Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Еркін Тәтішев: Кендо батырларды шыңдайды

1641
Еркін Тәтішев: Кендо батырларды шыңдайды - e-history.kz
Жапония өзінің ұлттық жауынгерлік жекпе-жек өнерімен танымал, бұл өнер ерте заманнан бастау алып, қазіргі уақытқа дейін жеткен өзіндік мәдени ерекшелікті көрсетеді

Жекпе-жектегі қимылдардың әсемдігі, эстетикасы мен тиімділігі бүкіл әлем спортшыларының дзюдо, каратэ, айкидо сияқты және т.б. жапондық спорт түрлерімен айналысуға деген қызығушылықтарын туғызады.   

Жапонияның мәдениетіне қызығушылық танытып, жапондық ұрыс техникасын арнайы үйренетін адамдар Қазақстанда да бар.

Қазақстан Республикасындағы Жапония Елшілігі 15 мамырда «Қазақстандағы Кендо клубына» «Сарыарқа» республикалық велотрегінің жекпе-жек залында  Кендоға арналған құрал-жабдықтарды табыс етті.

Жапонияның Кендо Федерациясы Қазақстанға әрқайсысы 20 данадан қорғаныс жабдықтары (богу) мен бамбук семсер (синай) табыс етті.

Жапония премьер-министрі Абэ Синдзоның 2015 жылы Қазақстанға жасаған сапарынан кейін осындай сый алуға мүмкіндік туды. 2016 жылы  «Жауынгерлік өнер шеберлерінің Орталық Азия елдеріне сапары» атты Жапония қорының жобасы бойынша Жапония Кендо Федерациясының төрт шебері Қазақстанда болып қайтты.  Олар келген уақытта қазақстандық спортшылар бұл спорт түріне қажетті саймандарды Қазақстаннан табу қиын екендігін жеткізеді. Осыдан соң, Жапонияның Кендо Федерациясы кендо-ны бұдан әрі қарай да танымал етуге көмектеседі деген үмітпен, осы құрал-жабдықтарды сыйға тарту туралы шешім қабылдайды.

«Кендо – заманауи семсерлесу өнері, оның негізгі идеялары – жан-тәніңді шыңдау және семсермен жаттығу арқылы толыққанды тұлғаны қалыптастыру. Жауынгерлік өнер арқылы жан-тәніңді жетілдіруді жапон халқы өте жоғары бағалайды. Бұл идея күллі әлемге үлкен әсер етіп, қазіргі уақытта әлемнің түрлі түкпірінен адамдар қызығушылық танытуда».

Кездейсоқ шабуыл немесе катананың көмегімен қарсы шабуыл өнерінен тұратын Иайдо шеберлігін көрермендерге жапондық чемпион Нобукадзу Ониси көрсетті. Жекпе-жектің бұл түрі бірден бірнеше қарсыласпен күресуге және соққыларын қайтаруға мүмкіндік береді. Йаидо тек қана өзін-өзі қорғау тәсілі ғана емес, ол жапондық бай мәдениеттен бастау алатын рәсімді қосқандағы тұтас бір өнер. 

Қазақстандағы кендо клубының негізін қалаушы Еркін Тәтішев жапондық спорт түрінің қазақстандағы дамуы туралы айтып берді:

– Біздің бірнеше клубымыз бар. Негізгі клуб Алматыда орналасқан. Астана мен Петропавлда додзе клубы бар. Тағы бірнеше қалада жастар кендомен айналысады. Кендо – бұл семсермен күнделікті жаттығу негізінде рух жігерін дамытатын жауынгерлік өнердің көне түрі. Бұл – ділдік жаттығулар. Олар толыққанды тұлға ретінде өмір сүруге көмектеседі. Кендо қазақ халқына өте жақын, өйткені біз батырлардың халқымыз. Жауынгерлік өнер бізге жақын.  

Осы өнермен балалар, ересектер көбірек айналысса деймін. Бұл өнер сізді мықты етіп қана қоймайды, ол сізді өмірдің барлық қырынан толыққанды етеді.

Әйелдер үшін бұл мінсіз жекпе-жек өнері. Ол өзін қорғап, ер адамға да тойтарыс бере алады.

Кендо Қазақстанда кеңінен танымал бола бастады. нағыз жапон дәстүрін үзбес үшін Кендо клубының мүшелері Жапонияға тұрақты барып тұрады.

 

 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?