Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

2000 жылдардағы көппартиялық пен парламентаризмнің даму эволюциясы 2007 жылғы конституциялық реформалар.

3148
2000 жылдардағы көппартиялық пен парламентаризмнің даму эволюциясы  2007 жылғы конституциялық реформалар. - e-history.kz
2002 жылғы 15 шілдеде «Саяси партиялар туралы» жаңа заң қабылданды. Онда бұрынғы заңның негізгі қағидалары сақталып, ішінара өзгерістер енгізілді.

2002 жылғы 15 шілдеде «Саяси партиялар туралы» жаңа заң қабылданды. Онда бұрынғы заңның негізгі қағидалары сақталып, ішінара өзгерістер енгізілді. Саяси партия ұғымының анықтамасы қайта қаралып, нақтырақ айтқанда «мемлекеттік билікті жүзеге асыруға өз өкілдері арқылы қатысу жолы мен азаматтардың саяси еркін білдіре алады» деген жолдар алынып тасталды. Енді Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауына қатарынан екі рет қатыспаған саяси партия соттың шешімімен таратылатын болды. Саяси партияларды құру, оны мемлекеттік тіркеуден өткізу талаптары күшейді. Бұрынғы заң бойынша саяси партия құру үшін еліміздің қандай да бір жерінде тұратын 10 адамның бастамасы жеткілікті болса, жаңа заң бойынша (2002 жыл) саяси партия Қазақстан Республикасы азаматтары тобының (бір мың адамнан кем емес, саяси партияның құрылтай съезін шақыратын және облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың үштен екісінің атынан өкілдік ететін) бастамасы бойынша құрылатын болды. Саяси партияны мемлекеттік тіркеу талабындағы тағы бір өзгеріс, оның партия мүшелерінің санына байланысты болды. 1996 жылғы «Саяси партиялар туралы» заң бойынша саяси партияны мемлекеттік тіркеу үшін оның қатарында 3000 мүшесі (Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан астамы атынан өкілдік ететін) болса жеткілікті еді. Жаңа заң бойынша саяси партияның құрамында партияның барлық облыстардағы республикалық маңызы бар қала мен астанадағы әрқайсысында кемінде 700 партия мүшесі бар құрылымдық бөлімшелерінің атынан өкілдік ететін кем дегенде 50 000 партия мүшесі болуы міндеттелді. Осы өзгерістер партиялық алаңнан кейбір партиялардың кетуімен қатар жаңа талаптарға сәйкес 12 саяси партияны дүниеге әкелді.

Саяси партияны мемлекеттік тіркеуден өткізу, құрылтай съезі өткізілген күннен бастап екі айдан кешіктірілмей тіркеуші органға өтініш беру арқылы жүзеге асырылатын болды. Өтінішпен қоса саяси партияның жарғысы мен бағдарламасы, құрылтай съезінің хаттамасы, партия мүшелерінің тізімі және мемлекеттік тіркеу үшін алынатын алымның төленгені туралы құжат өткізілу талап етілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2002 жылы 20 қыркүйекте бекітілген Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының Тұжырымдамасы еліміздегі құқықтық мемлекетті қалыптастыру ісін одан әрі дамытты. Құкықтық дамудың жаңа қырлары қоғам және мемлекеттің әлеуметтік, саяси, экономикалық салалары институттарының модернизациялануынан да айқын байқалды.

Сол кезеңдегі біздің еліміздегі жүріп жатқан қоғамдық саяси үдерістер, Қазақстан Республикасындағы демократиялық реформаларды дайындау және нақтылау бойынша Мемлекеттік комиссия жұмысы, саяси оппозицияның қызметі - осының барлығы бүкіл құқықтық жүйенің даму логикасына сәйкес жүргізілетін конституциялық реформаларды қажет етті, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә, Назарбаев өзінің «Қазақстан жолы» еңбегінде: «Конституция біздің бостандықтарымыздың негізіне айналды Ол бізге тәуелсіздік алып келген жеңістеріміздің, біздің тапқан табыстарымыздың бүкіл кешенін баянды етті», - деп жазды. 2004 жылы Конституциялық заңға енгізілген түзетулер мен толықтыруларға орай партиялык жүйеге де өзгерістер енді. Жаңа редакция бойынша саяси партиялар сайлау блоктарын құру құқығына ие болды. Ол 2004 жылғы 19 қыркүйекте Парламент Мәжілісіне сайлауда кейбір партиялардың бірігуіне алып келді.

2004 жылдан бері оппозициялық күштер парламенттік сайлауда артынан бірнеше ұтылысқа тап болды және ыдырауды бастарынан өткізді. Осы жолғы партияның жаңадан ұйымдастырылуы белгілі бір деңгейде оппозицияның саяси кеңістігін тарылтты.

Үшінші шақырылымдағы Парламент Мәжілісіне сайлау 2004 жылдың 19 қыркүйегінде өтті. Сайлауға 12 саяси партия, олардың 4-еуі екі сайлау блогының құрамында қатысты. Сайлау нәтижесінде партиялық тізім бойынша берілетін 10 мандатты 7 пайыздық кедергіден өткен келесі партиялар өзара бөлісті: «Отан» партиясына — 7 депутат, «Асар» республикалық партиясына, «Ақ жол» демократиялық партиясына, «Азаматтық партиясы» мен «АИСТ блогына» - 1 депутат.

Сайлау нәтижесінде Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне 77 депутат сайланады, 67 депутат Реепубликаның әкімшілік-аумактық бірлігі ескеріле отырып құрылған, шамамен сайлаушылардың саны тең бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланса, ал 10 депутат барабар өкілдік жүйесі бойынша және біртұтас жалпы ұлттық сайлау округінің аумағы бойынша партиялық тізімдер негізінде сайланды. Олардың ішінде 7 депутат «Отан» республикалық саяси партиясынан, бір депутат «Асар» республикалық партиясынан, 1 депутат «Ақ жол» демократиялық партиясынан және 1 депутат Қазақстанның Аграрлық және Азаматтық партияларының «АИСТ» сайлау блогынан (Еңбекшілердің аграрлық-индустриялық одағы) сайланған. Сайланған парламентарийлердің жалпы санынан - 59 депутатты саяси партиялар ұсынды: «Отан» республикалық саяси партиясынан — 42, «АИСТ» сайлау блогынан - 11, «Асар» республикалық партиясынан -4, «Ақ жол» демократиялық партиясынан — 1. Қазақстан Демократиялық партиясынан - 1. Өзін-өзі ұсынған депутаттар саны - 18. Палата құрамында 69 ер адам және 8 әйел болған. Үшінші сайланған Мәжілістің депутаттық құрамының орташа жас мөлшері - 53 жас (ең жасы - 28 жаста, ең егдесі - 73 жаста). Олардың қатарында 13 ғылым кандидаты мен 15 ғылым докторы және парламентарийлер арасында 21 инженер, 14 заңгер, 16 экономист бар.

Палатада парламенттік стажы бар депутаттар саны өсуде. Мәжілістің 29 депутаты бұрынғы сайланымда жұмыс істеген, олардың 3 - бірінші және екінші сайланымда, 2-еуі - Сенатта, 12 депутат бұрын әртүрлі сайланған Жоғарғы Кеңестін депутаттары болған. Үкімет 291 заң жобасына бастамашы болып, Парламент Мәжілісіне жіберген. Ал депутаттар 55 заң жобасына бастамашы болды. Парламент палаталары 321 заң қабылдап, оларға Президент қол койған, олардың 10-на депутатар бастамашы болған. Үшінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы - Мұхамеджанов Орал Баиқонысұлы.

2005 жылдың тамызында 1999 жылы 6 жылға сайланған 16 сенатордыңорнына сайлау өтті. 2005 жылы Алматы облысының - Ескелді, Шығыс Қазақстан облысының - Көкпекті, Батыс Қазақстан облысының Жанғалы, Солтүстік Қазақстан облысының - Тимирязев аудандары өкімдерінің сайлауы өтті. Келесі 2006 жылы 49 аудандық, 10 облыстық деңгейдегі қала әкімдеріне сайлау ұйымдастырылды. Бірақ аудандық, облыстық деңгейдегі әкімдерді сайлау және оны ұйымдастырутетіктері тиімді ойластырылмады.

Қазақстанда ресми түрде тіркелген 12 саяси партия, 5820 әртүрлі үкіметтік емес ұйымдар, 3340 қоғамдық қор, 1072 ассоциация мен заңды тұлғалар, 471 ұлттық-мәдени бірлестік, 3340 діни бірлестіктер, әртүрлі меншік нысанындағы 6646 бұқаралық-ақпарат құралдары қызмет атқаруда. Осы аталған және азаматтық қоғамның басқа да институттары елді демократияландырудың маңызды факторлары бірегей үлгісі мен басым бағыттары болып табылады.

2006 жылы Қазақстанның саяси партиялары ерекше белсендік та-нытып, саяси күштер құрылымына жаңа серпін берді. Қыркүйек айында, «Нұр Отан» партиясы мен «Асар» партиясы бірігіп, жаңа «Нұр Отан» партиясын қалыптастырды және партия мүшелерінің саны - 700 мыңға дейін артып, ең ірі партияға айналды. Біріккен партияның мүшелері парламентте көпшілік орынға ие болды. Жаңа «Нұр Отан» партиясы қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласатынын жария етті. Соның ішінде, ең алдымен парламент жұмыстарын күшейтуге. президенттің үндеуіне қолдау көрсетіп, насихаттауға көңіл бөлетінін ерекше атап көрсетті. Екі ірі партияның бірігуі Қазақстанның ішкі саяси күштеріне өзгеріс алып келді.

2007 жылы қалыптасқан жағдай жаңа саяси трансформацияларды қажет етті. Президенттік басқарудан демократиялық сипаты басымырақ парламенттік жүйеге өту кезеңі келді. 2007 жылы 21 мамырда Парламенттің қос палатасы Президент Н.Ә. Назарбаевтың Конституцияға өзгерістер енгізу туралы ұсынысын қолдап дауыс берді. Бұл өзгерістер билік тармақтарының арасындағы тепе-теңдік және тежемеліліктің тиімді жүйесін қалыптастыруға бағытталды. Осы мақсатта Президенттің біршама өкілеттілігі Парламентке берілді. Сөйтіп, Парламент Үкіметті, Конституциялық Кеңестің үштен екі бөлігін, Орталық сайлау комиссиясын, Есеп комитетін қалыптастыру және олардың қызметін бақылау құзырына ие болды. Үкіметтің қызметі тиімді және сапалы болуы үшін оның мемлекет басшысы мен Парламент алдында жауаптылығы қалыптастырылды. Атқарушы билікті реформалау шеңберінде әкімдерді сайлау, жергілікті өзін-өзі басқару институттарын жетілдіру қарастырылды. Бұл іс жүзінде президенттік басқарудан президенттік-парламенттік басқаруға өтуді білдірді. Сонымен, 2007 жылғы конституциялық реформа нәтижесінде Қазақстанда жаңаша саяси жүйе қалыптастыру мүмкіндігі туды. Конституциялық реформалар саяси билік институттарын одан әрі жетілдіру, билік тармақтарыныңқарым-қатынасын реттеу, қазіргі заманғы талаптарға сәйкестендіру мақсатында жүргізілді. Соның нәтижесінде мемлекеттік басқару жүйесі жаңартылды.

2007 жылдың 20 маусымында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы бойынша үшінші шақырылымдағы Парламент Мәжілісі өз қызметін тоқтатты. Қазақстан Республикасы Парламентінің жаңа құрамы 2007 жылғы мамыр айында Конституцияға енгізілген толықтырулар мен түзетулер негізінде қалыптасты. Мәжіліс - 107 депутаттан құралды, 9 депутат Қазақстан халқы ассамблеясынан сайланды.

Төртінші шақырылымдағы Парламент Мәжілісіне сайлау 2007 жылы 18 тамызда өтті. Парламент Мәжілісіне сайлау ерекшелігі саяси науқанда батыс елдеріндегі РК-дың (пиар) кеңінен қолданылғандығы. Саяси партиялар ашық теледебатқа шықты. Сайлауға 7 саяси партия қатысты. Алайда тек «Нұр Отан» партиясы 7 пайыздық кедергіден өте алды. Парламент құрамы сандық тұрғыдан ғана емес, сапалық тұрғыдан да өзгеріп отырды.

Мәжілістің құрамына бұрынғы сайланымның депутаттық корпусынан 39 депутат, мемлекеттік басқару органдарынан 24 адам, жергілікті басқару органдарынан 19 адам, бизнес құрылымдарынан 8 адам, білім беру, ғылым және мәдениет саласынан - 8 адам және басқа салалардан 9 адам кірді.

Палатада білімі бойынша әртүрлі біліктілігі бар инженерлер 42, заңгерлер 34, екінші жоғары білім алған педагогтар 23 депутат. Ал 21 депутаттың - экономикалық, 9-ынын ауыл шаруашылық білімі бар.

Депутаттық корпуста сондай-ақ дәрігерлер, халықаралық қатынастар мамандары, журналистер, мәдениет пен өнер және басқа да мамандықтар қызметкерлері бар.

Мәжілісте 15 ғылым докторлары және 27 ғылым кандидаттары болса, 35 парламентарийдің екі жоғары білімі бар.

Палатада әртүрлі ұлттардың өкілдігі кеңейді. Депутаттық корпустың ұлттына, құрамына тоқталсақ: 82 қазақ, 17 орыс, 2 неміс және 1 белорус, 1 балқар, 1 кәріс, 1 украин, 1 өзбек және 1 ұйғыр бар. Әйелдердің саны екі еседен астам артқан (17 депутат). Төртінші сайланған Мәжілістін депутаттық корпусының орташа жасы - 52 жас, бұл үшінші сайланымдағыдан бір жасқа төмен. Жасы бойынша саны ең көп топ 50-ден 59 жасқа дейінгілер болып табылады (44 депутат), одан кейінгі топ 40-тан 50 жасқа дейінгілер (36 депутат), 60 жастан асқандар - 23 адам және саны ең аз топ 30-дан 40 жасқан дейінгілер (4 депутат). Төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы - Мусин Аслан Есболайүлы.

1991-2007 жылдар аралығында Егемен Қазақстанда өткен Президенттік, Мәжіліс және жергілікті мәслихат сайлаулары еркін әрі бәсекелестік негізде ұйымдастырылды, Ал бүгінгі күні Сайлау туралы заңға сәйкес Орталық сайлау комиссиясы заңмен талап етілетін құжаттары болған жағдайда Президенттікке үміткерлер нешеу болса да, Мәжіліс және мәслихат депутаттығына кандидаттардың кез келген санын тіркеуге тиіс. Сайлау комиссиясы тіркеуден бас тартқан жағдайда үміткер Орталық сайлау комиссиясына немесе сотқа шағым жасауға құқылы.

Парламент функциясының ең бастысы - заң шығару қызметі болып табылады. Н.Ә. Назарбаевтың Жаңа Конституцияда дүниежүзілік тәжірибеде дәлелденген президенттік республика жағдайында Парламент - бұл құқығы айқын көрсетілген таза заң шығарушы орган деген ойы нақты көрініс тапты, Қазақстанның қазіргі Парламенті өзінің ұйымдық құрылымы мен мемлекеттік қызметі жөнінен республика тарихындағы соны, тың және зор құбылыс. Жаңа саяси институт болып табылады. Оның құрамында екі палатаның: Сенат пен Мәжілістің болуы бұрынғы Жоғарғы Кеңеске мүлде ұқсамайтын мемлекеттік жүйе құрылымының өмірге келгенін аңғартады.

Қазақстан Парламентінің қызметіне — Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, заңдар қабылдау жатады. Түңғыш рет Конституцияда Парламент заңдар қабылдайтын мәселелер тізімі айқындалған. Заңдық реттелуі талап етілетін аса маңызды қоғамдық қатынастар, бұл тізімге кірмейтін мәселелер бойынша заңдар емес, қосымша заң құжаттары шығарылады Мұның өзі заң шығару ісіндегі жаңа көзқарас, Парламент республикалық бюджетті бекітеді. Мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді немесе оларды қабылдамай тастайды. Мемлекеттік зайымдар туралы мәселелерді шешеді, жоғары лауазымды адамдарды сайлауға, тағайындауға байланысты міндеттерді жүзеге асырады, Үкімет бағдарламасы туралы баяндаманы тыңдап, бағдарламаны мақұлдайды немесе қабыл-дамай тастайды. Соғыс және бітім мәселелерін шешеді, бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін республика Қарулы Күштерін пайдалану туралы шешім қабылдайды. Бұл құқықтардың бәрі Парламентке заң шығарушы орган ретіндегі басты міндетімен бірге оның қызметінің сипатына қарай берілді.

2000 жылдары парламентаризммен қатар көппартиялық жүйе де дамыды. Атап айтқанда, қазіргі кезде төменде келтірілген саяси партиялар өз қызметтерін атқаруда, Казақстан Коммунистік партиясы. Партияның бірінші хатшысы -Ғазиз Алдамжаров. Партия 1998 жылғы 27 тамызда тіркелген, 2003 жылғы 20 наурызда қайта тіркелген. ҚКП мүшелерінің саны 54 246 адамды құрайды. Республиканың барлық облыстарында партияның өз бөлімшелері бар, ҚКП мүшелері, негізінен, соғыс және еңбек ардагерлері, жұмысшылар, зейнеткерлер болып табылады, Партия өзінің негізгі мақ-саттары: реепубликада ғылыми социализмнің қағидаттарына негізделген, еркіндік және әлеумсттік әділеттілік қоғамын құру үшін жағдайлар жасау, коммунистік қоғамдық құрылыс құру деп есептейді. 2007 жылы Мәжіліске сайлауға Қазақстан Коммунистік партиясы қатысқан жоқ.

c8d037035966f54833e89698967beb5e.png

«Нур Отан» Халықтық Демократиялық партиясы. Төраға - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Төрағаның бірінші орынбасары - Қайрат Сатыбалды, «Нұр Отан» Рсспубликалық саяси партиясы 1999 жылғы қаңтарда құрылды. Сол жылдың 12 ақпанында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелді. Қазақстанның барлық облыстарында, Астана және Алматы қалаларында - «Нұр Отан» филиалдары бар. Партияның әлеуметтік негізін бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, студенттер, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, шағын және орта бизнес өкілдері құрайды. Басты мақсаттары: қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформалардың жүзеге асуына белсенді түрде жәрдемдесу; азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыру; әлеуметтік әділеттілікті бекіту және елдегі тұрақтылықты сақтау; ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту; азаматтардың отансүйгіштік сезімі мен Қазақстан Республикасының жан-жақты және үйлесімді дамуы үшін жауапкершілігін тәрбиелеу деп жарияланды. Мәжілісте «Нұр Отан» парламенттік көпшілікке ие. 2007 жылы Мәжіліске сайлау қорытындылары бойынша партия - 88,41% дауысқа ие болды «Нұр Отан» партиясынан Парламенттің төменгі палатасына партиялық тізім бойынша 98 депутат сайланды.

Казақстан Патриоттары партиясы, Төраға — Қасымов Ғани Есенкелдіұлы. Партия 2000 жылғы 4 тамызда тіркелген, 2003 жылғы 21 наурызда қайта тіркеуден өтті. Партияда 172 000 адам бар. Партия мынадай мақсаттарды көздейді: Қазақстан халықтарының ұлттық өркендеуін қалыптастыру және жүзеге асыру, құқықтық демократиялық мемлекет, нарықтық экономикасы бар азаматтық қоғам құру, қоғамның әлеуметтік белсенді бөлігін мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға тарту, елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету; адамның жоғары сапалы өмір сүруі үшін жағдайлар жасау және азаматтардың денсаулығына көңіл бөлу. 2007 жылы Мәжіліске сайлауда партия 0,78% дауыс алып, Парламентке өтпеді.

af3a60767c409176e83a52bc6f0fe716.png

Казақстан социал демократиялық «Ауыл» партиясы. Партия төрағасы - Қалиев Ғани Әлімұлы. Партия 2002 жылғы 1 наурызда тіркелген. 2003 жылғы 2 сәуірде партия қайта тіркеуден өтті. Партия мүшелерінің саны 61 043 адамды құрайды, Қазақстанның барлық облыстарында партияның құрылымдық бөлімшелері бар. Өз мақсаттарымен партия аграрлық секторды мемлекеттік реттеуді және қолдауды күшейтуді; ауыл еңбекшілерінің мүдделерін қорғауды; қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси рсформалардың жүзеге асуына белсенді түрде жәрдемдесуді; нарықтық қатынастардың негізделген нысандарын экономиканың барлық салаларында жүзеге асыруды; азаматтардың өмір сүру дсңгейін арттыруды көздейді. 2007 жылы Мәжіліске сайлауда партия 1,51% дауыс алып, Парламентке өтпеді.


4eb4fdf64f2ba023f210358616a74922.jpg

Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы,Партия төрағасы Байменов Әлихан Мұхамедияұлы. Партия 2002 жылғы 3 сәуірде тіркелген. Партия мүшелерінің саны 175 862 адамды құрайды. Партияның мақсаттары: тәуелсіз, гүлденуші, демократиялық және еркін Қазақстан, Негізгі құндылықтары: демократия, тәуелсіздік, еркіндік, әділеттілік. Партия Қазақстанды одан әрі демократияландыру бойынша ұсынымдар жасау жөніндегі келісу комиссияларының жүмысына белсенді араласады. Мәжілістің үшінші шақырылымында партия 1 мандатқа ие болды, 2007 жылы Мәжіліске сайлауда партия 3,09% дауыс алып, Парламентке өтпеді.

556c4a92aff36d2bed9382530b40b279.jpg

«Руханият» партиясы.Партия төрайымы — Жағанова Алтыншаш Қайыржанқызы. Партия 2003 жылғы 6 қазанда тіркелген. Партия мүшелерінің саны 72 000 адамды құрайды. Партияның филиалдары облыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында жұмыс жасайды. Партияның әлеуметтік негізі — білім беру, денсаулық сақтауғылым және мәдениет салаларының қызметкерлері, кәсіпкерлер, студенттер және т.б. Өзінің басты міндеттері: экономиканы көтеру, әлеуметтік мәселелерді шешу, адамгершілігі жоғары және рухани бай қоғамды дамыту деп есептейді. 2007 жылы Мәжіліске сайлауда партия 0,37% дауыс алып, Парламентке өтпеді.

bad2f5f2a5455ec1ec8067ea82ea9302.jpg

«Әділет» демократиялық партиясы.Партия төрағасы — Нәрікбаев Мақсұт Сүлтанұлы. 2004 жылғы 14 маусымда тіркелген. Партия мүшелерінің саны 70 000 адамды құрайды. Партия аумақтық қағидат бойынша құрылды және республиканың барлық облыстары мен Астана және Алматы қалаларына өз бөлімшелері бар. Партия Қазақстанда құқықтық демократиялық әлеуметтік мемлекет құруды, тиімді, озық және дамыған эконолшкалық жүйе жасауды, азаматтық қоғам қалыптастыруды өзінің басты міндеті деп есептейді. 2004 жылы Мәжіліске сайлау қорытындыларына сай партиялық тізімдер бойынша дауыс беру кезінде партия 0,76% дауыс алды, Мәжілістің үшінші шақырылымында бір мандаттық округ бойынша сайланған бір депутаты бар. 2007 жылғы 8 шілдеде «Әділет» Демократиялық партиясының V съезінде оның Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық Партиясына қосылуы туралы шешім қабылданды, 2007 жылғы 20 қазанда «Әділет» Демократиялық партиясының VI (кезектен тыс) съезіңде «Әділет» ДП-ның «Ақ жол» КДП-ға қосылуы туралы бұрын қабылданған шешімнің күшін жою туралы шешім қабылданды.

15a24c0ce17d095d14b0e0661ddd6e3b.jpg

«Казақстан Коммунистік Халық партиясы».Бірінші хатшысы — Косарев Владислав Борисович. 2004 жылғы 21 маусымда партия мемлекеттіктіркеуден өтті Тіркелу сәтінде партия қатарында - 90 000 адам болған, Партия қатарында жұмысшылар, студенттер, зиялы қауым, зейнеткерлер, кәсіпкерлер және т.б. бар. Партияның саяси тұғырнамасына сай ҚКХК қызметінің негізінде коғамдық дамудың жаңа жағдайларына бейімделген маркстік-лениндік идеология жатыр. 2004 жылы Мәжіліске сайлаудың қорытындылары бойынша партия 1,98% дауыс алды. 2007 жылы Мәжіліске сайлауда партия 1,29% дауыс алып, Парламентке өтпеді.

1012bfa54def5617c9af4328d291b454.jpg

Қазақстанның «Азат» Демократиялық партиясы. Төраға Әбілов Болат Мұқышұлы. Партия «Ақ жол» ҚДП-ның бөлінуі нәтижесінде 2005 жылғы 29 сәуірде құрылған және 2006 жылғы 17 наурызда «Нағыз Ақ жол» атауымен тіркелген, Мүшелерінің саны - 97 157 адамды құрайды. Партияның барлық облыстарда, Астана және Алматы қалаларында өз филиалдары бар. «Азат» — орташа таптың партиясы. Партияның мақсаттары — демократиялық, зайырлы, кұкықтық, әлеуметтік мемлекет пен ашық қоғам құру. Тәуелсіз, гүлденуші, демократиялық, еркін Қазақстан құру үшін азаматтардың күш-жігерін шоғырландыру. 2007 жылғы 23 маусымда «Нағыз Ақ жол» КДП-ның III съезінде Жалпыұлттық социал-демократиялық партияға қосылу туралы шешім қабылданды 2007 жылғы 20 қазанда «Нағыз Ақ жол» ҚДП-ның IV съезінде «Нағыз Ақ жол» ҚДП-ның III съезінде бұрын қабылданған ЖСДП-ға қосылу туралы қаулысының күшін жою туралы шешім қабылданды. 2008 жылғы 29 ақпанда IV съездің екінші отырысында «Нағыз Ақ жол» партиясын «Азат» КДП деп қайта атау туралы шешім қабылданды, осы атаумен ол 2008 жылғы 11 сәуірде қайта тіркелді.

«Жалпыұлттық социал демократиялық партия (ЖСДП)».Төраға — Тұяқбай Жармахан Айтбайұлы. Төрағаның орынбасары — Қосанов Әміржан Сағидрахманұлы. Партия 2006 жылғы 10 қыркүйекте құрылған, 2007 жылғы 25 қаңтарда тіркелген. Мүшелерінің саны 140 000 адам, Барлық облыстарда, Астана мен Алматы қалаларында партияның өз филиалдары бар. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия өзінің алдына демократиялық, құқықтық, әлеуметтік мемлекет, инновациялық экономика құру, жаңа гуманитарлық саясатты жүзеге асыру міндеттерін қойып отыр. Партия әлемдік социал-демократиялық қозғалыстың құндылықтарын, Еркіндік, Әділеттілік, Ынтымактастық кағидаттарын Қазақстанның саяси тәжірибесінде жүзеге асыру бағытында дәйекті жұмыс жасауда. 2007 жылы Мәжіліске сайлауда партия 4,54% дауыс алып, Парламентке өтпеді.

Еліміздегі демократиялық өзгерістерді одан әрі жетілдіру, әрі партиялық алаңдағы қарым-қатынасты реттеу мақсатында 2008 жылы 2002 жылғы «Саяси партиялар туралы» заңға толықтырулар мен өзгерістер енгізілді. Соның бірі партия құру үшін қажет 50 000 мүшенін 40 000 дейін төмендетілуі Парламент Сенатында Президент тағайындайтын депутаттар саны 15-ке дейін көбейтілді. Осыған орай, Елбасы 2007 жылы 28 тамызда қосымша 8 сенаторды тағайындады.

Дерек көзі «Қазіргі Қазақстан тарихы» Алматы «Раритет», 2010ж. 144-151 беттер. Б.Ғ. Аяған, Х.М. Әбжанов, Д.А. Махат

Мәлімет ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтынан берілді.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?