Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Астана тарихы

17371
Астана тарихы - e-history.kz
Астана — қазақ елінің төртінші астанасы (1998)

ҚР-ның Жоғарғы Кеңесі (1994ж. 6 шілде, 106-қаулысы) және Мин. Каб-і (1996 ж. 6 шілде) ҚР-ның астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы қаулылар қабылдады. Оған себеп Ақмоланың республиканың кіндігінде геосаяси тұрғыдан тиімді орналасуы, қаланың елеулі өнеркәсіптік әлуеті, құрылыс индустриясын одан әрі дамытуға қажетті базаның болуы, ірі тасымал торабына орналасуы әрі қажетті көлік және телекоммуник, инфрақұрылымның болуы, жоғары білікті кадрлар әлеуеті, жеке меншік секторды және кәсіпкерлікті дамыту үшін мүмкіндіктердің молдығы, аймақтағы саяси және әлеуметтік тұрақтылық, қаланы дамытуға қажетті бос жерлердің жеткіліктігі сияқты факторлар еді. ҚР Президентінің жарлығымен арнайы Ақмола экон. аймағы (ААЭА) құрылды (1996 ж. 9 қазан).

1997 ж. 20 қазанда ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы" жарлыққа қол қойды. (1998 жылдың 6 мамырда Елбасының жарлығымен ҚР-ның астанасы — Астана қаласы болып аталды, ал 20 мамырда «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» ҚР-ның Заңы қабылданды. Сол жылғы 10 маусымда тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасының салтанатты ашылу рәсімі болып өтті.

Астана қалалық екі ауданға (Алматы, Сарыарқа) бөлінеді. Тұрғыны 500 мыңнан астам адамды құрайды. Қала Есіл өзенінің оң жағасында жазық жерде орналасқан.

Астана — мемлекеттің саяси, әкімшілік, экономикалық, мәдени орталығы; елдікті, ұлттық бірлікті білдіретін бас қала.

Қаланың Гербі

a1e9beddcb9be86bc149a28a54d47196.jpg

Герб дөңгелек қалқан түрінде жасалған. Көгілдір аспан аясында қала тарихының және ел қорғанының символы бекініс қабырғасы; сақ аңыздарының кейіпкері — даналық пен бекзаттықтың символы — қанатты барыс бейнеленген; алтын тәж Астананың бас қала ретіндегі мәртебесін бейнелейді. Шаңырақ — ұлттық дәстүрлердің сабақтастығын білдіреді. Бидай масақтарымен жиектеу өлкенің астық молшылығын сипаттайды.

Климаты

Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан.

Климаты шұғыл континентті, оңтүстікке қарай шөлейттенеді. Қазақстанның осы бөлігінде жыл мезгілдерінің өз ерекшеліктері бар. Қар мол жауып, қысы ұзақ болады. Наурыздың аяғына таман көктем кеш шыққанмен, табиғат әсем түрге енеді, бұл кезде сарыгүл мен бәйшешек гүл атады.

Астанада жүзден астам ұлттың өкілдері тұрады, байырғы тұрғындары — қазақтар. Оның 64,4%-ы еңбек жасындағы адамдар, 10,2%-ы зейнеткерлер. ня

Астана уақыты — Астана қаласы орналасқан 5-сағаттық белдеудегі жергілікті уақыт. Жер шары бойынша шартты түрде 24-ке бөлінген сағаттық белдеу батыстан шығысқа қарай Гринвич меридианынан басталады. ҚР аумағы арқылы 4 және 5 — сағаттық белдеу өтеді. Астана қаласының, сондай-ақ Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының уақыты дүниежүзілік уақыттан 6 сағ., Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының уақыты дүниежүзілік уақыттан 5 сағат алда, ал кейінгі аталған облыстар уақыты Астана уақытынан 1 сағ. кейін жүреді.

Қәзір қаланың аумағы 200 шаршы км., астам аумақты алып жатыр. 1998 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» деген жоғары атақ беріліп, медальмен марапатталды. Қала аса шапшаң қарқынмен дамып келеді және оның келешегі зор.

Тарихы жағынан алып қарағанда, көптеген қалалар өзендер қиып өтетін ежелгі керуен жолдарының бойында қоныс тепкен.

Бүгінде Астана орналасқан жердің ежелгі атауы Қараөткел деп, Орал мен Сібірді Кіндік және Орта Азиямен байланыстырған Ұлы Жібек жолының солтүстік тармағында қоныс тепкен қазақ елді мекенінің атауымен аталған. Есіл өзенін кешіп өтетін ыңғайлы керуен жолындағы Қараөткелде 1830 жылы қазақ ауылдары өкілдерінің кеңесімен Ақмола әскери бекінісі салынған. 17–18 ғасырларда Ақмола облысының аумағына Ресей мен Украинаның орталық губернияларынан шаруалар көптеп қоныстандырыла бастады.

Сол кездегі Ақмоланың жәрмеңкелеріне Қазақстанның Ресейдің, Орталық Азияның түпкір-түпкірінен саудагерлер ағылды.

2000 — Қазақстан үкіметі «Астана қаласын дамытудың бас жоспары туралы» қаулы қабылдады.

Елбасының қатысуымен елорданың Жаңа алаңы, К. Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры, бизнес-сервис орталығы ашылды.

Астана қаласының шекарасын өзгерту туралы" Елбасы Жарлығы шықты, оған сәйкес қала аумағының жалпы көлемі. ұлғайды.

200 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап 2007 жылға дейінгі кезеңді қамтитын «Астана — жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы (АЭА) құрылды.

2003 — Әлемдік және дәстүрлі-ұлттық діндер көшбасшыларының халықаралық сьезі болды.

2004 — ауқымы мен бұрын-соңды болмаған мерзімнің ішінде ірі әкімшілік мекемелерін сол жағалауға көшіруде орасан зор жобалар жүзеге асырылды.

Есілдің сол жағалауындағы жаңа әкімшілік орталық аумағында ҚР Президенті резиденциясы ғимаратының ресми ашылуы болды. Президент Н. Назарбаев «Ақ Орда» деп аталатының жариялады.

2005 жылы Астана қаласы халықаралық әуежайының жаңа жолаушылар терминалы салтанатты ашылды.

Сол жағалауда ҚР Парламенті сенатының, ҚР Үкімет әкімшілік ғимараттарының, «Тұлпар» тұрғын үй кешенінің және мемлекеттік қызметкерлерге арналған үйлердің, цирк ғамаратының құрылысы аяқталды, дипломатиялық қалашықты салу жалғасуда.

2005 жылғы 1 маусымға дейін сол жағалауда отыз тоғыз нысан ҚР Призидентінің Резиденциясы, ҚР Парламенті Мәжілісінің, ҚР Сыртқы істер министрлігінің, «Астана-Бәйтерек» монументінің ғамараттары, «Аяулы алақан» композициясы, Жоғарғы Соттың, ҚР Қорғаныс министрлігінің, ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің акімшілік ғимараттары, Ислам мәдени орталығы, «Думан» офын-сауық орталығының 1-ші және 2-ші кезегі, Ұлттық кітапхана, 1200 орындық мектеп, «ҚазМұнайГаз» компаниясының екі нысаны, кардиология орталығы, муниципалдық үйлер кешені, бір ауысымда 120–150 адамды қабылдайтын емхана, сулы-жасыл бульвар, «Отель-Президент» мейманханасы, «Ғашықтар» саябағы пайдалануға берілді.

Астананың көрнекті орындары

«Астана -Бәйтерек» монументі Елорданың басты көрнекті орындарының бірі — сол жағалаудағы алғашқы сәулетті құрылыс — «Бәйтерек» монументі. Осынау бірегей нәзік кешен Астананың символдық бейнесіне айналды. Монумент негізіне шетсіз-шексіз мұхит шайып жатқан Көктөбе тауында өсетін, ертегідегі ағаш туралы аңыз алынды. Жыл сайын оның жапырақтарына қасиетті құс — Самұрық алтын жұмыртқа салады. Алайда, жыл сайын оны айдаһар жеп қояды, бұл Күн мен Түннің, Жаз бен Қыстың, Жақсылық пен Жамандықтың алмасуын бейнелейді. Евразиялық кеңістіктің нағыз кіндігінде, өркениеттер тоғысында өмір ағашы — Бәйтерек терең тамырларымен жерді ұстап тұр, ал оның бұтақтары аспанмен таласады.

Ғасырлар бойы ауыздан ауызға тараған ежелгі аңыз қайтадан жаңғырды.

Есіл өзенінің сол жақ жағасында жапырақ жайған «Астана-Бәйтерек» заңғар көкке құлаш ұрды. Биіктігі 105 метрлік, салмағы 1000 тоннадан асатын металл құрастырмалар 500 тіреу-қадаларға бекітілген. Әлемде тұңғыш рет диаметрі 22 метрлік, салмағы 300 тонналық күн сәулесімен құбылып тұратын әйнектен жасалған шар 97 метрлік биіктікке көтерілді- бұл Қазақстанның жаңа елордасының 1997 жылдан бастап пайда болғанын еске салады.

"Бәйтеректің негізгі идеясы — ол Бейбітшілік Ағашы. Мұндай ағаштың басты қызметі әлемнің үш деңгейлі құрылымын біріктіру: төменгі жерасты, жер үсті және аспан әлемі. Бәйтерек сәулетінде монументтің жер астындағы бөлігі 4,5 метрлік тереңдікте, мұнда дәмхана, аквариумдар және белгілі суретші Ерболат Төлепбайдың шағын галереясы орналасқан. «Бәйтерек» ағашының діңімен шолу лифтілері арқылы көтеріле отырып (орта деңгей), көктегі деңгей — шарға тап боласын. Шардың ішінде бар, жаңа елорданың келбетін алақанға салғандай көрсететін панарама залы орналасқан. 97 метрлік биіктікте күміс тұмар — Нұрсұлтан Назарбаевтың алақанының таңбасы салынған. Ол мемлекетті және оның азаматтарының бейбіт өмірін, достығы мен келісімін қастерлеп сақтауға үндейді. Астанада әлемдік діндердің бірінші сьезі өткізілуі монументке үлкен маңыз береді. Рухани көшбасылардың бірінші сьезінен кейін «Аялы алақан» жанында тағы бір ұстын пайда болды. Онда Қазақстан жеріне әлемнің 17 елінен келген әлемдік діндер көшбасшылары қолтаңбалары мен тілек-батасын қалдырды.

 

«Атамекен — Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені

«Атамекен -Қазақстанның картасы» танымдық -көркем кешені елорда тұрғындары мен меймандарын мемлекетіміздің, оны мекендейтін халықтардың тарихымен таныстырады. Өркештенген таулар мен қыраттар, жазира дала, орман-көлдер, ірі қалалардың бейнесін көз алдыңа сәулет үлгілері осы орталықтың өзіндік ансамблін құрайды.

Этно-мемориалдық кешен алаңды алып жатыр. Картада 14 облыс пен Астана және Алматы қалалары орналасқан. Этно-кешен қызметінің баға жетпес тәжірибесі келешек ұрпақты рухани және патриоттық сезімге тәрбиелеу ісінің жаңа беттерін жазары сөзсіз.

Бейбітшілік пен келісім сарайын атақты британдық сәулетші Норман Фостер жобалады. Сарай ғимараты елорданың жаңа әкімшілік орталығының орталық бөлігінде президенттік сарайға апаратын жолдың кіндігінде орналасқан. Төменгі бірнеше деңгейін 1500 орындық опера театры алып жатыр. 25 қабатты ғимараттың биіктігі –, оның іргетасының аумағы да осындай. Ғимараттың ішінде жиналыстар мен конферекциялар өткізетін бөлмелер, үш қабатты мұражай, көрме және концерт жалдары, кітапхана, діни конфессилардың кеңселері орналасқан. Пирамиданың ұшар басында әртүрлі діндер мен конфессиялар көшбасшылары жиналыстарын өткізетін 200 орындық дөңгелек зал орын тепкен.

«Барыстар»

Қаланың кіреберісіндегі биік тұғырға орнатылған барыстар қала қақпасын айқара ашумен бірге оған беттеген дұшпандармен айқасуға әзір болып, тыныштығын күзетіп тұрғандай.

Өзен жағасын шолып тұрған «Барыстарды» жасау идеясы шығыстың экзотикалық раритеттеріне европалық түсінікті еске салады. Авторы — Т. Досмағамбетов.

2008 жыл еліміздің елордасы Астана 10 жылдық мерейтойын салтанатты атап өтті. Қазақстанның елордасы Астана — қазіргі заманға лайық, нағыз жаңа қала болып өте қысқа мерзім ішінде тарихымызда бұрын соңды болмаған қарқынмен қарыштап дамып, өзіне ғана тән бет — бейнесімен қалыптасып келеді.

Мәліметтер tarih.spring.kz сайтынын алынған

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?