Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақстанның ұлы адамдарының өмірінен алынған сирек суреттер

4663
Қазақстанның ұлы адамдарының өмірінен алынған сирек суреттер - e-history.kz

14f0a2cc31e5933fe0e67604ef4f3400.png

Күйші Дина Нұрпейісова және халық ақыны Жамбыл Жабаев. Алматы қ.,
1938 ж.

b35b54d6d9f1240f7c8d267daccb8f68.png

Жамал Омарова, ҚКСР Халық әртісі. Алматы қ., 1946 ж.

535203a868bf1bf0be3f1e2bd83a5578.png

Гульфайрус Исмаилова, суретші, Қазақстан Республикасының  Еңбек сіңірген өнер қайраткері. Алматы қ., 1975 ж.

04f872dd429a3994722bc7e3027dc4a7.png

Композитор Евгений Брусиловский және КСРО Халық әртісі Күләш Байсейітова. 

Алматы қ., 1945 ж.

ed372e0eb4ab29056f43743d8ab1a9fe.png

Қажымұқан Мұңайтпасов Халықаралық күрес сайысының жеңімпазы. 1910 ж.

62e2bb2c6653632662b252a321fb6632.png

А. Сызғанов , хирург, ҚКСР-ның Ғылым Академиясының академигі, Клиникалық және эксперименттік хирургия институтының директоры. Алматы қ., 1970 ж.

11d9defb7a13a8816a8b202407fe2a60.png

ҚКСР Халық әртістері Х. Бөкеева және Б. Досымжанов. Алматы қ. 1964 ж.

2d37b6f932ae718974d717dbeff09760.png

Әміре Қашаубаев Париж қаласында гастроль кезінде (сол жағынан үшінші). Париж қ., 1925 ж.

a8be492ab21a0e8cb3156a012a73e0ba.png

Қазақстан Композиторлар Одағының басқарма мүшелері: отырғандар  Қ. Қожамияров, Е. Брусиловский, М. Төлебаев; тұрғандар: Б. Ерзакович, Б. Байқадамов. Алматы қ., 1953 ж.

d9826aec70d9c7b1362d12cb79409840.png

Мәскеу қаласында өткен Қазақ әдебиеті мен өнері онкүндігінің қатысушылары (сол жақтан оңға қарай): Ә.Үмбетпаев, Ш. Жиенқұлова, М. Әуезов, Қ. Бадыров, Г. Ғалиева. Мәскеу қ., 1958 ж.

961cf840aa0187994b6073d9f9b7ba0e.png

Қазақ радиосының дикторлары (оңнан солға): А. Дөлембаев, М. Мақатаев-ақын, З. Шарипова, А. Байжанбаев, М. Сейітова. Алматы қ., 1953 ж.

67c3b3290476f89e1aa523a256131c6f.png

КСРО және ҚКСР Халық әртістері Ришат мен Мүсілім Абдуллиндер. Алматы қ., 1986 ж.

7d17b56a27e82bb45d592a2d261ac351.png

Қазақстан шығармашылық Одақтары пленумының қатысушылары (сол жақтан оңға қарай): Ә. Әлімжанов, С. Мұқанов, Р. Бағланова, О. Сүлейменов. Алматы қ., 1972 ж.

fd9233a29490e4c6398a4daee3f15589.png

Ә. Марғулан Ленинград университеті студенттерінің арасында. Ортада – М. Әуезов. 1925 ж.

f2fe6b6a753b18c385dfa555c622a419.png

Қазақстан коммунистік партиясының Орталық комитетінің бірінші хатшысы, ҚКСР Президенті Н.Ә. Назарбаев ант беру кезінде. Алматы қ., 1990 ж.

11e967bba9d178f1224eb57661f102fd.png

Н.Ә. Назарбаев, Карметкомбинатының кен домна пешінің жұмысшысы. Теміртау қ., 1962 ж.

c4814d6f617ee04e605ce13553c249eb.png

Б. Сарыбаев, өнертанушы ғалым, көне қазақ аспаптарының мұражайында. Алматы қ., 1973 ж.

9609d7cbb98a4dbfe868a200602f0beb.png

«Еңбекші қазақ» газетінің бірінші редакциясы. Солдан оңға қарай: А. Сегізбаев, К. Ғабдуллин, Н. Құлжанова, С. Сейфуллин, Т. Арыстанбеков, С. Мұқанов. Орынбор қ., 1924-1925 жж.

23c039ce403afebcce68449dc617e205.png

Қ.И. Сәтбаев ҚКСР Ғылым Академиясының  Президенті, жұмыс кабинетінде. Алматы қ., 1951 ж.

306c63bf34b2a8e1bc972dddf9e03676.png

Солдан оңға қарай: Қ. Жандарбеков, ҚКСР Халық әртісі, С. Бондарчук, КСРО Халық әртісі, Ш. Айманов, КСРО Халық әртісі, Қ. Қуанышбаев, ҚКСР Халық әртісі, С. Қожамқұлов, ҚКСР Халық әртісі. Алматы қ., 1960 ж.

bea98cada9a62cd36e4636b188034a81.png

Бүркітші. Аңшылықтан кейін. Солтүстік Қазақстан облысы, 1955 ж.

317bc239258d34be7bc0dfb6b66819b3.png

«Ярыш» футбол командасы. М. Әуезов 3-ші қатар, оң жақтан екінші. Семей қ., 1913 ж.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?