Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

#Түрік әлемі: әскери атақтар ІІ

3879
#Түрік әлемі: әскери атақтар ІІ  - e-history.kz
«Qazaqstan tarihy» порталы оқырмандады көшпенділердің әскери құрылымы мен жүйесін сіздерге таныстыруды жалғастырады. Көшпенділер мен Еуропа елдерінің әскери ұқсастықтары

Шыңғыс хан мен оның ұрпақтарының садақпен қаруланған атты әскерінің атауы қандай болатынын сіздерге ұсынамыз

Ноян

Моңғол тілінде «ноеон» сөзі  мырза деген мағына береді. 11-12 ғғ. - ақсүйек рубасылар, 13-14 гг. - ханзадалар, мыңбасы, жүзбасылар, 14-17 ғғ. - феодалдар, 17-20 ғғ. - әртүрлі жоғары шенді әскерилер ноян деп аталған.  Кезінде бектер мен әмірлерді де ноян деп атаған.

Нөкер

Монғол тілінде «дос», «жолдас» дегенді білдіреді. Нөкер ақсүйектерге қызмет етуші жасақшылар. Соғыс кезінде олар жауынгер қызметін атқарған. Бейбіт кезде - күзетші, сарай қызметкері болып қызмет етті.  

Бектеміс немесе Беклеміш

Радлов пен Будаговтың сөздіктерінде бұл сөзге «түнгі күзет бекетінің бастығы» деген анықтама берген.

Алпауыт немесе Алпағүт

Көне түркілік әскери шенді білдіретін атау.  Түркі сөздігінде бұл сөздің мағынасы жаужүрек батыр дегенді білдіреді. Күлтегін жырында дәреже, шен дегенді білдіретін алпағу деген сөз кездеседі.

Шерік - сарбаз, жауынгер дегенді білдіретін көне атау. Махмұт Қашғари сөздіктерінде жиі қолданылған. Бертінге дейін әскерді ауызекі тілде жұрт шерік деп атап келді.

Сыпай

Энциклопедиялық сөздікте сыпа немесе сыпай - мемлекеттік істегі ел басшысы, иесі; әскери шендегі қызметкер, жауынгер деп көрсетілген. Хинди және урду тілдерінде жалдамалы жауынгерін "сипай" деп атаған. Сондай-ақ, Османлы түрік империясында да «сипай» (сипах, спах, спахи, спаги) секілді әскери термин болған.

Ләшкер, ласкер немесе ғаскер

Қазақ тілінде "қарулы жасақ, қарулы күш, жауынгер, жасақ деген жалпылама сипаттағы термин. Бүгінгі армия сөзінің негізгі синонимі ретінде қолданылады

Уақыт өте келе мұндай түркілік атақтар ел санасынан өше бастады. Әсіресе «ақташы», «табашы», «бұлғаршы» секілді жекелеген атаулар айналымнан өте тез шығып қалды. Оның орнына жалпылық ұғымды білдіретін "сардар" және "сарбаз" атаулары шықты. Яғни кез келген жауынгерлік жасақтың мүшесі мен жеке жауынгерлер жалпы түрде «сарбаз», жасақ, топ (ондық, жүздік, мыңдық т.б) басшысын «сардар» деп атау дәстүрі пайда болды.

Серікбол Қондыбайдың ойынша, бұған 18-19 ғасырлардағы саяси жағдай әсер еткен. «Сардар мен сарбаз - қазақ дәстүріндегі соңғы, мемлекетсіздік заманының ұғымдары. 18-19 ғасырларда қазақ мемлекеттіктен біржолата айырылып болды. Соған сәйкес тұрақты әскер ұстау немесе кәсіби жауынгерлік ғұрпы жоғалды. Көне әскери атаулар да ұмытыла бастады. Қазақта халық атынан сардар атағын алған белгілі тұлға – Амангелді Иманов. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі кезінде Амангелді сардардың сарбаздары ондық, жүздік, мыңдықтарға бөлінген, оларды онбасы, жүзбасы, мыңбасылар басқарған, жалпы әскерді сардар, яғни Амангелдінің өзі басқарған», - деген пікір айтады.

Бірінші бөлімі: Көне түріктік әскери атақтар

Бір қызығы, «сардар» сөзі біраз елдердің сөздік қорларында кездеседі екен. Османлы империясы тұсында армия қолбасшысына  «сардар» лауазымы беріліпті. Ағылшын колониясына түскенге дейін Мысыр армиясының қолбасшысында осылай атаған. Сол секілді Иран, Ауғанстанда тайпа басшылары мен ықпалды шенеуніктер сардар аталады екен әлі күнге дейін.

Айтпақшы, полк, гайдамак, гусар секілді қазіргі әскери терминдердің негізінде түркілік ұғым жатқанға ұқсайды.  Автор «Жауынгерлік рух кітабы» кітабында бұл жайлы терең талдау жасайды. «Бұлық» сөзіне Бабырнама жырында әкімшілік территория, бөлік деген мағына беріледі. Бұл сөз, қыпшақ -половец не Алтын Орда дәуірінде орыс - украин тілдеріне "полк" түрінде ауысқан. Әрі осы тілдердегі әскери құрылымның басты аталымына айналған. Полк сөзі Ресейде 13-17 ғасырлардағы қимыл көрсетуші қосынның әскери ретінің, орналасуының бөліктерінің атауы болып есептеледі. Бүкіл әскер, қосын әдетте 5-7 полктен тұрған: үлкен, алдыңғы, оң, және сол қанат (қол), күзетші, тосқауылдағы полктер және барлаушы полк (ертоул). Бұл әскери тәртіп орыстарға, сірә, көшпелілерден ауысқан. Полк типіндегі әскери бөліктер Ресейде де, Европада да (Германия, Франция, Швеция) 16-17 ғасырларда пайда болды», дегенпайым айтады.

Сол секілді «гайдамак» сөзінің түбінде көне түркінің айдамақ ұғымы жатыр. С.Қондыбайдың анықтамасы бойынша «гайдамак» атауы  18 ғасырдың 2-жартысындағы (1734, 1750, 1768 жж) Украинаның Волынь, Батыс Подолия аймақтарындағаы халық-азаттық қозғалысына қатысушының атауы. Османлы түріктерінің әскерінде мал айдаушылардың бөлімшелері gaidamak дeп aтaлғaн. Сонымен қатар, бұл сөз түрік тілінде шабуылшы деген мағына береді екен.

Гусар

Венгр тілінде huszar (құстар) деп аталады.  Атты әскердің (кавалерияның) бір түрі. Ең алғаш рет 1458 ж. Венгрияда ақсүйектер ерекше атты жасақтарының атауы ретінде пайда болды. 16 ғасырда бұл термин мен әскери бөлік типін поляктар өз әскеріне қабылдады. Поляктар "гусарлар" деп ақсүйектерден құралған ерекше ауыр атты әскерін атаған. Тұрақты гусар полктері 17 ғасырдың аяғы, 18 ғасырдың басында Франция, Австрия және Пруссияда құрылып, жау тылы мен фланглерінде ұрыс қимылдарын жүргізетін, барлау жасайтын және қашқан жаудың ізіне түсетін жеңіл атты әскер жасағы ретінде пайдаланылды. Гусарлар бұлықтары өз маңызын 19 ғасырдың ортасына дейін сақтап келіп, атты әскерлер арасындағы айырмашылықтың жойылуына байланысты жойылды, ал гусар атауы кейбір әскерде тек дәстүрге сабақтастық ретінде сақталынып қалды.

Ұлан

 13-14 ғасырларда Шыңғыс хан мен оның ұрпақтарының қарулы күштерінде «ұлан» деп садақпен қаруланған атты әскерлерден ерекшеленетін ілмекті найзамен қаруланған атты әскерлерді атаған. Қазіргі таңда бұл сөзбен жеңіл кавалерияның бір түрін айтады. Бізде гвардия ұлан деп аталады.

18 ғасырда ұлан полктері Австрия мен Пруссияда, 19 ғасырдың басында Францияда құрыла бастады. Ресейде алғаш рет рет 1803 жылы құрылған.

Уландар негізінен қылыш пен ілмекті найзамен қаруланған. Кейінірек пистолет ұстаған. 19 ғасырдың ортасынан бастап олар карабинмен жарақтала бастаған. Олардың киім-кешегінің ерекшелігі орыс тілінде "уланка" деп аталған төбесі квадрат пішінді бас киім болған. Автор мұны ноғайлардың ("татарлардың") бас киімінің негізінде шыққанын айтады.

Жалғасы бар...

 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?