Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Қазақстан. 2017 мақсаттары.Ұлттық іс-қимыл жоспары: партия қызметінің стратегиялық басымдықтары» атты тақырыпта семинар

2324
«Қазақстан. 2017 мақсаттары.Ұлттық іс-қимыл жоспары: партия қызметінің стратегиялық басымдықтары» атты тақырыпта семинар - e-history.kz
Семинар жұмысында Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице – министрі Біржан Бидайбекұлы Нұрымбетов Астана қаласынан дистанциондық онлайн байланыс арқылы дәріс оқыды.

«Нұр Отан» ХДП Жоғарғы партия мектебінің Алматы өңірлік орталығында сәуір айының 11-нен 13-сіне дейін «Қазақстан. 2017 мақсаттары.Ұлттық іс-қимыл жоспары: партия қызметінің стратегиялық басымдықтары» атты тақырыпта семинар өтті. 

Семинарға Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары мен Алматы қаласынан 30 тыңдаушы қатысты. 

Осылайша, семинар бағдарламасына мынадай кең ауқымды сұрақтар енгізілді: «Қазіргі кездегі ақпараттық-желілік соғыстардағы ұлттық қауіпсіздік», «Білім мен ғылымның ықпалдасуы - 2017 жылға дейінгі Ұлттық іс-қимыл аясындағы болашақ инновациялық экономиканың негізі», «ҚР қауіпсіздігін және тұрақтылығын қамтамасыз етудегі БАҚ-ң рөлі», «Қоғамдағы саяси тұрақтылықты қамтамасыз етудегі партияның рөлі», «Жастар арасындағы діни экстремизмнің алдын алудағы партияның идеологиялық жұмысын нығайту», «Индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын нәтижелі жүзеге асырудың негізгі механизмдері» сияқты сұрақтар енгізілді. 

Семинар жұмысында Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице – министрі Біржан Бидайбекұлы Нұрымбетов Астана қаласынан дистанциондық онлайн байланыс арқылы дәріс оқыды. 

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының әйгілі ғалымдары мен саясаткерлері шақырылды, олар: Абылай хан ат. Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдер университетінің ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры, филос.ғ.д., проф. Саяси ғылымдар академиясының академигі  Сағади Байұзақұлы Бөлекбаев,«Тұран» университетінің оқу ісі және оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректоры,  э.ғ.д., проф., ХАА академигі 

Әкімжан Арупұлы Арупов,Д.А. Қонаев ат. Университеті «Жалпы білімдік пәндер» кафедрасының профессоры,  филолог. ғ.д.Анар Қабдолқызы Омарова,Халықаралық құқық қорғау орталығының президенті, Халықаралық ақпараттандыру академиясының корр. мүшесі, жаттықтырушы-медиатор Жанділдә Әжіғалиұлы Жақыпов,ҚазҰУ «Қоғамдық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., проф.Сайын Молдағалиұлы Борбасов, Экономика және құқық академиясы «Жалпы білімдік пәндер» кафедрасының доценті, филос.ғ.д. Гүлнәр Жақанқызы Жұманова, Абай  ат. ҚазҰПУ «Теоретикалық - қолданбалы саясаттану және әлеуметтану» каф. проф., с.ғ.д. Бибігүл Ілиясқызы Иманбекова.          

Семинар шеңберінде, бастауыш партия ұйымдары жұмыс тәжірибесімен алмасу мақсатында, Алматы қалалық партия филиалымен бірге Алматы қаласының Әуезов ауданының бастауыш партия ұйымдарына шығу семинары ұйымдастырылды. Шығу дәріс  барысында семинарға қатысушылар келесі БПҰ жұмыстарымен танысты - «ЕркеНұр», «№13 КЛ», «БиТелеком», «№153 МГ» және елдің саяси жүйесін жаңғырту жағдайында идеологиялық және ұйымдастырушылық жұмыстарды жақсарту бойынша тәжірибелерімен алмасты. 

Семинар аяқталысымен тестілеуден сәтті өткен және өз жобаларын қорғаған  мектеп бітірушілеріне салтанатты түрде сертификаттар мен «Нұр Отан» ХДП ЖПМ белгілері табыс етілді.

Дереккөз: http://www.nurotanschool.kz/kz/filials/almaty/seminar/seminars/2017.php

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?