Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

ҚР Президент Жолдауы. А. Башмаков — сараптамалық пікір

1452
ҚР Президент Жолдауы. А. Башмаков — сараптамалық пікір - e-history.kz
«Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы Н.Ә. Назарбаев ел халқына кезекті «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты жолдауын жаңа экономикалық саясатты жүзеге асыруға шақырды.


2bc8d31870cb300bceebfe3891ec654f.png

Анатолий Башмаков,
экономика ғылымдарының докторы, профессор

Әлем қауіпсіздігіне төнген қатер дәуірінде саяси, этникалық, діни келіспеушіліктің негізінде пайда болған шиеленістердің салдарынан дүниежүзілік экономика дағдырысқа ұшырауы мүмкін еді.

ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Жолдауы елдің дамуына жаңа жол ашып, бүгінгі заман көптеген талаптарына жауап беріп жатыр. Президент этникалық бейбітшілік пен келісімділіктің маңыздылығына баса көңіл аударды. Ол 2015 жылдағы Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығын баса айтты.

«Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы Н.Ә. Назарбаев ел халқына кезекті «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты жолдауында экономиканы құрал (әдіс) ретінде ғана қабылдайтынын айты. Елбасымыздың түпкі мақсаты — мәдениеті, ішкі дүниесі, жаны бар адамды қалыптастыру.

Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауында былай деп көрсетті: «Бейбітшілік пен тұрақтылық — бұл күн сайынғы еңбекті, қорғауды және нығайтуды талап ететін жалпы ұлттық мұра».

Президент Жолдауына негіз ететін жаңа экономикалық саясат инфрақұрылымның түрлі салаларындағы экономиканы тұрақтандыруға бағытталған. Нәтижесінде, осы саясат Қазақстан азаматтарының қамын ойлайды.

Осылай, экономикалық реформалардың табысты өткізілуіне байланысты жаңа жолдар салынып, 200 мыңнан астам жұмыс орны пайда болады.

Президент қоғамдағы тұрақтылықтың маңыздылығын баса айтып, бір-біріне толерантты болуға шақырды. Біз «ашық" болып, әрекеттестік жолында ымыраға келуге дайын болуға тиіспіз деді.

Этникалық пен діни толеранттылық құрметпен әңгімелесу кезінде және әр түрлі этникалық топтардың, этностардың, конфессиялардың өзара әрекеттескенде анық байқалады.

Бүгінгі таңда ұлтаралық бейбітшілік және келісімнің қазақстандық моделі бірегей институттың — Қазақстан халқы Ассамблеясының — жұмысының нәтижесі болып табылады. Елімізде орнатылған бейбітшілік пен келісім әлемдік алаңдағы біздің басты қасиеттеріміз болып табылады. Осының арқасында республикамыз дүниежүзілік-деңгейге көтеріліп келді. Біздің еліміз мәдениеттер жақындасуының ондығын өткізуге бастамашыл болды. Әлемде Қазақстанды бейбітшілік пен келісім орнатылған ел ретінде танымал.

Президентіміз ұлтаралық келісімді өмірге қажетті оттекпен салыстырып жатыр, Елбасымыздың теңеуі маған қатты ұнады. Шынында да, Қазақстанның этникалық пен діни әр түрлілігі -«Мәңгілік ел» идеясымен анықталған біздің болмысыз, шындығымыз.

Біздің бірегейлігіміз-де осында жатыр, сондықтан біз-де орнатылған бейбітшілік пен бірлікті сақтай отырып, өсіп келе жатқан ұрпағымызды толерантты және сүйіспеншілікті дәстүрлерімізге сай тәрбиелейік. Біздің міндетіміз — өз тамырларын білетін, Отанын сүйетін, тарихын құрметтейтін рухани тұлғаны қалыптастыру. Көптеген өзгерістер орын алып жататын дәуірімізде біздің мақсатымыз — берекелі халықтың, елдегі тұрақтылық пен бейбітшіліктің маңыздылығын түсіне алатын жас ұрпағын тәрбиелеу.

Отансүйгіштік отбасынан, ертеңгі күнге сенімділіктен, туысқандардың денсаулығынан, мемлекет тарапынан берілген көмектен, тұрақтылықтан басталады. Мемлекетіміз жас отбасыларға, өсіп келе жатқан ұрпаққа өзінің қамқорлығын көрсетіп отыр.

Жастарға білім алу, мансабы жоғарылау, жеңілдікті баспана алу үшін барлық жағдайлар жасалған. Президент Жолдауында көрсеткендей, мемлекет әлеуметтік баспананы салуды әрі қарай жалғастырып, халыққа оны жалдауға бергенде, бастапқы кіріссіз-ақ және ипотекаға төмен пайыз мөлшерлемесі бойынша баспананы өтеуін төлеп алуға құқық береді.

Осылай, мемлекет азаматтарымыз алдында өзінің әлеуметтік жауапкершілігін көрсетіп отырады. Президентіміз экономикалық жағынан дамыған, тәуелсіз және мықты Қазақстанның қалыптастыруына жастарымызды шақырады. Президентіміз жастарды елдің сүйеніші деп атайды.

Бірлігі бар Қазақстанның халқы — зор күш! Біз уақыттың, жаһанданудың сынақтарынан бәріміз бірге сүрінбей өтіп, ортақ тарихи жолмен жүреміз! «Нұрлы жол» — бұл Жетекші және оның халқының тұрақтылыққа, бейбітшілікке және өркендеуге апаратын нұрлы жолы.


Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?