Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ермактың Сібірді жаулауының жекелеген тарихы XIX ғасырдың басындағы "Сибирский вестник" журналында. (мақсаты, нәтижесі, қорытындысы)

2643
Барша Батыс Сібір, Алтай аймағын ХVІ ғасырдың со­ңы­нан басталған ресейлік иеленудің тарихы, оның мақсаты, ба­ры­сы, нәтижесі ХІХ ғасырдың басында жарияланып келген..

  Барша Батыс Сібір, Алтай аймағын ХVІ ғасырдың со­ңы­нан басталған ресейлік иеленудің тарихы, оның мақсаты, ба­ры­сы, нәтижесі ХІХ ғасырдың басында жарияланып келген “Си­бир­ский Вестник” журналында кеңінен баяндалды. Оларда атал­ған өңірді отарлаудың Ресей империясы үшін маңызы, қа­жет­тілігі сараланып, осы басқыншылық саясат барынша дәріп­теліп келгендігі белгілі. Көрсетілген тұрғыдан алып қарағанда журнал­дың 1818 жылғы санындағы [1] “Картина Сибири” атты шолуда Сі­бір­ді жаулаудың бастаушысы Ермактың Сібірдің байырғы ха­лық­тарына қарсы әскери жорықтары баяндалған. Оның жаулауларына империялық тұрғыдан баға берілген. Отар­лаушыларға қарсы Көшім ханның әрекеті сараланған. Яғни, ба­сылымда баяндалғанындай: “Сібірдің атауы Көшім ханның соң­ғы мекені болған Ертістің тік жағалауындағы Искер немесе Сі­бірмен байланысты.

... Көшім Бату ханның туысы Шайбани хан негіздеген Ту­ран патшалығының соңғы билеушісі. Шайбани аса жауынгер, қа­тал, Ресейді тозғынға ұшыратушы Батудан қазіргі Тобольск маңайындағы жерлерді иелігіне алды. Шайбанидың ізбасарлары Исеть, Турь, Тавды, Ертіс және Обь өзендері өңірлеріндегі бар­лық татар ұлыстары немесе болыстықтарға иелік етті. Көшім Сі­бірдегі мұсылман дінін негіздеуші болды.

... Ұлы Пермнің, Ұлы Устюгтің тұрғындары қо­­ныс еткен Югор тауларынан немесе қазіргі Оралдан ары (Урал татар тілінде Орал тау немесе көне Рифей жоталары деп аталады) қуат­ты халық мекендеген жерлер бар. Аталған халық табиғат­тың бағалы қойнауынан байып, қажетінің барлығын алды, салт­тары және тілдері, өз қоғамдарын, әскери және азаматтық заң­да­рын негіздеді. ... Ұлы Пермнің тұрғындары Ермакқа жол көр­сетіп қана қоймай, оны жорыққа қажеттілермен жабдықтады.

... Ол қарапайым халық арасынан шыққан, алайда ерлігі­мен есімі белгілі болған, Сібірдің Ресей үшін маңызын ұға біл­ген адам.

... Сібірге ие болу Ресей үшін бүкіл Еуропалық тұрғыдағы жаңа жерді ашумен бірдей, тіпті одан да артық маңызға ие бол­ды. Оның (Сібірдің,-Ғ.Қ.) ашылуымен мемлекеттің алдына жаңа мақсаттар қойылды, қаржының жұмсалуы өзінің дұрыс жолына түсті. Колыванскінің алтыны мен күмісі оны (қаржылай,-Ғ.Қ.) қол­да­ды, темір орыс жасақтарының кеуделерін қорғап, біздің жаула­рымыз -  Батудың ұрпақтарын талқандауымызға әкелді. 

... Қарапайым казак ортасынан шыққан Ермактың Азия­ның үштен бір бөлігін бағындыруы оны батыстың батырла­ры­мен: Америго, Колумбы, Кортецы, тағы да басқаларымен бір қатарға шығарды..

Өзінің шағын ержүрек жасағымен Ермак жаңа жерлерге ұмтылды және Еділді жүзіп өтіп, Камаға шықты, Оралдың биік шың­­дарынан өтіп, Қара өзендер арқылы (Орал тұрғындары ба­тысқа қарай ағатын өзендерді – ақ өзендер; шығысқа қарай аға­тындарды – қара өзендер деп атайды) Шығысқа қарай жылжи отыра 1581 жылғы 25 қазанда Шуваш мүйісіндегі Көшімнің туы­­сы Махмедқұлмен болған шайқаста Көшімнің барша қуа­ты­на соққы беріп, Искерді басып алды және бүкіл Сібірді Ресей би­­лігіне бағындырды.

... Осындай жігермен іске асырылып, күш пен соғыс өнеріне сүйенген табыс ғасырларға белгілі болды.

Ермактың батырлықтың барлық үлгілерін көрсеткендігін тарихи естеліктер айқындай түседі. Олар: өмірге салмақтылық­пен қарау, салқынқандылық, өзінің достарына деген сенімділік пен достық, іскерлік қабілет, ойының ұшқырлығы, қиыншы­лық­қа төзімділік пен ең бастысы заңның орындалуына, мемлекет билеушісінің талабын орындауға деген жауапкершілік. Осының барлығы оны Оралдан арғы жақтағы Отанының құтқарушысы ретінде қалыптастырды.

... Ермактың тапқырлығына таң қалмасқа болмас. Атап айт­қанда, өзен арқылы жайпақ қайықпен жүзе отыра ... ол  өз жа­са­ғымен өзен суының таяздығына көзі жетті және қарсы­ластарының оны жылдам қуып жететіндігін ұға білді. Осындай жағдайда Ермак не істеді? Ол өзінің жасақтарын қайықтың ал­дына жаяу түсіріп, суды ескекпен қайыққа қарай жинауды, жел­ді пайдаланып, желкендер арқылы алға қарай тоқтаусыз жүзуді қамтамасыз етті.

... Осылай Ермак сағат сайын саны молая түскен өзінің қар­­сыласын қуып жетеді, жасақтарының жауларына қарсы үн­сіз­дігін сақтауын талап еткен Ермак оларға жақындай түсті. Ер­мак өз әскерлерінің осындай үнсіздігін қамтамасыз етіп, татар­лардың қырағылығын бәсеңдетуді жоспарлады. Оның әскер­ле­рінің үнсіздікпен таяуларын аңғармауларын көре отыра ол та­тарлардың молынан жиналуын күтіп, орман ішіне келіп тоқта­ды, әскерлеріне демалыс ұйымдастырып, мұсылмандар айға қа­рап жалбарына бастаған кеш кезінде құтқарушыларына сиына отыра сақтықпен оларға таяп келіп, сырт жақтарынан тұтқиыл­дан шабуыл жасады, қапысызда қалған жауларын толығымен талқандады.

Оның бұл ерлігін өгіздің мүйізін сабанмен орап, оны отқа жағып, римдіктерді қапыда қалдырған Ганнибалдың тапқырлы­ғы­мен салыстыруға болады. Ганнибалдың бұл тапқырлығы оның атақты жеңісінің себебі деп бағаланса, Ермактікі де басқа­дай болғанымен осыған тең.

 Оның бұл ерлігі Ресей билеушісі тарапынан жоғары баға­лан­ды. Сол кездегі Сарай билеушісінің ерекше ықыласы деп ба­ғаланатын оған мақтау грамотасы, арнайы патша тоны, күміс ожау, екі бай жабдықталған сауыт, қажетті мата жіберілді.

Сібірді бағындырғандығы туралы қуанышты хабарды жет­­кі­зу үшін патша Иван Васильевич Грозныйға Ермак өзінің үш атаманын, атап айтқанда Гроза, Кольцов және Богданды жі­берді. “Сібірді бағындырғандығының белгісі ретінде, - деп көр­сетеді Витзен,- Ұлы Патша Иван Васильевич Грозныйға алты құндыз, жиырма қара түлкі және елу бобра терілерін жіберді”.

... Сібір жазбаларының мәліметтері бойынша Ермак Ис­кер­ден Ертістің жоғары ағысына қарай жылжи отыра өз әс­кер­лерінің қалдығымен жаңбырлы ауа райының орын алуы се­бе­бінен Валаяның жоғары жағындағы Ермак бекінісі (копи) деп аталатын жерде түнеуге шешім қабылдады. Алайда кейін шегін­ген Көшім өзіне тән қулығы және азиялық тапқырлығымен жауының соңынан аңдып отырды cонымен бірге жаңбырлы ауа-райы мен қараңғылықты пайдаланып, терең түн ішінде оның шебіне шабуыл жасады, ұйықтап жатқан барлық казактарды түгелге жуық қырып салды.

Асқан ержүрек, батыл, іскер және терең ойлы Ермак Кө­шімді талқандап қана қоймай, толық жеңіске жетер еді, алайда жорықтан әлсіреп, жаңбыр суы өткен, жақтастарының жеңілісін көрген ол өзінің аман қалу мүмкіндігіне қарамай, оларға көмек­тесу үшін Вагайда тұрған қайыққа ұмтылды. ... Осы арқылы ол өзінің  өліміне қарай қадам аттады.

... Сібір жылнамашыларының мәліметтері бойынша ауыр сауыт киген Ермак ажалдан құтылу үшін қайыққа секіріп отыр­мақ болды, алайда оған жете алмай, суға құлап, ... батып кетті. Бұл оқиға 1584 жылдың 5 тамызынан 6-на қараған түні орын алды.

... Одан ары баяндалатынындай, Ермактың денесі Ертіс өзе­німен төмен қарай Вагая жағалауы бойымен 15 шақырым жерден табылды. ... Татарлар Көшім ханға Ермактың денесінің табылғандығын хабарлап, хан әскери нөкерлерімен Ермактың сауытын шешіп, Бегіш  татарлары жеріндегі молаға жер­ле­ген. Егер де бұл айтылғандар шын болса, Ермакқа нағыз батыр ретінде құрмет көрсеткен Көшім де қарсыластарынан құрметке ие болар еді. 

(Алайда,-Ғ.Қ.) Сібір жылнамаларында: “Ермакты жерле­мес бұрын олар Ермактың әскери киімін өзара бөле отыра, кек­терін алу мақсатында Ермактың денесін садақ оғымен атқан,”-деп жазылған. 

Ермактың әйгілі ерліктеріне және қайтыс болу жағдайына мұқият назар аудармау біздің тарихқа қажетті анықтамаларды айқындауымызға мүмкіндік жасамай, орын алған оқиғаның бар­лығына күмән келтіруге итермелейді.

Ермактың Сібірдегі батырлықтарына сай ескерткіш орна­туға көптеген кері пікірлер бар, ... атап айтқанда өзінің батыл жасағы арқылы айлакер Көшімді жеңудегі ержүректігі, іскерлігі арқылы мақсатына жетуін баяндау. 

... Көшім ханның астанасы Искер немесе Сібірдің қалдығы үлкен Сібір жолы бойындағы Тобольскіден төменгі жолдың 19 шақырымының оң жағында орналасқан, осы күнге дейін Кө­шім қалашығы деп аталады. ... оны Ермактың алғандығына таң қалмасқа болмайды. Қала орналасқан Ертіс жағалауының тік жарлығы оған адам аяғының басуына да мүмкіншілік жасамады.

... Тобольскіден 25 шақырым және Нижне-Ярковой дерев­нясынан 1,5 шақырым жердегі Козловка өзені жағалауында  топырақтан тұрғызылған  үш қорған және үш қазылған ор бар.

... Сібір жылнамалары мәліметтері бойынша Ермак өзінің ержүрек жауынгерлерімен татар хандарының үрейін алып, Кө­шім әскерлерінің жауынгерлік қырағылығын әлсірете отыра бірден оның астанасы “Искерге” немесе “Сібірге” шабуыл жа­сап,  Көшім жан сауғалап, қашуға мәжбүр болды. 

Ертіс арқылы Тобольскіден 29 шақырым бойы жоғары қа­рай Асылан және Белкина өзендері аралығында 10 сажендік биік­тікте көлемі 3 сажендік ... екі қорғаныс дуалы кездеседі. Аталған бекіністен Абакан көлі және Ертіс өзеніне дейінгі жер­де сулы, қалың шалғын бар. Осы жердегі Асылан  өзені жа­ғалауында Загвоздина деревнясы орналасқан. Мұнда татар­лар әр жыл сайынғы мамыр айында сиыну үшін жиналып, өзде­рі­нің қайтыс болған туыстарына құрбандық шалады.

... (Осы маңайдағы,-Ғ.Қ.) Ертіс өзенінен 100 қадам және То­больскіден 45 шақырым жердегі Березовск өзенінің төменгі ағысының оң жағалауында биіктігі 5 сажендік (қадамдық,-Ғ.Қ.) бекініс орналасқан.

... Тағыда басқа бекіністер татарлардың Ермактан қор­ғануы үшін салынған.

Көне бекініс орнының қалдығы Ертістен жоғары қарай Тобольскіден 50 шақырым жердегі Ер­мак қонысына (копи) таяу жерде орналасқан. ... Кейбіреулердің мәліметтері бойынша бекініс Ермактың татарларға берген соқ­қысы кезінде жан сауғалау мақсатында қазылып, сонда жасы­рынып қалған татар әйелдерінің ерлігіне куә болады. Ал бұл азиялық әйелдердің  батырлығын көрсетеді.

... Ермак қазындысы (копи) Тоболскіден мөлшермен 58 шақырым жерде. Ол Ермактың жорығының үшінші жылы, атап айтқанда 1584 жылы Ертіске жақын Табая көлі жанынан қазылған. Аталған қазындының қазіргі күнгі сыртқы көлемі бес қадам, тереңдігі 2-ден 3 қадамға ... дейін.

... бұл қазынды арқылы ол жаудың келе жатқандығын ай­қындап, оның артынан шығып, айлакер Көшімге соққы берген” [1.1,3-4,5, 9-10,12-13,15,17-18, 19,20,21-22,23-24-25, 28, 30, 31-32,33-34,36-37,38].

Осы журналдың 1821 жылғы санындағы [2] “Летопись Сибирская, найменованная в ІХ томе Истории Государства Рос­сий­с­кого Строгановского” деген атаумен берілген шолу­да: “Сібір жазбасына тоқталатын болсақ, біздің тарихшымыз Н.М. Карамзин оны Сібір патшалығын бағындыруды зерттеуге пайдаланған жылнамалардың барлығынан шындыққа жақын екендігін мойындаған. “Строгановтар тарихы” деп аталатын Сібір жазбасы негізіндегі жаңадан шыққан Ресей мемлекетінің тарихының ІХ томынан мысалдар келтіре кетсек: Ермактың ерлігін сипаттай отыра айтылатыны, ... ондағы оқиғалардың барысы, қорытындысына арналған ... көптеген  аңыздар пайда болып, тарихшылардың шындықты ажыратуларына қиындық келтіреді. Атап айтқанда, Ермактың жүз жауынгері  Кортец немесе Пизарров әскерлері сияқты мың адамдық күшке айналып,  айлық қимылдары жылға теңескен ғажайып істей баяндалды.

  Атамандар ағыны қатты, тасты, қауіпті Чусовой өзенінің жо­ғары ағысы арқылы Орал тауы бойымен екі күн бойы Се­ре­брянная өзенімен Сібірге өтті, осы жерге тоқтап, одан ары қай­да барарларын білмей, өздерінің қауіпсіздігі үшін жерді қазып, бе­кі­ніс жасады, оған Конуя қалашығы деген атау берді, алда­рын­дағы бос даланы, немесе саны аз бейбіт тұрғындарды көріп, олар арқылы Жаравли  өзеншесіне дейін жетті. Осы жерде Ермакка ескерткіш қойылып, оның бекінісінің қалдығын Ер­мактың есімімен атайды.

... Жаравли және Тагил арқылы атамандар Сібір пат­ша­лы­ғына енетін Тура өзеніне шығып, осы жерде алғашқы жаулау шайқастарын өткізді. Қазіргі (ХІХ ғасыр басындағы,-Ғ.Қ.) Ту­ринскінің орнында  князь Епанчаның қалашығы болып, татарлар мен вогулдар ержүрек жаулаушыларды жағадан (қазіргі Усе­ниново селосы) қалың жебе оғымен қарсы алды, алайда зеңбірек жаңғырығынан қорқып қаша бастады. Ермак аталған қалашық­ты талқандауды бұйырды. Қалашықтың атауы ғана қалды. Тұрғындар әлі күнге дейін Туринскіні Епанчинск деп атайды. Турадан төменгі өңірдегі ұлыстар мен қоныстарды талқандай отыра Тавды өзені жағалауында өзінің өмірін сақтау жолында оларға барлық мәліметтерді бергені үшін босатылған Көшімнің қызметкері Таузақты тұтқынға алды.

(Тұтқыннан босаған Таузак Көшімге,-Ғ.Қ.) казактардың аса қаһарлы, жеңілмейтін жауынгерлер, сауытты тесіп өтетін отты және өлім әкелетін, жаңғырық арқылы атылатын қарулары бар екендігін жеткізді.

Алайда ерекше батыл Көшім патшалығы және (діни,-Ғ.Қ.) сенімі үшін табандылықпен шайқасуға шешім қабылдап, барлық ұлыстар­дан әскер жинады, немере інісі Мәметқұлды саны көп атты әскермен далаға жіберді, ал өзі Ертіс өзені аңғарындағы Шуаш  тауы етегіне бекінді. 

Яғни, Тоболдың жағалауындағы Бабасан деген жердегі бі­рінші шайқаста Ермак қазылған ордың жиегінде тұрып, зең­бі­ректің бірнеше дүркін атылған оғы арқылы Мәметқұлдың он­да­ған немесе одан да көп атты әскерлерінің шабуылдарын тоқ­тат­ты, оны талқандап, Тоболдың жоғары өңіріне қарай жол ашты, алайда оның тұрғындары Долгий яр (Ұзақ жар,-Ғ.Қ.) деп ата­латын осы өзеннің жағалауына бекініп, казактардың қайық­та­рына қарсы садақ жебелерін жаудырды.

Екінші маңызды іс – Ертіс өзенінен он алты шақырым жер­­дегі ұлыс князы, ханның кеңесшісі Қарашаның (қазір ХІХ ғасырдың басында,-Ғ.Қ. Карачинск деп аталатын бекіністі) алуы болды. Ермак оның ұлысын бағындырып, көптеген олжаға ие болды.

Ермактың жасақтарының өмірін қиған қиян-кескі, шығы­ны көп болған ... үшінші шайқас Ертіс жағалауында орын алды. Сібірдің қорғаушылары табандылық пен бітіспестіктің үлгісін көрсетті, алайда кешке қарай ресейліктерге бағынуға мәжбүр бол­ды. ... Казактар сол кеште қалашықты алып, ... жараланған Мәметқұл ұрыс даласын тастап кетуге тиіс болатын, мырзалар оны қайықпен Ертістің келесі жағалауына алып өтті, осыдан кей­ін қолбасшысыз қалған әскерлер жеңістен үміттерін үзді; остяк княздары ұрыс даласын тастап шықты, татарлар қашып кетті. Христиан туының бекініс үстінде ілініп, тұрғанын естіген Көшім өзінің Сібір астанасындағы қазынасының бір бөлігін алып, Есіл даласынан қауіпсіздік іздеуге мәжбүр болды.

Ресейдің Обь пен Тоболға иелігін  қамтамасыз еткен 107 казак қаза болған осы қантөгісті басты шайқас қазіргі күнге (ХІХ ғасырдың басына,-Ғ.Қ.) соборлық Тобол шіркеуінде еске алынып отырады” [1.7, 8, 9, 10-11, 12, 13, 14-15-16, 22-23, 24-25], - деп көрсетіліп, Ермактың жаулауын насихаттаудың қажет­тілігі көрсетілген. Сонымен қатар осы баяндаудан Сібірдің көне тұрғындары – түркілердің өз жерлерін басқыншылардан қорғау­дағы ерліктеріне де орын берілген.

Қорыта айтқанда, жоғарыдағы сараланған мәліметтер біз­ің ата-бабаларымыз - Батыс Сібір мен Алтайдың байырғы тұр­ғын­да­рының ресейлік отарлауға оңайлықпен беріспей, елі, жері үшін барынша қарсыласқандарының толықтай куәсі болып табылады.

Қарасаев Ғ.М., т.ғ.д.,

ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты, Астана  


  ӘДЕБИЕТТЕР

1. //Сибирский Вестник, издаваемый Григорьем Спасским 1818 года. Часть первая.”Картина Сибири” - Спб., 1818. C.1-38

2. //Сибирский Вестник, издаваемый Григорьем Спас­ским, 1821 год. Часть четырнадцатая, “Летопись Сибирская, наимено­ванная в ІХ томе Истории Государства Российского Стоганов­ского”- Спб., 1821,. С.-235-253

  Мәліметтер ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтынан жіберілді.
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?