Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Торғай даласында Кейкі батырдың кесенесі ашылады

2743
Торғай даласында Кейкі батырдың кесенесі ашылады - e-history.kz
16 қыркүйек күні сағат 10:00-де Арқалықта «Бас кеспек болса да...» атты республикалық ақындар айтысы өтеді

Қостанай облысында Кейкі Көкембайұлы кесенесінің ашылуына орай өтетін шаралар кестесі жарияланды, деп хабарлайды National Digital History порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.  

Қостанай облысы Аманкелді ауданы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы бағдарламалар тізімін жасады. Сонымен, іс-шаралар 15 қыркүйекте басталады.

Кейкі батырдың бас сүйегін кесенеге жерлеу рәсімі Тасты ауылында сағат 10:00-де өтеді. Содан соң Амангелді, Жанкелдин, Әулиекөл, Наурызым аудандары және Арқалық қаласы өнерпаздарының концерттік бағдарламасы ұсынылады.

Сағат 11:00-де көрермендерді қазақ күресінен республикалық  «Түйе палуан» жарысы күтеді. Одан кейін келген меймандарға киіз үйлерден ас беріледі.

Осы күні сағат 15:00-де кесене маңындағы алаңқайда ат бәйгесі (12-25 шақырым) болады.

«Кейкі батыр: өмірі мен өлімінің тарихы» атты ғылыми-практикалық конференция Арқалық қаласындағы Жас көрермендер театрында ұйымдастырылады. Уақыты - 14:00. Конференциядан соң «Кейкі батыр» спектаклі тамашаланады.

Ал 16 қыркүйек күні сағат 10:00-де Арқалықта «Бас кеспек болса да...» атты республикалық ақындар айтысы өтеді. 

Еске сала кетер болсақ, Кейкі батыр кесенесінің құрылысы аяқталуға жақындағанын облыс әкімі Архимед Мұхамбетов бұған дейін хабарлаған болатын.

«І ғасырға жуық уақыт бойы жат жерде сақталған Кейкі батырдың бас сүйегі елімізге оралды. Қазіргі уақытта кесенесінің құрылысы жүріп жатыр. Қыркүйек айында Амангелді ауданының аумағында, Арқалық қаласында Елбасының тапсырмасына сәйкес Кейкі батырдың бас сүйегін жерлеу рәсіміне байланысты бірқатар шара өтеді. Бұл шараларға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі басшылық жасауда. Оған бізде қатысудамыз. Жалпы кесене құрылысы аяқталуға жақын», - деді Қостанай облысының басшысы.

NDH of Kazakhstan порталы ел тарихындағы атақты батыр, қолбасшы, мерген Кейкі Көкембайұлының бассүйегінің қайтарылуына орай «Кейкі батыр: тағдыры, тарихы, тағылымы» атты жаңа жобасын оқырман назарына ұсынған болатын. Қызықты да, эксклюзивті зерттеу мақаланы біздің порталдан оқи аласыздар.

 КЕЙКІ БАТЫР: ТАҒДЫРЫ, ТАРИХЫ, ТАҒЫЛЫМЫ

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?