Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы байланыс

2873
Жыл сайын Қазақстанға күн көріс көзін табу мақсатында 300 мыңнан 1 миллионға дейін мигранттар келеді екен.

Олардың көбісі отбасымен, бала-шағасымен бірге Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданындағы темекі плантацияларына жұмысқа орналасады (әсіресе Қырғызстаннан келгендер), ал қалғандары қара жұмысқа немесе құрылыс салсына (негізінен өзбектер) кетеді. Халықаралық эксперттердің зерттеулеріне сәйкес келген мигранттардың көбісі шекарандан заңсыз өткен. Мұның бірден-бір себебі квота жүйесінің күрделілігі мен жұмыс берушілердің шет елдік жұмысшыларды жалдауға рұқсат алу үдерісінің қиындығы және созылмалылығы. Көптеген мигранттар мерзімдік жұмыстарға (мақта, көкөніс, темекі жинау, жаздық құрылыс мезгілі) келеді және үкіметтен рұқсат қағаз алу ұзақтығы кейде олардың діттеген жұмыс уақытымен пара-пар келуі мүмкін. Қазақстан миграциялық саясаты біліктілігі аз мерзімдік жұмысқа келетін мигранттар еңбегін тіпті мүшкіл жағдайға келтірді, қазір ел білікті мамандарды тартуға тырысады және олардың саны жыл сайын үкімет бекіткен квотамен өлшенеді. Ал заңсыз мигранттардың көптеген шенеуніктердің пікірінше ешқандай құқығы жоқ және олардың өтініштері қараусыз да қалады. Бұл жерде тек қана кәмелеттік жасқа толған мигранттар мәселесі емес, сонымен бірге бала еңбегі мәселесі-де қаралуы керек. Оның үстіне қазір елде құлдық немесе мәжбүрлі еңбек тіркелген жағдайлар көбейіп кетті. Жұмыс науқанынның соңында көптеген мигранттар жалақысын толық ала алмайды, кейде тіпті төлқұжаттары тартылып алынып құлдық өмір кешетіндері-де бар. Сондықтан Қазақстан еңбек кодексін толық қайта қарап халықаралық, әсіресе ЕО эксперттері көмегімен жаңа барлық талаптарға жауап беретін Еңбек Кодексін жасап шығаруы керек [1].

Ұлттық БАҚ-на сүйенсек елдің саяси-әлеуметтік жағдайы мінсіз секілді. Бірақ шын мәнісінде саяси өмірдегі көптеген жайттар жарияға салынбайды. Қазіргі таңда, Қазақстанда формалды оппозициялық ұйымдар тіркелгенімен, іс жүзінде бір басшы, бір билік басындағы партия бар. Сондықтан да сырттан келген зерттеушілердің ойынша бұл демократиялық қоғамнан гөрі, диктатураға саяды. Тіпті АСиП президенті Еуразиялық экономикалық саммитте жасаған баяндамасында жаһандық демократияның һас жауы бүркемеленген диктатура деген болатын. Дәл осы жағдайдың Қазақстанда да орын алмасына кім кепіл. Қазіргі билік басындағы жұртшылық Кеңес Одағы кезінде білім мен тәрбиеге сусындаған адамдар, яғни олардың ой пікірін жаңа бағытқа бұру өте қиын деген сөз. Әлі күнге дейін бюракратия мен жемқорлықтың езгісінен құтыла алмай жүргеніміз тағы бар. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері елбасының арқасында көптеген белестерді бағындырды. Біз ел болып қалана алдық, әлемдік жұртшылық алдында кеудемізді тік ұстап көтеріле алдық, халықаралық қатынас пен экономикамызды дұрыс бағытта дамыта білдік. Тек бір, ағаттықтың бары анық. Қазақстан өз халықы үшін адами құндылықтар мен халықаралық адам құқығы туралы заңдар негізінде қаланған қоғам құруы керек. Себебі 70 жылдың кеңестік езгіден қоғам санасы әлі-де арыла алған жоқ. халық мәселеге тігінен қарап қарсы тұрудан сескенеді, себебі олардың құқығын қорғайтын тарап табылмайды және өзі мен отбасының өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан биліктегі, соттағы, кез-келген құқық қорғау және заң шығару органдарындағы әділеттік елдің жарқын болашағына негіз болмақ. Көптеген дамыған елдер өз қоғамын жылдарға созылған тәжірибе арқасында қол жеткізді, жасаған қателерін түзете отырып дұрыс даму жолына түсе білді. Ал бұған қаншама ғасырлар кетті. Қазақстанда ондай уақыт жоқ, сондықтан да біз өз қателерімізді өзіміздің емес, басқалардың мысалымен жөндейміз. Сондықтан елге жағымды болатын заң жобасын үстіртін болжамдар емес, терең зерттеулер аясында негіздеу керек деген қорытындыға келеміз. Дегенімен зерттеуші ретінде-де, Қазақстан азаматы ретінде де Марта Брилл Олкоттың Н.Ә.Назарбаев биліктен кеткен соң Қазақстанның күні қараң қалады деген пікіріне сенбек емеспін. Елдің болашағы жарқын, тек азат елде туылып, тәрбиеленген, демократиялық құндылықтарды дәріптейтін азаматтардың саяси өмірге араласуы керек.

Осы орайда Қазақстан мен ЕО арасындағы сала бойынша әріптестігіне тоқтала кеткім келеді. Еуропалық Одақ адам құқығы саласын реформалау бойынша көмек көрсету мақсатында тығыз саяси және экономикалық байланыстарды пайдалауда барлық мүмкіндіктері бар Қазақстанның негізгі әріптесі. 1999 жылы әріптесік пен ынтымақтастық келісімімен заңды шеңберлер көрсетілгеннен бері Қазақсатан ЕО-пен ынтымақтастығын белсенді түрде дамытып келеді. Қазіргі таңда Қазақстанға ерекше артықшылығы бар саяси және экономикалық мәртебе беретін кеңейтілген келісім құру үшін келіссөздер жүргізіліп жатыр. Сыртқы саясат және қауіпсіздік Еурокомисары Кэтрин Эштон «келісімдердің сәтті аяқталуы демократиялық реформалар, әсіресе көзқарасын еркін жеткізу мен БАҚ бостандығын нығайту, ассоциациялар мен жиналыстар еркіндігі, сайлау үдерісін халықаралық стандарттарға сәйкес келтіре отырып жетілдіру салаларының дамуына байланысты болады»-деп мәлімдеген еді. Аталмыш ұстаным Еуропарламенттің Қазақстан бойынша резолюциясында 2012 жыл 15 наурызда бекітілді. Онда елдегі адам құқықтары мәселелерін реттеп, жағдайды оңалтуға күш салуға шақырған еді. Сондықтан жаңа кеңейтілген әріптестік келіссөздері созылған уақытта ЕО Қазақстандағы адам құқықтары бойынша мәселелерді шешуге ат салысу мүмкіндігіне ие болып отыр.

ЕО жекелеген мүшелері арасында маңызды және көпжылдық қатынастар Германиямен қаланды. Қазақстан аталмыш елге мұнай тасымалдаушылардың үштігіне кіреді және Орталық Азия аймағындағы ірі энергетикалық және сауда әріптесі болып табылады. Екіжақты сауда көлемі 2010 жылы 5,8 млрд долл.құраған. соңғы жалдары Германия ірі энергия көздерінің импортында Ресейден тәуелділігін азайтуды көздеп отыр және Қазақстан президенті Н.Ә.Назарбаев та жиі іс-сапарларымен елге келіп тұрады (соңғы іс-сапар 2012 жылы, ақпан айында болды). Осындай іс-сапарлар барысында Германия канцлері Ангела Меркель адам құқықтары мәселесін жиі көтеретін, дегенімен Берлин тарапынан Астананы адам құқықтары мәселесіне көңілін аудартып, саланың реформасына итермелейтін ешқандай талпыныстар байқалмайды. Қазіргі кезде Германия мен Қазақстан қарым-қатынасы экономикалық ынтымақтастыққа аса мән береді. Мәселен 2012 жылдың ақпан айында екі тарап арасында сирек қазба байлықтары мен басқа да шикізат, сонымен қатар өндіріс және технология салалары бойынша жалпы көлемі 4 млрд долларды құрайтын 50 жаңа келісім жасалған болатын. Аталмыш келісім жайында канцлер журналисттерге сұхбат бергенде «Әрине экономикалық мүдделер турасында сөз қозғағанда, біз сонымен қатар адам құқықтары мен демократиялық принциптерді сақтау қажеттігін-де ескереміз»-деген болатын. Сондықтан Қазақстанның дамуында Германияның үлкен ықпалы болады деген үміттеміз. [2, 118 б.]

ЕО бойынша Қазақстанның тағы бір негізгі әріптесі елге шет мемлекеттерден құйылатын тікелей инвестиция көлемі бойынша алдыңғы үштікке кіретін Ұлыбритания болып табылады. Қазақстандағы Британ елшілігі «адам құқықтары жағдайын оңалтуға бағытталған жобаларды» үнемі қолдау көрсететіні туралы мәлімдеме жасағанымен, бірінші кезекте бұл ел үшін-де экономикалық әріптестік маңыздырақ. 2011 жылы Қазақстан президенті Ұлыбританияның экс-премьері Тони Блэрді экономикалық және басқа да мәселелер бойынша кеңесші ретінде-де жалдаған болатын. [3]

Қорыта келе Қазақстан мен ЕО арасындағы байланыс тығыз ынтымақтастыққа негізделіп дамып келе жатқанын дөп басып айтуға болады.

                                                                Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Джейн Бюкенен, «Адский труд».Эксплуатация трудовых мигрантов на табачных плантациях в Казахстане, Human Rights Watch, 07.2010- 197 ст.
2. Мира Ритман, Нефть и забастовки. Нарушения трудовых прав в нефтяном секторе Казахстана, Human Rights Watch, 09.2012- 165 ст.
3. Йос Бунстра «Демократия в Центральной Азии: вспышка бесплодных полей, EUCAM, № 23, 05.2012

Перизат Өтебалиева, Әлеуметтік ғылымдар магистрі

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?