде нәтиже болады.

Министр Ерлан Сағадиев мырза орынтағынан мұғалім мәртебесі туралы заңды қабылдап қоштасса, бұл ол кісінің білім саласына жасап кеткен ең үлкен жұмысы болар еді. Үміт басым күтеміз енді.

Мемлекет басшысы Мұғалім мәртебесі жайлы сөз қозғауы – бүгінгі ақпараттық ағындағы қоғам белсенділері мен белсенді ұстаздардың әсері. Бізде шыны керек, жоғарыдан қандай да бір келетін тексерістер қойылымнан тұратын. Білім бөлімінің басшысынан президентке дейінгі жүйенің барлық тармағында төмен жағы өр жағын алдап келе жатыр. Қуанышқа орай, әлеуметтік желідегі белсенділік сол қойылымдардың біразының бетін ашып келеді. Елбасының айналасындағы қауым қоғамның көзқарасын прездентке жеткізген деп ойлаймын. Бірақ, шынайы билік білім саласы мен ондағы проблеманы әлі біраз зерттесе, реформадан бұрын жетілділер заңдық нормалар мен дүниелер бар еді. Жалпы бүгін білім саласы белшесінен былыққа батып тұр, мұғалім мәртебесі соның бір тармағы ғана.

Бүгінгі бәсеке заманында, бәсекеге қабілетсіз университеттердің бәрі жабылуы керек. Не зартханалық базасы, не оқу ғимараты, не материалдық базасы, не кадрлық базасы сын көтермейтін, ХХ ғасырдың басындағы деңгейде жүрген мемлекеттігі бар, жекесі бар қаншама жоғары оқу орны баршылық. Тіпті кейбір оқу орындары базасы жұрттың мектебінің базасынан төмен. Оның несі университет?! Назарбаев университетінің ішкі системасымен анық таныс емеспін, бірақ материалдық жағдайын барлық универистетке үлгі етіп алып жасау керек. Биыл 2200-ден астам PhD докторантқа грант берілді, сол ғылым докторларын шығаруға мүмкіндігіміз жете ме дегенді ойланумыз керек. Ал, магистр дәрежесінде бүгін құн қалмады. Бұл ең үлкен сұрақ ретінде қарастырылуы тиіс.

 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?