Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Верный қыздар гимназиясы

2827
Түркістан генерал-губернаторлығы, Жетісу облысы Верный қаласында Верный қыздар гимназиясы 1876 жылы ерлер прогимназиясының мұғалімдері өздерінің жеке есебінен «Қыздар курсын құрған болатын.

Түркістан генерал-губернаторлығы, Жетісу облысы Верный қаласында Верный қыздар гимназиясы 1876 жылдың екінші жартысынан бастап басшылардың рұқсат етуімен ерлер прогимназиясының мұғалімдері өздерінің жеке есебінен «Қыздар курсын» құрған болатын. 1877 жылдың 1 наурызында Түркістан генерал-губернаторының бұйрығы бойынша бұл курстар дайындық класымен үш кластық прогимназия болып құрылады. Ал 1879 жылы 1 шілдеде прогимназия Түркістан өлкесінің бірінші басшысының бұйрығы бойынша дайындық класымен бірге қосымша сегіз кластық гимназия болып құрылған болатын. 1885 жылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша Верный қыздар гимназиясының директоры, надворный советник Е.М. Груздев деп көрсетілген. 1884 жылғы 1 қаңтарда гимназияда 134 оқушы білім алса, ал 1885 жылғы 1 қаңтарда гимназияда 126 оқушы оқыды. Оқушылардың санының азаюы алдымен 1884-1885 жж. оқу жылындағы дайындық курсының жабылуы басты себеп болған. 1877 жылы гимназия жанында Верный қаласында ата-анасы мен туған-туыстары тұрмайтын оқушылар үшін пансионат үйі ашылды. 1884 жылы 1 қаңтардағы есеп бойынша гимназия пансионатында тұрып жатқан оқушы-қыздардың саны  18 болды, ал 1885 жылғы 1 қаңтарда олардың саны 14 болған еді. Олардың ішіндегі 5 оқушы-қыз қазыналық есеппен оқыды. Гимназияда неміс тілі, француз тілі, орыс тілі, тарих, география, би және гимнастика, таза жазу, сурет салу және сызу, математика, физика, діни ілім (Закон Божий) және т.б. пәндер оқытылды. Гимназияның мұғалімдері жалақыны сабақтардың санына қарай алды.  Верный қыздар гимназиясының толық курсын аяқтаған оқушыға аттестат берілді.   


Мәлімет ҚР БҒМ ҒК  Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтынан берілді.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?