Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Солтүстік Қазақстан жерінде жасақталған әскери және олардың ірі шайқастарға қатысу

2727
Солтүстік Қазақстан жерінде жасақталған әскери және олардың ірі шайқастарға қатысу - e-history.kz
Осыдан жарты ғасырдан астам уақыт бұрын, бүкіл еліміздегі сияқты, Солтүстік Қазақстанның ұлдары мен қыздары отан ананы фашизм апатынан қорғау үшін майданға аттанды.

Осыдан жарты ғасырдан астам уақыт бұрын, бүкіл еліміздегі сияқты, Солтүстік Қазақстанның ұлдары мен қыздары да ата-ана туған туыс, дос-жарандарымен қош айтыса отырып отан ананы фашизм апатынан қорғау үшін майданға аттанды. Соғыстың алғашқы екі жылының өзінде ақ облыс әскери комиссариаттары 70 мыңнан атсам адамды Қызыл Армия қатарына шақырып үлгерді. Олар соғысқа не үшін бара жатқанын терең түсінді және басқыншы жауды жеңетіндеріне кәміл сенді.

Осынау солтүстік қазақстандықтар барлық майданда болып, Ұлы Отан соғысындағы аса ірі шайқастарға, атап айтқанда Брест пен Смоленск түбіндегі, Москва мен Ленинград түбіндегі, Сталинград, Тула, Орелдағы, Курск доғасы мен Днепр, Белоруссиядағы, Шығыс Европа елдері мен Германиядағы, Манджурия мен Қиыр шығыстағы тағы басқа сұрапыл шайқастардың бәріне қатысты. Қурлықта да, теңізде де, әуеде де ерлік пен қаһармандықтың үлгісін көрсетті. Ұлы жеңіске үлкен үлес қосты. 17 адам Совет одағының Батыры атағына не болды

Алайда бұл соғыстың бүкіл еліміз сияқты, солтүстікқазақстандықтарға да әкелген қайғы-қасыреті аз болған жоқ. Ол сан мыңдаған адамның жүрегіне жазылмас жара салды. Облыс бойынша 32 мың жауынгер соғыстан қайтып оралмады. Гитлерлік Германияның елімізге тұтқұйылдан соғыс бастағанын ести сала бүкіл кеңестер одағының халқы бар күш-жігерін Отан қорғау ісіне жұмылдырды.

1941 жылдың маусымында – ақ Петропавл қаласының барлық өндіріс орындарында, құрылыс мекемелері мен оқу орындарында мыңдаған еңбекшілердің қатысуымен митингілер мен жиналыстар болып өтті. Петропавлдықтар еліміз халықтары мен бірге қатыгез жаудан өз Отандарын қорғауға көтерілді.Сол уақытта болып өткен бір митингіге қатысушылардың қабылдаған шешімінде: «Біз партия мен үкімет шақыра  қалған сәтте-ақ, станоктардағы жұмыс орнымызды қолымызға қару алып, әскери қызметке ауыстыруға дайынбыз!», - деп жарияланды

Соғыстың  алғашқы күндерінде-ақ қалалық әскери комиссариатқа жүздеген ерікшілерден майданға аттандыру туралы өтініштер келіп түсті. Бірінші болып Қызыл Армия қатарына әскери мамандығы бар, тәжірбиелі: запастығы командирлер мен саяси жетекшілер, коммунистер мен комсомол мүшелері шақырылды. Бір аптаның ішінде Петропавл қаласынан әскери авиацияға, танк және жаяу әскери бөлімшелеріне мыңдаған адамдар аттанып кетті. Қалалық партия мен комсомол комитеттерінің жолдамасымен көптеген коммунистер мен комсомол мүшелері әскери училищелер мен полк жанынан құрылған даярлау мектептеріне оқуға жіберілді.

Петропавл қаласында жаңадан әскери бөлімшілер құрамалары құрыла бастады. Тез арада жеке атқыштар батальоны құрылып, іле-шала майданға аттандырылды.

Ленинград қаласын қорғау Ұлы Отан соғысының тарихынан айрықша орын алды. Жау Ленинград қаласына бір миллионнан астам адамнан тұратын күшпен  шабуыл жасады, оларда 17 мыңнан астам зеңбірек пен миномет, 1500-дей танк және 2 мың самолет болды Ленинград 900 күн бойы қоршауда тұрды. Қаланың жүздеген тұрғындары мен қорғаушылары қаза тапты, олардың басым көпшілігі алғашқы ең ауыр ашаршылық күндерінде және қоршаудағы суық кезінде  көз жұмды. Осындай қиын-қыстау күн таяп, Ленинград қаласына қара бұлт төнген кезде  Ленинградтықтарға Қазақстанда жасақталған 310, 314-атқыштар дивизиясы көмекке барады. 310 атқыштар дивизиясы 1941 ж. шілде айында Ақмолада құрылған. Ал 314 атқыштар дивизиясы Петропавлда құрылып, қалада құрылған ең ірі құрама болып тарихта қалды. Дивизияның құрамына негізінен Петропавл қаласының өкілдері алынды. Өнеркәсіп пен транспорт орындары дивизияны материалдық ресурстармен, транспортпен, киім-кешекпен және тамақпен қамтамасыз етті. Дивизия құрамында Солтүстік Қазақстан облысының еңбекшілерінен басқа, Қостанай, Көкшетау, Ақмола, Павлодар облыстарының тұрғындары болды. Дивизия басшылығы мен саяси жетекшілер қалалық партия ұйымдарының көмегімен жауынгерлердің әскери жаттығуларына, саяси шыңдалып, патриоттық тәрбие алуына көп күш салды. Дивизия командирі генерал-майор А.Д.Шеменков еді.

Дивизия штабын – полковник В.И.Кувшин, ал дивизия полктерін – А.А.Мироненко, В.П.Томашевич, Я.С.Скачков және П.Ф.Ивашко басқарды. Бұлар тәжібиелері мол, өз кезіне сай әскери дайындықтан өткен жандар еді. Дивизияның әскери комиссары болып М.М.Мартыненко тағайындалды.

Ал оның саяси бөлімінің бастығы И.Куценко болды. Құрама штабының саяси бөлімінде және басқада әскери бөлімдерде саяси-тәрбие жұмысын жолға қоюға облыстан партия ұйымдары жіберген коммунистер мен комсомолецтер ерекше рөл атқарды. Жергілікті партия ұйымдары жаңадан жасақталып жатқан құрамаға 1800 коммунист пен комсомолецті жіберді Бұлар әскери тәртіпті нығайтып жауынгерлерді патриоттық және интернационалдық рухта тәрбиелеу жолында орсасан зор жұмыстар жүргізді. Советтік Отанды қорғаудағы әр жауынгер мен командирдің міндеттерін терең түсіндіріп, оларды ауыр жылдарға төтеп беруге баулыды. 1941 жылғы 4 тамызда дивизия жасақталып болып, ендігі жерде  жауынгерлерді әскери өнерге  үйрету, соғыс жағыдайына жедел жаттықтыру жұмысы қызу қолға алынды. 1941 жылдың тамыз айының аяғында 314 атқыштер дивизиясы Солт-Батыс майданға аттандырылды. Тамыз айының аяғында Тихвин қаласының маңынан бір-ақ шықты.314-дивизияның бөлімдері Свирь өзенінің бойындағы Лодейное Поле қаласының маңына 7 қыркүйекте орналасып, генерал В.Д.Цветаевтің 7-армиясының құрамына қосылды. Бұл кезде жау Ленинградтың Ладога көлі маңындағы жалғыз ашық байланыс жолын кесіп тастауға ұмтылып қауіп төндіріп тұр еді. Оңтүстік жақтан неміс әскерлері шабуыл жасаса, солтүстіктен, Онега-Ладога мойнағы тұсынан фин әскерлері шабуыл жасады. Финдер Гитлердің одақтасы ретінде Россияның, көп жерін олжалағысы келіп еді. Бұл кезде финдер Лодейное Поле қаласының маңында Свирь өзенінен өтіп, Ладога көлінің оңтүстігінде шабуыл жасап келе жатқан өздерінің одақтасы- неміс әскерімен қосылғысы келді. Олардың бұл мақсатын жүзеге асырмау үшін совет командованиесі шұғыл шаралар қолданды.

Свирь өзеніне таяу жердегі Заостровье станциясында эшелоннан түскен 314-дивизияның бөлімдері өзеннен өтпек болған фин әскерлерімен шұғыл түрде шайқасқа түсті. Ұрысқа кіріскен осы күндерде дивизияның полктеріне ұзындығы 130 километрлік шепте қорғаныс ұрыстарын жүргізуге тура келді. Кейіннен қыркұйектің аяқ кезінде өздерінің көмекке келген 21 және 114-дивизиялардың арқасында 314-дивизияның қорғаныс шебі 30 километр ғана болып қалды. Свирь өзенінің бойында Совет жауынгерлерінің фин әскерлерімен жүргізген табанды ұрыстары финдердің неміс әскерлерімен қосылуы жөніндегі жоспарын жүзеге асыртпай тастады. Сөйтіп финдерге қарсы бағытта яғни Ладога көлінің  оңтүстігінде ұрыс жүргізіп жатқан неміс корпусының жағдайын жақсарту үшін Свирь өзені маңында қайткенде де біздің әскерлердің шебін бұзып өтуді талап еткен неміс  командованиесінің дегені орындалмады. Дивизия бөлімдерінің бәрі бұйрықты бұлжытпай орындай отырып, ерекше табандылық көрсетті.

Құрама басшыларының Солтүстік Қазақстан облысының еңбекшілеріне жолдаған есебінде көрсеткендей алғашқы бес айдың ішінде дивизияның 160-тан астам жауынгері мен офицерін шайқаста айрықша көзге түскені үшін-үкімет наградаларына ұсынды. Олардың ішінде 1941 жылғы 16 желтоқсанда өз денесімен жау пулеметінің үнін өшіріп, өз өмірін құрбан ету арқылы қарулас жолдастарын құтқарып қалған атқыштар бөлімінің командирі Н.И.Сафронов, телефоншы К.Қайықпаев, Пресновкада туып-өскен коммунист М.И.Ралдугин бар еді.

Басқада құрамалар сияқты 314-дивизияда да 1941 жылдың күзінде мергендер қозғалысы кеңінен өрістеді. Оны бастаған Солтүстік Қазақстан Облысындағы Степан Разин атындағы ауыл шаруашылық артелінің бұрынғы колхозшысы, 1074-атқыштар полкының қатарындағы жауынгері Г.П.Зубаков болды. Бұдан кейінгі ұрыстарда құрама жауынгерлері ерлік көрсетіп отырды. Мысалы, бір жау шабуылына тойтарыс беру кезінде аға сержант Нарутдинов, жауынгерлер Жүсіпов, Қалиакпаров, капитан Мухамедшенов және басқа да ондаған жауынгерлер ерекше көзге түсті. Олар өз өмірлерін қия отырып, фашистердің шепті  бұзып өтуіне мүмкіндік бермеді. Бұл жөнінде соғыстан кейін неміс генералы К.Типпельскирх «Екінші дүниежүзілік соғыстың тарихы» атты еңбегінде фин армиясының немістердің тапсырмасын орындай алмағанын мойындайды. Ал екінші бір неміс генералы Бутлар естелігінде жоғарыда айтылғандарды қуаттай келіп: «Жазғы науқанның ортасында Свир өзеніне қарай финдердің шапшаң жылжығанына қарамастан бұл маңда неміс әскерлерімен қосылуының сәті түспеді» - деп жазды.

1944 жылы Ораниенбаунның оңтүстігінде 2-Екпінді армияның құрамында 314-дивизияның полктері шабуыл жүргізді. Дұшпанның табан тірескен қарсылығын баса отырып, дивизияның бөлімдері 1944 жылғы 1 февральда Кингисепп қаласын азат етіп,  Нарваға шықты. Құрамаға «Кингисепптік дивизия» деген құрметті атақ берілді.

1944 жылдың жазында Ладогадан фин шығанағына дейін Ленинград майданы әскерлерінің құрамында 314-дивизияда шайқас жүргізді.

Мыңдаған петропавлдықтар Москва түбіндегі шайқаста даңқы шыққан 8-ші гвардиялық Панфилов дивизиясының сапында ерлікпен соғысты. Қала басшылығы дивизия командованиесімен тығыз байланыс орната білді. Құраманың делегациясы Петропавлға келіп, қала еңбекшілерімен кездесулер ұйымдастырып, жауынгерлердің ерліктері жайында әңгімелеп беріп отырды. Майдан мен тылдың осындай тығыз баери жаттығуларынлерді отан сүйгіш тікке баулуда орасан зор роль атқарды.

Көптеген петропавлдықтар Ленинград, Сталинград майданында, Курск доғасындағы шайқастарда ерлікпен соғысты. 314-атқыштар дивизиясы Ленинград қаласын қоршаудан азат еткен соң 1944 жылдың күзінде Польша жерінде аяқ басты. Ол мұнда 1-Украина майданы әскерлерінің құрамында ұрысқа түсті. 1945 жылғы 14 январьда 314-атқыштар дивизиясы шайқаса отырып 248 километр ілгері кетіп, Нида, Бела, Черна, Брыница, Одер өзендерінен өтті, 18 қаланы, 26 темір жол станциясын және басқа да 263 елді мекенді жауан тазартты. 1945 жылдың наурыз айында 314-дивизия Козель (Козле) қаласын және Леобщюцті (Глубчище) шабуылмен алып, гитлершілдердің Оппелнь тобын талқандауға қатысты.Осы ұрыстан соң Солтүстік Қазақстандық құрама II  дәрежелі Кутузов орденімен наградталды.

II  дәрежелі Кутузов өрденді 314-Кингиспптік атқыштар дивизиясы Чехословакияның Солтүстік аудандарында жорық жолын аяқтады.

Қорыта айтқанда Солтүстік Қазақстанда құрылған бұл дивизияның жауынгерлері Ленинград қоршауын бұзу, Ленинград-Новгород және Прага бағыты сияқты шешуші операцияларға қатысты. Құрама бөлімдерінің бұл шайқастарда көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы Жоғарғы Бас Қолбасшының бұйрығында 7 мәрте атап көрсетілді.

Зұлпыхарұлы С.

(М.Қозыбаев атындағы СҚМУ)

Әдебиеттер:

1.  История Казахстана:белые пятна.А.;Қазақстан,1991-85 б.

2.  Қозыбаев М.К.Қазақстан қаһарлы жылдарда.А.;1985-18 б.

3.  Қозыбаев М.К.Казакстан-арсенал фронта.А.;1970-35 б.

4.  Североказахстанцы в годы  ВОВ (1941-1945) Петропавловск.;1990-45 б.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?