«Дүниелік көшпенділер ойындары үш рет қатарынан көшпенділер мәдениетінің ордасы болған қырғыз жерінде, қасиетті Ыстық-көл жиегінде өтіп жатыр. Ендігі дүниелік ойындардың кезегі бұйырса Түркия Республикасына өткеріліп беріледі. Эстафетаны алып жатқан Түркия Республикасының президенті құрметті Ердоған мырзаның кейінгі көшпенділер ойындарын игілікті өткере алуына тілектестік білдіремін»,-деді Қырғыз президенті.
Сондай-ақ Сооронбай Жээнбеков көшпенділер мәдениеті жаһандық өзгерістер уақытында қайта түпкі тарихына келе жақанын тілге тиек етті.
«Бүгінгі глобалды өзгерістерге байланысты біз өзіміздің түпкі мәдениетімізге қайта оралып, рухани энергия алуға мұқтажбыз. Көшпенділер әрдайым елдік дипломатияны ту тұтып, әр қилы мәдениеттерді, цивилизацияларды біріктіріп, діндер арасында сабырлық арқылы ынтымақтастықта жаңашылдығын құрып келеді», - деді Сооронбай Жээнбеков.
Айта кетер болсақ, ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында 2-8 қыркүйек аралығында 37 ұлттық спорт түрінен өтеді. Оған әлемнің 80 елінен үш мыңға жуық адам қатысады.