Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақстанның 2050 жылдарға дейінгі сыртқы саясаты ел болашағының негізі

3760
Қазақстанның 2050 жылдарға дейінгі сыртқы саясаты ел болашағының негізі - e-history.kz
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың “Қазақстан -2050 Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” атты Қазақстан халқына Жолдауынан

(Қазақстан  Республикасының Президенті – Елбасы  Н.Ә. Назарбаевтың   “Қазақстан -2050 Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің  жаңа саяси бағыты” атты  Қазақстан халқына Жолдауынан)

7b0e84884b47f936366e166e17800a35.jpg

 Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  2012 жылдың  14 желтоқсан күні Қазақстан халқына арналған  “ Қазақстан -2050 Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің  жаңа саяси бағыты”  атты Жолдауын жариялап, онда ХХ ғасырдың соңындағы қабылданған “Қазақстан-2030 Стратегиясының ”орындалуына талдау жасалынды.  Яғни, Н.Ә.Назарбаевтың атап көрсеткеніндей: “...2030 Стратегиясында  белгіленген негізгі міндеттер  орындалды, қалғандары орындалу үстінде. ... Бүгінгі күні  біздің әрқайсысымыз  “2030 Стратегиясы іске асты, заманауи Қазақстан  орнықты” деп айта аламыз. Бұл-біздің бірлігіміздің, табанды да қажырлы  еңбегіміздің  нәтижесі, ұмтылыстарымыз  бен үміттеріміздің  жанды көрінісі” [1.2].Осыған орай жаңа ЖолдаудаҚазақстанның  ХХІ ғасырдың ортасына дейінгі кезеңдегі саяси, экономикалық, әлеуметтік дамуының  жолдары айқындалды.  Онда: “Ел  20 жыл бойы  егемендігіміз бен саяси  салмағымызды  нығайтуға жұмыс істеді. 20 жыл өткен соң  бұл мақсатқа қол жетті Қалыптасу кезеңі табысты аяқталды. Қазақстан ХХІ ғасырдың басында  тәуелсіз әрі өзіне сенімді болып отыр.  ... Біздің ендігі міндетіміз –егемендік жылдары қол жеткізгеннің барлығын сақтай отырып ХХІ ғасырда орнықты дамуды  жалғастыру.

  Біздің мақсатымыз  - 2050 жылға қарай  мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың  және жалпыға ортақ  еңбектің негізінде  берекелі қоғам құру”[1.1]-делініп, мемлекетіміздің тәуелсіздік жылдарындағы өткен кезеңіне   талдау жасалынды, ХХІ ғасырдың ортасына дейінгі атқарылар міндеттер жарияланды. Яғни, 20 жылдық тәуелсіздік уақытындағы жеткен табыстарымызға  талдау жасайтын болсақ, осы тұрғыда Елбасы: “... Жан басына шаққандағы  ішкі жалпы өніміміз 16 есеге өсіп, 12 мың долларға жетті.  Бұл біздің Түркиямен, Малайзиямен  Шығыс Еуропа мемлекеттерімен  тереземіз тең болды деген сөз.

  Индустрияландыру картасының аясында  жалпы құны 9,6 триллион теңге болатын 600-ден астам  жоба жүзеге асырылуда.  Бұл біздің жастарымыз үшін 370 мың жаңа жұмыс орнын береді. 

  Қазақстанды бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосу туралы  тапсырма бердім.  Дүниежүзілік  экономикалық форум мәліметтеріне жүгінсек, соңғы бір жылда  Қазақстан 21 сатыға көтеріліп, 51 орынға шықты”[2],-деп көрсетті.

   Тәуелсіздік мерзіміндегі  еліміздің экономикалық бағыттағы  осындай ірі табыстарының кепілі- көпұлтты тұрғындардың  Мемлекетіміздің Басшысы  Н.Ә.Назарбаевтың  жүргізіп отырған  саясатын толығымен қолдап, осы бағыттағы қабылданған жоспарлар мен бағдарламаларды орындауға бір кісідей ат салысып отырғандығының нәтижесі екендігі баршаға айғақ.

  Аталған мазмұндағы Қытай Халық  Республикасының бұрынғы Төрағасы Ху Цзиньтаоның жазуынша: “...Қазақстанда қазіргі күні  берік саяси тұрақтылық, қарқынды  әлеуметтік-экономикалық даму,  халық тұрмысының  үздіксіз жақсаруы және де  елдің  халықаралық сахнадағы  беделінің үнемі  нығаюы байқалады” [3].

   Шындығында да  егемендік мерзіміндегі  еліміздің  жемісті ішкі жағдайдағы атқарылған жемісті қадамдармен  бірге сыртқы саясаттағы қызметі де  аса қомақты. Оған әлемдік қауымдастықтың  Қазақстан Басшысын  бейбітшілік жолындағы аса көрнекті қайраткер ретіндегі тануы айғақ болып табылады.  Бұл күні  мемлекетіміздің сыртқы елдермен қатынасы бұрын болып көрмеген тұрақтылығымен ерекшеленеді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы да болашақты болжаған ұсыныстары мен шақырулары барша беделді халықаралық ұйымдар сахнасынан естіліп, қолдау табуда.  

   Егер де бостандық жағдайындағы тарихымызға сәл ғана шолу жасайтын болсақ: “ ... өзінің еркіндігін алған 1991 жылдың соңынан бері Қазақстан Республика­сы жоғарыдағы аталып кеткен талап дәрежесіндегі сырт­қы саясатын негіздей білді. Өзін таныған барша әлем мемлекеттерімен тең жағдайдағы қаты­нас орнатылды. Соның ішінде Қазақстанның ТМД мемлекеттерімен ты­ғыз экономикалық, әлеуметтік, мәдени байланысы негізделді. Тікелей шекаралас тарихи көршілері Ресей Федерациясы, Қытай Ха­лық Республикасымен өзара қолайлы да түсіністік­ке негізделген байланыстың  не­гі­зі қаланды. Орта Азия республикалары, мұсылман мемлекеттері, алыс шетелдермен де қазақ елі үшін  қо­лайлы қаты­настың бастамасы іске асырылды. Еліміз көптеген халықаралық ұйымдардың тұрақты мүшелі­гіне өтті. Көршілес мемлекеттер, жалпы дүниежүзілік қауымдастығы тарапынан Қазақстан­ның қазіргі тер­риториясы толығымен танылды. Халықаралық қаты­настарда Қазақстан көптеген игі бастамалар­дың иесі атанды. Ал мұның барлығы еліміздің халықаралық сахнадағы беделін молайтты, оған деген әлемдік қа­уымдастықтың сенімін нығайтып, құрметтерін арт­тыр­ды”[4].

  Аталғандардың ішіндегі ең маңыздысы -  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың әлемді ядролық қарудан аластау, аталған қаруды сынау  алаңдарын толығымен жою мақсатындағы атқарып отырған істері мен бастамалары әлем жұртшылығы және халықаралық қауымдастықтан қызу қолдау тауып отыр. Қазақстан басшысы халықаралық ланкестікке,  есірткіге қарсы бастамалардың иесі болып табылады. Астана қаласы соңғы жылдардағы аса ірі  халықаралық кездесулердің орталығына айналып, онда әлемдегі, аймақтардағы  бейбітшілік, халықтар арасындағы түсіністік пен ұғыныстықты, өзара келісімді қамтамасыз ететін шешімдер қабылдануда.

  Міне, сондықтан да  Елбасының 2012 жылғы Қазақстан халқына арналған аталған  Жолдауында Отанымыздың өткен жылдардағы халықаралық  қатынастағы атқарған ісіне қорытынды жасалып,  2050 жылдарға дейінгі мерзімдегі сыртқы саясатының негізгі бағыттары айқындалды, оны іске асырудың жолдары сараланды. Яғни, Жолдауда баяндалғанындай: “Біздің басымдықтарымыз өзгермейді,-көршілеріміз-Ресеймен, Қытаймен, Орталық Азия елдерімен, сондай-ақ  АҚШ-пен,  Еуроодақпен,  Азия елдерімен  серіктестікті дамыту болып табылады.

  Біз Кеден одағын  және Біртұтас экономикалық кеңістікті  нығайтатын боламыз.

  Біздің  таяудағы  мақсатымыз –Еуразиялық  экономикалық  одақ құру.

 ...  Сыртқы саясатты жаңғыртудың  басымдықтары:

  -Аймақтық және ұлттық  қауіпсіздікті нығайту,

  Экономикалық және сауда дипломатиясын  белсенді дамыту;

  Мәдени-гуманитарлық , ғылым-білім және және басқа шектес салалардағы  халықаралық ынтымақтастықты арттыру;

  Азаматтарымызды  құқықтық қорғауды, олардың  шетелдердегі  жеке, отбасылық, іскерлік  мүдделерін қорғауды күшейту.

  Біріншіден, ұлттық мүдделерді  сыртқы саясатта  ілгерлету айырықша  прагматикалық  принцптерге негізделген.

  .... Екіншіден, біз әрі қарай  да аймақтық  қауіпсіздік үшін өз жауапкерлігімізді  сезінуге және  Орталық Азияны  тұрақтандыруға  өз үлесімізді қосуға тиіспіз.  ... Орталық Азияны тұрақтандырудың  озық тәсілі-аймақішілік бірігу

  ... Үшіншіден, біздің еліміз  халықаралық прогрессивтік бастамалардың бәрін  одан әрі қолдап,  жаһандық қауіпсіздікке  үлесін қоса беруі керек.

  ... Төртіншіден, Қазақстан өзінің  қорғаныс қабілеті  мен әскери доктринасын нығайтуға, түрлі қорғаныстық тежеу  тетіктеріне қатысуға тиіс.

  Біз  ұлттық қорғаныс  моделін әзірлей отырып, түрлі елдермен  және ұйымдармен  ынтымақтасуға тиіспіз.

  Қазақстан  ҰҚШҰ бойынша  одақтастармен  тығыз жұмыс істейтін және жедел қимылдайтын  Ұжымдық күштердің  әлеуеті мен  жауынгерлік қабілетін  арттыруға көмектесетін болады.” [1.7]

  Яғни, ХХІ ғасырдың ортасына дейін экономикасын жаңа талаптар негізінде дамыта түсетін Қазақстанның сыртқы саясаты оның халықаралық сахнадағы беделін нығайтатындығы белгілі. Аталған бағыттағы қызметіндегі жоғарыдағы көрсетілген шараларды іске асыру арқылы еліміздің жаһандық даму талаптарға сай саяси және экономикалық тұрақтылығы берік болатындығы  түсінікті. Міне осындай үлкен шараларды  орындауға бет алған Отанымыздың  2050 жылға тұрақты даму негізіндегі  әлемдегі ең озық 30 мемлекеттің қатарына енуіне ешқандай күмән болмауы тиіс деп есептейміз. Себебі мемлекетіміздің  21 жылдық егемендік жағдайындағы өркендеу қорытындысы оның  келесі жылдарда да іргелі табыстарға жететіндігіне айғақ болып табылады. Сондықтан да еліміздің дамуының Елбасы көрсеткен міндеттерді жүзеге асыру әрбір қазақстандықтың борышы деп есептейміз.  Яғни  Н.Ә.Назарбаевтың: “Мен ХХІ ғасыр Қазақстанның  “алтын ғасыры” боларына сенемін.

  Бұл бейбітшіліктің,  тұрақтылық пен гүлденудің  ғасыры болады.

   Қазақстан халқы  ұлы тарихтың  иесі атануға лайық. 

  Біз көздеген  мақсатымызға  міндетті түрде жетеміз. 

  Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер  тәуелсіздігіміз баянды болсын! 

  Мәңгілік Ел  болу жолындағы  ұлы істеріміз  жаңа дәуірлерге жол ашсын!” [1.8]-деген сөздері бізге үлкен міндеттер жүктейтіндігі анық.

  ӘДЕБИЕТТЕР

1.Қазақстан -2050 Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің  жаңа саяси бағыты.- Қазақстан  Республикасының Президенті – Елбасы  Н.Ә. Назарбаевтың  Қазақстан халқына Жолдауы.-//Егемен Қазақстан,№828-831 (27902), 15 желтоқсан, сенбі 2012, Б.1-8

2.//Ақиқат,№12,2012, 6 б.

3. “Мир о  Нурсултане Назарбаеве”/ Под редакцией профессора  Б.Г.Аягана.-Астана, 2010, c.26 

4.Қарасаев Ғ.М. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты ХХ ғасырдың соңы-ХХІ ғасырдың басында  (тарихи-саяси бағыт).-Өскемен, 2009, 4 б.

Қарасаев Ғ.М .т.ғ.д., Мемлекет тарихыинституты, Астана

Мәлімет ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтынан берілді.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?