Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Абайдың 175 жылдық мерейтойы ресми басталды

1560
Абайдың 175 жылдық мерейтойы ресми басталды - e-history.kz

Елордадағы «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында қазақ халқының ұлы ақыны, ойшыл, һакім Абайдың 175 жылдық мерейтойының ресми ашылуы рәсімі және Қазақстан өнер шеберлерінің концерті басталды, деп хабарлайды Qazaqstan Tarihy порталы

Салтанатты кешке ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып отыр.

Елорда төріндегі «Астана Опера» театрының сахнасында ұлы Абайдың өлеңдері мен әндері КСРО және Қазақстанның Халық артисі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов, Қазақстанның Халық артисі, Қазақстанның Еңбек Ері Роза Рымбаева, КСРО және Қазақстанның Халық артисі Әлібек Дінішев, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Майра Мұхамедқызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тамара Асар, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары мен еліміздің жас дарындарының орындауында, «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен шырқалатын болады. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылдың 30 мамырында арнайы жарлық шығарып, ел Үкіметіне тапсырма берген болатын.

Жарлықта 2020 жылы қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын (бұдан әрі – Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы) дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру;

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспарын бекіту; 

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейін кешенді жаңғырту жөнінде қажетті шараларды қабылдау;

2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізу;

Абай Құнанбайұлының еңбектерін кең таралған негізгі шет тілдеріне сапалы аударуды жүзеге асыру, басып шығару және халықаралық ілгерілету жөнінде қажетті шаралар қабылдау; Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын Біріккен Ұлттардың Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) мен Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы (ТҮРКСОЙ) аясында мерекелеуді ұйымдастыру жөніндегі мәселені пысықтау туралы жазылған болатын.

Сондай-ақ үстіміздегі жылдың 9 қаңтарында ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың  «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы жарияланды. Мемлекет басшысы «халқымыздың ұлы перзентінің мерейтойын лайықты атап өту үшін арнайы құрылған комиссия дайындық жұмыстарын бастап кеткенін, мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып отырғанын» айтып, тарихи мерзімнің маңыздылығын атап өткен болатын.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?