Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Алаш Ордадан Тәуелсіз Қазақстанға дейін: идеялар бірізділігі

12845
Алаш Ордадан Тәуелсіз Қазақстанға дейін: идеялар бірізділігі - e-history.kz
Бүгін елде қоғамның тарихи санасын жандыру бойынша мақсатты жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Бүгін елде қоғамның тарихи санасын жандыру бойынша мақсатты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Тек өз халқыңның және еліңнің тарихын білсең ғана, тәуелсіздіктің өткен ғасырында ие болған ерекше құндылықтарды түсіне бастайсың. Елдің бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күресі ешқашан аяқталмағанын қазақ халқының тарихы көрсетеді. ХІХ және ХХ ғасырлардың ұлттық зиялылардың өкілдері осы көп ғасырлық күресте маңызды рөлді ойнады. «Алаш» бірінші саяси партия және қозғалыстың, Алаш Орда үкіметінің пайда болуы өскен азаматтық кемелдену және туған халықтың болашақ дамудың тағдырлық сұрақтарын шеше алатын қазақ саяси қауымның жоғарғы әлеуеті туралы куәландырды.

«Алаш» қайраткерлері және қазақ басқарма қауымның, ғылыми және шығармашылық зиялылардың өкілдері қазақ мемлекетінің іргетасын қалады. Бүгін біз 1920-шы жылдардың басында Алаш Орда қатысушыларымен шекаралары белгіленген мемлекетте өмір сүреміз. Орта Азияның ұлттық-аумақтық межелеу процесіне және қазақ жерлердің бірігуінде Алаш басшылары беделді қатысты. Алаш зиялылар өкілдері Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, А.Бірімжанов, М.Шоқай, Ж.Ақпаев, М.Тынышпаев, А. Ермеков, сонымен қатар ұлт-коммунистер С.Ходжанов, Т.Рысқұлов, С.Мендешев, С.Сейфуллин, С.Асфендияров, С.Садвокасов, Н.Нурмаков және басқалары қазақ аумағының бүтіндігін қамтамасыз ету үшін барлық күштерін салды.

Сол замандағы қазақ зиялылары өз дәуірінің дүниетанымын құрған жоғары талпыныстағы өзін құрбан қылушылық адамдары болды. Біз, замандастар үшін олар ұлттық және азаматтық парызға деген адамгершілік, ниеттілік, адалдық үлігісі болып табылады. 1890 жылы көктемде талапкер Әлихан Бөкейханов Санкт-Петербург Императорлық Орман институтына оқуға түскен кезде, өзінің шығармаларында былай жазған: «Басқаларға жамандық тілеу — яғни өзіне тілеу, себебі біз басқалармен адамгершілікті құраймыз. Жоғары инабаттылыққа ғана қолжетімді, жан-жақты білімге ғана тән жан тыныштығына, ақыл, байлықпен жету мүмкін еместігін біз ешкімге өұлымдық тілемеген жағдайда ғана түсінеміз».

Кейін Алаш Орда басшысы Әлихан Бөкейханов былай жазған: «Мен өз отанымның ішкі істерімен өмір сүремін, мен үшін оның тағдыры бәрінен артық… Егер ол қандай жағдайда екенін білмесем, ұйықтай алмаймын». «Алаш» қозғалысының қайраткерлері қазақтардың мемлекеттілігін алуына күресті. «Біздің мақсатымыз — өз тағдырын шешу мүмкіндігін халықтың өзіне беру. Тек автономияға ие болған жағдайда ғана халық тағдырды өз қолына алады», — деп, атап өтті Жанша Досмұхамедов.

"Алаш" партиясын құрған кезде басшылыққа алған негізгі мақсаты — қазақ халқының тағдыры, аумағы және мемлекеттілігіне бай дамыған жоғары мәдениетті халықтармен бірге тәуелсіз мемлекетті құру болды», — деп айтты Әлімхан Ермеков.

Қазақ зиялылары Жапония сияқты Азиядағы озық елдерімен қатар халықтың даму-деңгейін көтеруге ұмтылды. Сондықтан нәтижесінде оларды «жапон агенттері» деп жариялап, тыңшы деген айып тағылды. 1904 жылы 23 қазанда Санкт-Петербург әскери-медициналық академияның студенті, Халел Досмұхамедов өзінің жерлесі, Гурьев уезінде туып-өскен, Қазан мал дәрігерлік институтының студент Губайдолла Бердиевке былай деп хат жазған:

«…Сенен басқа, ондаған немесе жүздеген қырғыздар жоғары білімді алатыны жайлы ойласаң, халық та еңбекке, ілгерілікке икемді екен, ол да бір уақытта әлемдік үстемшілдікте құрметті орынды алады және екінші Жапония бола алады деген шешімге келесің…»

Алаш қайраткерлері халықтың ұлттық сана сезімін мемлекеттік-деңгейге көтерді. «Алаш» партиясы сол кездегі қоғамның мәселесін шешу үшін шаралар кешенін жасаған қазақтардың алғашқы саяси ұйымы болып қалыптасты. Алашордашылардың негізгі идеясы — халықтың бірлігі болды, осы ұран бүгінгі күні-де өзекті. Сол уақыттағы төтенше жағдайларда алашордашылар ерекше икемділікті көрсеткен, сонымен бірге олар принципті саясаткерлер болды. Мемлекеттік өзін-өзі басқару жүйесі, ұлттардың өзін-өзі басқаруына халық құқығын қорғау, озық әлемнің тәжірибесін қолданумен қазақ қоғамын жетілдіру жүйесін құруы «Алаш» қозғалысының негізгі мақсаты болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Халық тарих толқыныда» атты кітабында Алаш Орда қайраткерлерінің қызметін былай деп сипаттады: «ХХ ғасырдың басында ұлттық нығаю идеясын ұсынған рухани-зияткерлік таңдаулы тобы қазақ ұлттық идеясын жасау міндетін өзіне алды… Ұлттық саяси ұйымды құру фактісінің өзі біздің отандық тарихта соңына дейін саналы түрде меңгерілген жоқ. Кезінде „Алаш“ партиясының жетекшілері ұсынған көптеген қағидалар бүгінгі күні-де өз маңызын сақтауда. Бұл қазақ қоғамының бірте-бірте ауысуын және қазіргі, ақиқатта бейімделуін өзінің мақсаты етіп қойған ұллтық ұйым емес, саяси ұйым болды».

Тарих «Алаш», Алаш автономиясына және Алаш Орда үкіметіне-де халықтың бірыңғай қабатын біріктіру негізінде қазақ мемлекеттілікті құру және нығайту бағдарламасын жүзеге асыру үшін мүмкіндік бермегені белгілі. Алаш қайраткерлері зорлықтан бас тартып, мемлекеттің класстық табиғатын мойындамай, қоғамда бір класстың диктатурасына қарсы шықты. Кеңес өкіметінің жеңгенін мойындауға мәжбүр болған бұрынғы Алаш Орда қайраткерлері мемлекеттік аппараттағы жұмысы туралы большевиктердің ұсынысын қабылдап, кеңес өкіметіне ұлттық мағынаны беруге, ежелгі тұрғындардың мүдделеріне жақындатуға ұмтылған.

«Алаш» қайраткерлері жоғары білімді, нағыз білімдар, әлеуметтік-гуманитарлық және табиғи-ғылым білімінде терең танымына ие болған адамдар болды. «Алаш» қозғалысының көптеген басшылары тек құқық қорғаушы, саяси және қоғам қайраткерлері ғана болған жоқ, сонымен бірге ірі, ағартушы, публицист, қоғам қайраткерлері, газет және журналдарды бастырып шығарушы, ойшыл, ақын, ұстаз, ғылыми зерттеулер, кітаптар, оқулықтардың авторлары болды. Алашордашылар және рухы бойынша оған жақын қазақ зиялылары мен шығармашылық қайраткерлері өзінің ұлттық шеңберде ғана шектелмей, олардың барлығы терең оқымысты және көп қырлы дарынды, ашық адамдар болған, олар әрбір тұйықтықтан аулақ болды. Себебі олардың көбі Ресейдің озық оқу орындарын, сонымен қатар шетелдік оқу орындарын (Германия, Польша, Түркия және т.б.) бітірген. Олар майталман публицистер болды, Алаш Орда үкіметінің баспа органдары — жарқын газет пен журналдарын шығарылуын ұйымдастырды. «Алаш» қайраткерлері жүз жылда бір рет туған феномендер болған жоқ. Олардың әрбіреуі халық үшін шамшырақ, шуағы болды.

Таяудағы тарихқа баға бере отырып, даусыз табыстары, жетістіктері, жеңіс, қайғы, жеке және ұжымдық құқықтарға адамгершіліксіз аяқ басумен бірге кеңес дәуірінің барлық қайшылықтарын еске алу қажет. Қоғамның әлеуметтік бірлігі үшін және жаңа идеологиясын бекіту үшін күресі ұлттық санының басылуы мен ұлттық мәдениет ерекшелігінің тегістеуімен жүрді. Қазақ зияткерлері ұлттық тарих, мәдениет және халық дәстүрін зерттеу мен насихаттауда көп жұмыс атқарды.

1929 жылы қаңтарда Мыржақып Дулатов Бутыр түрмесінде болғанда, тарихқа әйгілі «Ұрпаққа хат» (Письмо поколению) — хатында алаш зиялылардың басты мақсаттары жайлы жазған: «Осы құлдық жағдайдан құл болған, қаналған халыққа шығуға көмектесу — менің парызым болады деп есептедім… Саяси саладағы жағдайды алдын ал болжай алдым деп ойламаймын; бүгінгі күні кеңес өкіметіне қарсы күресі ретінде ұсынатыны қазақ ұлтын дербес, тәуелсіз, бақытты көру тілегім болып табылады».

«Азаттық таңын бізідң ұрпақтарымыз көреді», — деп алаш басшылары армандаған. 1938 жылы Мұстафа Шоқай эмиграцияға өзінің мерейтойлы «Яш Түркістан» нөмірін шығара отырып, өзінің арманына сеніп, туған халқын бірлікке және тәуелсіздікке шақырған: «…Азаттық және тәуелсіздік таңы атады және біз зиялы күрескерлер туған халық арасында туған жерде боламыз». Бүгін тәуелсіздік жағдайында Мұстафа Шоқайдың даналық сөздері ерекше мәнмен қабылданады: «Ұлттық азаттық ұлттық рухтың нәтижесі болып табылады. Ал ұлттық рух ұлттық азаттық пен тәуелсіздік болған кезде өседі және өзінің жемістерін әкеледі».

Алаш басшыларының армандары орындалды. ХХ ғасырдың басында қазақ зиялылардың ұрпақтары ұсынған идеялары мен идеалдары, орны мен қағидаттары өзінің мағынасын сақтайды және бүгінгі күні-де қажетті болып табылады. Өркениет құндылықтарының ішкі және сыртқы қауіп, дағдарыс жағдайында жаңа уақыт шақыруларына қарсы тұру, ұлттық мүдделерін сақтап қалу — қазіргі ұрпақтардың міндеті болып табылады. Әр уақыт өзінің жаңа талаптарын қойса да, «Алаш» идеялары өмір сүруді жалғастырады және елдегі түбегейлі өзгерістер кезеңінде өзі жайлы қайта еске түсіреді. Бұл: теңқұқықтық, қоғамдық келісім және бейбітшілік, ұлттың мәдени озықтылығы, меритократия, мемлекеттік тіл, мемлекетті басқару істеріне тек зиялыларды ғана емес, кең ауқымдарды да қатыстыру. Алаш басшылары өз дәуірінің озық талаптары, еуропалық либералдық-демократиялық құндылықтар-деңгейінде демократиялық, құқықтық, зайырлы, әлеуметтік мемлекеттің қағидаттары, мемлекеттік басқарма және өзін-өзі басқару жүйелері, президент институттары, парламентаризм, қоғамның экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңғырту идеяларын ұсынды. Өз уақыттың мәнмәтінінде олар ұлттың сапалы түрде жаңартуына, озық түрде жұлқынуға шақырды. Өткен ғасырдың 20-30-шы жж. тарихтағы зиялы ұрпақтардың абырой мен ерлігі бүгінгі күні қаетті болып табылады. Қазіргі қоғамға новаторлық идеялар, дүниетанымдық бағдар, ерекше ойлай алатын және бөлек әрекет жасай алатын басшылар қажет.

Қазіргі таңда тәуелсіздік жағдайында өткен ғасырдағы алғашқы қазақ зиялылары және қазіргі замандағы идеялары арасында өзара байланысты көреміз. Тәуелсіз Қазақстанның Алғашқы Президентінің бастамалары, идеялары және қызметінде ұлттық олқылықтың стратегиясы жалғасады және қоғамдық өмірдің, мемлекеттің сыртқы және ішкі саясаттың барлық салаларын қозғайды. 1990-шы жылдардың басында Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзінің сөйлеген сөздердің біреуінде Ортаазиялық одақты құру идеясын ұсына отырып, ортаазиялық мемлекеттердің бірлік идеясын тұңғыш рет Мұстафа Шоқай ұсынғанын атап өтті. Түрік халықтардың бірлігі туралы ата-бабалардың идеясы бүгінгі күні 2009 жылы құрылған түркі тілдес халықтар Кеңесінің қызметіне асады.

Қазақ зиялылары әрқашан ұлттық, туған тілдің тағдыру туралы қамқорын тек ұлттың мәдени ерекшелігі ретінде ғана емес, сонымен бірге саяси ерекшелік ретінде танытқан. Мемлекеттік және басқа тілдердің даму мәселесі бүгінгі күні және өткен ғасырда да егеменді Қазақстан үшін өзекті болып табылады. Қазақстанға басқа халықтардың ұлғайған қосылымы жағдайында «біздің алдымызда қырғыз (қазақ — Ж.К.) халықтардың дербес өмір сүру туралы сұрағы пайда болады. Өз дербестігімізді сақтау үшін біз жалпы мәдениетті, ағартуға барлық күштерімізді салуымыз қажет; ол үшін біз ең алдымен әдебиеттің туған тілде дамуымен айналысуымыз керек. Өз тілінде сөйлеген және өз әдебиеті бар халық қана дербес өмірге үміттенетінін қмыптауымыз керек», — деп Ахмет Байтұрсынов айтқан болатын. «орыс мектебінде және татар медреселерінде білім алған қазіргі қырғыз зиялылары қырғыз тілін менсінбей бастады, өзара орыс және татар тілдерінде хат алмаса бастады… Егер біз осыны қаламасақ, осы сұрақты түп негізінен шешу керек және қырғыз тілі мен әдебиетін жетілдіру ісіне кірісуіміз керек», -деп уайымдайды А. Байтұрсынов. Сол идеядан ол бір қадамға да шегінген жоқ.

ХІХ-ХХ ғғ. шегіндегі қазақ зияткерлері көп тілді болды. Әлімхан Ермековтың немересі — Олег Ермековтың айтуы бойынша оның атасы бес тілді білген. Мұстафа Шоқай орыс, ағылшын, француз, неміс, поляк және түрік тілдерінде еркін сөйлеген.

Бүгінгі уақытта мемлекеттік басқарма кадрларына қатысы бойынша алаш зиялылары ұсынған абырой және парыз қағидаттары маңызды болды. Мұстафа Шоқайдың аппарат жұмысшысы, шенеунігі туралы ой-толғаулары бүгінгі күні қажетті болып келеді: біз үшін «Ұлттық кадр» — бұл ең алдымен біреудің бұйрығы бойынша емес, өзінің ар-намысының парызы бойынша атқаратын ұлт қызметшісі». Миротократия (еңбек жүйесі) қағидаларын бекіту қазіргі қазақстандық мемлекеттік қызметтің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Қазіргі ұрпақтарға ғибратты мысал ретінде алаш зиялылар тарихынан тағы бір фактіне неге еске түсірмеске.

Алаш қайраткерлерін жиі еске алып отырсақ, әділдік, аяныш және қайырымдылық айнымастығына сынауға түңілу күйінішін, әрбіреуіміздің айналадағы болған жағдайы үшін жеке жауапкершілігімізді көрсету қабілетін, өтірік, парақаорлыққа қарсы тұруды күйінішін сирек сезінеміз, қоршағандардың арқасында пайдақор, ашкөз қызықтырғышынна берінбеу керек.

ХХ ғ. басында туған алаш идеясы тәуелсіз Қазақстан мүдделеріне қызмет істеуін жалғастыруда. Уақыт өтеді, жаңа ұрпақтар келеді, бірақ келесі он жылдық және жүз жылдықта алаш зиялылардың қоғамдық ойы мен рухани тәжірибесінің тұрарлық мұрасы қазақстандық халықты тарих толқынында қолдайды.

Дереккөзі: «Казахстанская правда», № 278 20.09.2013 ж.
Материалды ҚР БҒМ ҒК мемлекет тарихы Институты ұсынды

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?