Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Тұрардың тұлғасы

3060
Тұрардың тұлғасы - e-history.kz
Тұрар Рысқұлов заманында екі мемлекетті басқарған дара тұлға.

Түркістан Республикасының атқару комитетінің төрағасы болып тұрғанда Лениннің алдына барып, Түрік Республикасы компартиясын құру туралы ұсыныс жасайды. Бұл ұсынысы қабылданбаған соң, қызметтен кетеді.

Содан 1920 жылы 1-8 қыркүйекте Бакыде (Баку) болған шығыс халықтарының бірін­ші съе­зіне қатысып, партиялық фракцияны басқарды. Сонда бірінші болып Шығыс пен Батысты біріктіру қажеттігін айтады. Ресей мен Әзірбайжан арасындағы дипломатиялық қатынасқа үлес қосқанын да айта кетуіміз керек. Халықтық комиссариатта қызмет етіп жүргенде, Әзірбайжанға барып, Әзірбайжан компартиясының үшінші съезінде сөз сөйлейді. Сонда есептесек, Ататүрік­тен үш жыл бұрын Түрік Республикасының түрік компартиясын құруды ұсыныпты. Ал Ататүрік Түрік Республикасы деп атады. «Правда» газетінде жариялаған мақаласында Еуропа мен Азия хал­қын бір-біріне қарама-қарсы қоймауды жазады. Шетелге студенттерді жіберу туралы айтайық. Мысалы, қазіргі «Бола­шақ» бағдарламасы. Ол кезде Еуропаның ішінде дамыған мемлекет Германия болатын. Сол уақыт­тың өзінде Түркістан Республикасынан Герма­ния­ға барып, студенттер білім алды. Бұл туралы «Наши студенты в Германии» атты мақаласын жазады. Өзі Берлинге барып, кімнің қалай оқып жатқанын тексеріп қайтады екен. Ал Қайта құруды 1928 жылы айтып кеткен. «Перестройка общественного питания» деген монографиясы бар. 1931 жылы шыққан. Кейін соны қайта құру деп Горбачев қайталады. Кедендік одақты құруды 1923 жылы ұсынған. Иран мен Түркістан Республикасы арасында Кедендік одақ құру туралы ұсыныс айтып, кейін Рысқұлов пен Я.Рудзутак қаулы шығарады. Бұл Кедендік одақ Иран жон-жотасы, Парсы, Оман-Парсы шығанағында көлік экономикалық даңғыл дәліз ашты. 1923 жылы Хиуа, Бұқара, Түркістан Республикасы­ның арасында экономикалық одақ құрады. Лениннің экономикалық саясатын Түр­кістан Рес­публи­касында іске асырып, Мырза­шөл сияқты жерлерді жалға беріп, жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС), қазіргі орта және шағын биз­нес­ті сол кезде қолға алған. Шетелге шикізатты шығармай, экспортқа оның өнімін шығаруды көз­деген. Қазір Қытайға, Ресейге шикі мұнайды жөнелтіп жатырмыз, ал мұнай өңдеу зауыттарын ашу қажеттігін ол кісі сол кезде-ақ айтқан. Бұдан Тұрар Рысқұловтың экономика мәселесін бірінші орынға қойғанын көреміз. 

1928 жылы Геология комитетінің құрылуы қазба байлықтарының ашылуына мүмкіндік жасады. 1991 жылдан кейін бір кен орны ашылған жоқ. Қазақстанның үшінші астанасы – Алматы қаласы Тұрар Рысқұловтың ұсынысымен пайда болды. Солтүстік Қазақстанда астық егуді 1928 жылы көтерген еді. Ол болжамы тың игеру кезінде іске асты. Үлкен қалалардың айналасында, әсіресе, өндірістік қалалардың айналасында қосал­қы шаруашылықты дамытуды көздеген. Қазіргі «Азық-түлік белдеуі» (Жерде белдеу болмайды. Сиырда табын болмайды. Сиыр жылқы сияқты шөпті қардан аршып жемейді). 

Тұрар Рысқұлов жоғары оқу орны (ЖОО) мен тех­никалық учи­лищелердің қалыптасуына ұлан­ға­йыр үлес қосқан. 1928 жылы Қазақ университе­тін ашқан. Санжар Асфендияров сол оқу орнының бірінші ректоры болды.1929 жылы Қазақтың ветеринар­лық институты, 1930 жылы Қазақ ауыл шаруашы­лығы институты, 1932 жылы Орал педагогикалық институты, 1927 жылы Теміржол техникумы ашылады. Бішкек пен Алматыда сейсмикалық стансаларды салдырады. Қапшағай ГЭС-ін салу қажеттігін 1927 жылы айтқан, ол кезде Іле ГЭС-і деп аталатын. 1926 жылы Мәскеуде ұлттық мәселені – ұлттық республикаларды, өлкелерді индустрияландыруды бірінші болып көтерген. Қазақстанда индустрия­ландыру Түрксіб теміржол магистралінен бас­талған. Түрксіб теміржол ма­гис­тралі Орталық Азияда экономикалық, транс­порттық даңғыл дәліз ашты. 1923 жылдары Ана тілін дамыту бойынша Түркістан Республикасында арнайы қаулы қабылдаған. Кейін ол бастама 1926-1927 жылдары қайталанып отырған. 1924 жылы коммунистік интернационалда орта шығыс елдері бөлімін басқарады. Сол кезде Шығыс ең­бек­керлерінің коммунистік университетін (КУТВ) ашады. 1924 жылы сол университетке Қы­тай экономикасының реформаторлары Дың Шиау Пиң мен Жун Ләй келеді. 1925-26 жылдары Тұрар Рысқұлов Моң­ғолияға барады. Моң­ғо­лия партиясының ұста­нымы мен бағдар­лама­сын жазып береді, ұлттық валютаны енгізеді. 1925 жылы Бейжіңге барып, Моңғолия мен Қытай ара­сындағы дип­лома­тиялық қатынасты жақсар­тады. Ол жаққа Қазақбаев деген фамилиямен ба­рады. Осы ретте қоғамтанушыларға Рысқұловтың дип­ло­матиялық еңбегін зерттеу қажет. Қазір Батыс Еуропаға транспорттық экономикалық даң­ғыл дәліздің ашылуы Тұрар Рысқұлов пен Г.Кржи­жанов­скийдің бастамасымен байланысты. Азов теңізі, Қара теңіз арқылы Батыс Еуропаға эконо­ми­калық, транспорттық даңғыл жол ашылады. Бұрынғы патша жолы керуен жолдардың ізімен, ал Жаңаөзен, Қызылқия, Горган бұрынғы түйе керуен жолдарының ізімен салынған. 1926 жылы Тұрар Рысқұлов Орталық Комитеттің хатшысы В.Молотовтың қол қоюымен РСФСР Совнарком председателінің орынбасары болып тағайын­далған. Ресей Федерациясында қызмет атқарған жылдары бүкіл экономикалық блогты, ұлттық мәселені басқарып отырған. Аз ұлттарды қам­қорлыққа алуды Тұрар Рысқұлов 1928 жылы көтереді. Бұл идея қазіргі – Қазақстан халықта­рының Ассамблеясы. Мәдени мұраны, көне ес­керткіштерді қорғау туралы 1923 жылы Қаулы қабылдаған. Үзіліссіз өндірісті дамытуды 1923 жылы, Ауыл шаруашылық және мүгедектер қорын дамытуды 1927-30 жылдары көтерген. Рысқұлов әлемдік, одақтық, орталықазиялық, ресейлік деңгейдегі адам. Дүниежүзілік, ком­мунис­тік интер­на­цио­­налдың бел­сенді қай­­рат­кер­лерімен бір­ге қызмет істеген. Жапон ком­му­нистік пар­тиясы­ның хатшысы Сэн Ка­таяма, қы­тай­ Ван Мин, бол­гар Ва­силь Ко­ла­ров, Димитриев, Попов, Тановтармен қатынаста бол­ған. 1935 жылы Жо­ғары Совет пре­зи­диумы­ның председа­телі Калининге кіріп, Қазақ­стан – Қырғыз­стан ав­тоно­миялық республикасын одақ­тық рес­пуб­ли­каның дәре­же­сіне жеткізуді мә­селе етіп қояды. Осы ойымызды Сталинге жеткізіңіз дей­ді. Бұл туралы ма­ған Тұрар Рыс­құ­лов­тың жұбайы Әзиза Тү­бек­қызы айтып бер­ген еді. 

Дат
Тұрар Рысқұловтың мемлекеттік, экономикалық, экологиялық, әлеуметтік-философиялық, жасыл экономикалық, түріктік, мұсылмандық еңбектерін жан-жақты баяндайтын Мәскеу, Ташкент, Бакы, Уфа, Қазан, Бішкек, Солтүстік Америкада, Еуропадағы құнды монографиялары, архивтік материалдары, кемінде 20 том болатын еңбектері сарғайып жиналмай жатыр. Осыған байланысты 125 жылдығына орай, Қазақстан мен Ресей үкіметі бірлесіп, ортақ қаулы шығару керек. 125 жылдығында дүниежүзілік дәрежеде ғылыми-теориялық конференция өткізіп, «ЖЗЛ» сериясымен Тұрар Рысқұлов энциклопедиясын шығару, одан соң ғылыми-танымдық экспедиция жасақтау, туған жері, жұмыс бабымен болған Бейжің, Ұлан-Батор, Новокузнецк, Саратов, Астрахан, Сталинград, Магнитогорск, Новосібір, Петербург, Мәскеу, Берлин, Ташкент, Бішкек, Ферғана, Бакы қалаларын аралап, экспедициялық танымдық саяхат ұйымдастыру қажет. Астанада, Алматыда монументалды ескерткіші болу керек. Реформатор тұлғаның еңбектерін толығымен жинап, бүкіл Орталық Азияның, Ресейдің, түркітілдес елдердің құнды еңбектеріне айналдыру, әсіресе, әлемдік деңгейде, орталықазиялық, одақтық, ресейлік масштабта насихаттау процестері мүлде қолға алынбауда. Ұлы тұлғаларды, таланттарды, іскер мамандарды бағалау тұжырымдамасының жоқтығынан, ұлы бастамалар өз деңгейіне жетпей қалып жатыр. Тұрар Рысқұловтың осы күнге дейін саяси портреті жоқ дейміз, еңбегі шықпаса, портрет қайдан болсын? Тіпті Тұрартану орталығы да, жеке музейі де жоқ. Ал еңбегін шығару үшін мемлекеттік қаулы мен демеушілер керек. Магис­транттар мен докторанттарға арнаулы тақырып беріп, зерттеу қажет. Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің мәртебесін мемлекеттік, ұлттық университеттің дәрежесіне көтеріп, ғылыми оқу орталығына айналдыру керек.

Ұлтжанды

1937 жылы 21 мамырда Кисловодскіде демалып жатқан же­рі­нен таңғы сағат 6-7-де НКВД-ның қыз­меткерлері Тұрарды 3 томдық еңбегімен бірге алып кетеді. Әйелі Мәскеуге келіп, өздері тұрған үйге барса, есікке адам кіруге болмайды деген қағаз жабыстырып, мөр басып кетіпті. Сонан соң ол бірінші Калининге кіреді. Калинин екі бөлмелі пәтер бергізеді. Одан кейін Әзиза Түбекқызы қамауға алынады. Он жыл уақы­тын Карлагта өткізеді. 1988 жылы қайтыс болды. Тұрар Рыс­құлов­тың өзі 1956 жылы ақталады. 

Молдияр Серікбаев, ҚР аймақтық геологиялық 
картографиясының ардагері



Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?