Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Астанада ауыр атлет Анатолий Храпатыйды еске алды

1732
Астанада ауыр атлет Анатолий Храпатыйды еске алды - e-history.kz
Астанадағы Жеңіс даңғылының бойындағы № 5/1 тұрғын үй кешенінде ауыр атлетикадан олимпиада чемпионы, Астана қаласының құрметті тұрғыны Анатолий Храпатыйға мемориалдық ескерткіш тақтаның ашылуы өтті

2008 жылғы тамызда қайғылы қазаға ұшыраған атлетті еске алушылардың алдында сөйлеген сөзінде Астана қаласының Ауыр атлетика федерациясының вице-президенті, бастамашы топтың жетекшісі Марат Әбдіуәлиұлы Әубәкіров: 

«Бүгін, 10 тамызда, досымыз, жолдасымыз, атақты спортшы, Олимпиада чемпионы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, бес дүркін Әлем чемпионы, бес дүркін Еуропа чемпионы, ауыр атлетикадан бірнеше рекордтарды қойған Анатолий Храпатыйдың арамыздан кеткеніне 10 жыл толды. Спорттық Олимпте Анатолий пайда болған кезде, біз тұңғыш рет Олимпиада алтынының не екенін сездік. Бүгінгі таңда Қазақстанда оның жетістіктерін қайталаған адам жоқ. Осыған байланысты, бастамашы топ Астана қаласының әкімдігіне Анатолий Храпатыйдың құрметіне өзі тұрған үйде мемориалдық тақта ашу ұсынысын білдірді. Осы үйдің тұрғындарына айтарым: Анатолий осы жерді басып жүрген, сіздермен бірге осы үйде тұрған, бұны енді бәріңіз білесіздер»,-деді.

Мемориалдық тақтаның салтанатты ашылу шарасына Қазақстан Республикасының  ауыр атлетика федерациясының бас хатшысы Алдияр Жұмагелдіұлы Нұралинов, Астана қаласы Мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары Берік Боромбайұлы Маржықпаев, Қазақстан Республикасы Ауыр атлетика федерациясының бірінші президенті Сансызбай Сейітжанұлы Есілов, сонымен қатар спортшының отбасы мен туыстары қатысты.

«Тәңір қолдап, жерлесіміз Анатолий Михайлович сияқты спортшыларымыз көп болсын. Осы тақтаның ашылуы келешек ұрпаққа осындай ұлы спортшы, ұлы олимпиада чемпионы болғандығын еске салып тұрады деп ойлаймын. Мен Анатолий Михайловичтің туған-туысқандарына, отбасына алғысымды білдіргім келеді. Ол әрқашан біздің жүрегімізде. Біз, өз кезегімізде, Анатолий Храпатыйдың ауыр атлетикада қол жеткізген жетістіктерін әрқашан есте сақтап, бағалайтын боламыз. Жастар олимпиада чемпионы тұрған аулада тұратындықтарын мақтан тұтатын болады», - деді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт комитетінің төрағасы Серік Маратұлы Жарасбаев.

Анықтама: Анатолий Михайлович Храпатый (20.10.1962-11.08.2008) – Олимпиада чемпион (Сеул, 1988), Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері (Атланта, 1996), бес дүркін Әлем чемпионы, төрт дүркін Еуропа чемпионы, КСРО-ға еңбегі сіңген спорт шебері, 5 рет әлем рекордын қойған.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?