Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Қазақстан тарихын дәуірлеу туралы жаңа көзқарас. Жаңа және қазіргі тарихты кезеңдеудің тың пайымдаулары.

13227

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаев

тың посткеңестік кеңістікте баламасы жоқ «Халық тарих толқынында» тарихи зерттеулердің мемлекеттік бағдарламасы туралы ұсынысы нəтижесінде ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мəселен, Ғылым комитеті жанынан Мемлекет тарихы институтының ұйымдастыруымен бағдарлама тұжырымдамасы мен жобасы жасалынды, Республикалық тарихшылар қауымдастығы академиясы оқулықтар мен оның бағдарламаларын жаңғыртуға қатысты жұмыстар атқаруда, Тарихшылардың Ұлттық Конгресі жұмысы жандануда, «Мемлекет тарихы», «Мəңгі ел» ғылыми-көпшілік тарихи журналдары шығарылады.

Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Қазақстан-2050» Стратегиясының та қы рып тық жоспарына сəйкес, Ұлттық тарихтың мəселелері бойынша рес пуб ли-ка лық семинар-тренинг ұйымдастырылып отыр. Іс-шараның мақсаты: ұлттық тарихымызды бүгінгі көзқарас тұрғысынан зерделеу жəне жаңа ғылыми тұжырымдарды көпшілікке жеткізу арқылы елдің тарихи санасын жетілдіру.

Семинар-тренинг жұмысына еліміздің беделді тарихшы-ға лым да ры, жо ға-
ры оқу орындары мен ғылыми зерттеу институттарының жетекшілері, қоғам-
дық-гуманитарлық ғылымдар са ла сы ның мамандары, ЖОО-ның профессор-оқытушылар құрамы мен мектеп мұғалімдері, БАҚ-ның өкілдері қатысты.
Іс жүзінде қатысушылардың жалпы саны 56. Оның ішінде ғылым доктор-
лары 26, ғылым кандидаттары 20. Солардың қатарында баршамызға белгілі
антрополог-ғалым Оразақ Смағұл, тарих оқулықтарының авторлары профес-
сор Тұрғанжан Төлебаев пен профессор Зиябек Қа был ди нов, профессорлар
Кү зем бай ұлы Аманжол, Нұртаза Абдуллаев, Əзім бай Ғали, Игібаев Советхан Қабдуалиұлын, Қамбар Атабаев, Абуев Қадыржан Қабиденұлы, археолог Зайберт Виктор Федорович бар. Ал Мемлекет тарихы институты ұжымы тренинг жұмысына түгел құраммен қатысты.
2013 жылдың 6–11 желтоқсан аралығында Ұлттық тарихты зерделеу бо-
йынша аймақтық 4 семинар-тренинг өткізілді: Оң түс тік те — Тараз қаласында, Батыста — Орал қаласында, Шығыста — Семей қаласында, Солтүстікте — Көкшетау қаласында болды. Аймақтағы тарихшылардың ұсыныс-пікірлері жинақталды. Жамбыл, Қызылорда облыстық əкімшілігі өлке тарихын зерттеуге облыстық бюджеттен қаржы көздерін қарастыруда, сол сияқты облыстық мемлекеттік мұрағат қорларын жүйелі игеру қолға алынуда. Оңтүстік аймақтардағы осындай оңтайлы іс-шаралар туралы, ақ па рат тар интернет сайттарға шықты. Аймақ бойынша берілген ұсы ныс тар есепке алынады.
Еліміздің 5-ші аймағы — Орталықта, Астана қаласында өткізілген семинар-
тренинг бағдарламасының күн тəртібіне 2 мəселе: Қазақстан тарихын дамыту тұжырымдамасы туралы; Қазақстан тарихын дəуірлеу мəселелерін талдау
ұсынылды. Осы мəселелер жөнінде арнайы баяндамалар оқылып, ашық пікір-
алмасулар өткізілді.

Тəуелсіздік қарсаңында «Қазақстан тарихы» 1990–1991 оқу жылынан
бастап қана мектептің оқу жоспарына жеке пəн болып ен гі зіл ді. 1992 жылы
»Қа зақ стан тарихын оқыту» тұжырымдамасы қа был дан ды. Онда «негізгі бағдарламаның да, оқулықтың да 2–3 нұс қа сы жасалғаны тиімді» делінді. Соған сəйкес бірнеше нұсқалар ұсынылды. Өтпелі кезеңге арналған уақытша нұсқалардың бірінде жаңа тарих екіге: 9 сыныптан (ХVІІІ ғасырдың аяғы — ХІХ ғасыр дан бастап 1915 жылға дейін), 10–11 сыныптарда қазіргі кезең (1916–1945 жəне 1946 жылдан бүгінге дейін) бөлінді. Ал екінші бір нұсқа сында Жаңа дəуірдегі Қазақстан ХVІІІ ғасырдың ортасынан — 1915 жыл ға дейін, ал Қазақстан ның қазіргі заман тарихы 1916–1945 жəне 1946 жылдан бүгінге дейінгі аралықты қамтыды.
1995 жылы «Тарихи сананы қалыптастыру» тұжырымдамасы қабылданды. Сонда да жалпы білім беретін мектептер мен арнайы-кəсіптік жəне жоғары мектептерде Қазақстанның жаңа тарихы ХVІІІ ғасырдың ортасынан, яғни Қазақстанның Ресейге қосылуынан, ал Қазақстанның қазіргі тарихы 1917
жылғы Қазан революциясынан, яғни Қазақстанда кеңестік биліктің орнауынан бастап оқытылып келді. Əрине, Қазақстан тарихына бет бұрысты кезеңнің алғашқы жылдарындағы немесе жоғарыда айтылғандай өтпелі ке зеңдегі дəуірлеу бүгінде өзін-өзі, ақтады деуге болады. Бірақ, бұл дəуірлеу қазіргі жаңа ғылыми тұжырымдарға сай келмейді. Осы күнге дейін ғылыми айналымға енген тарихи құжаттар мен материалдар Қазақстан тарихын ұлттық мүдде тұрғысынан қайта қарастыруға жол
ашты. Көптеген іргелі тарихи зерттеулер мен монографиялар шықты, көне дəуірден бүгінге дейінгі ұлттық тарихымызда жаңа концепциялар пайда болды. Кей бір тарихи фактілердің қарама-қайшылығына қарамастан, тарих ғылымының жетістіктері мектеп оқулықтарына енгізіле бастады, бұл процесс əлі-де жалғасын табуда. Соңғы кезде тарихшылар мен оқулық авторлары Қазақстан тарихын дəуірлеу дің əртүрлі нұсқаларын ұсынып жүр. Зерттеу нысаны Қазақстан тарихының қазіргі кезеңімен тікелей байланысты Мемлекет тарихы институты дə уірлеудің жаңа жəне қазіргі кезеңі бойынша мынадай нұсқаны назарларыңызға ұсынады:
1) Ерте дəуірдегі Қазақстан;
2) Орта ғасырлардағы Қазақстан;
3) Қазақстан ның жаңа тарихы (1920–1990 жылдар);
4) Қазақстанның қазіргі заман тарихы (1991 жылдан бүгінге дейін).
Қазақстан тарихын Дүниежүзілік тарихтың құрамдас бір бөлігі ретінде қа-
растыратын болсақ, алдымен ұлттық тарихты дəуірлеуді осы 4 кезеңнің (ерте,
орта ғасыр, жаңа, қазіргі) аясында қарастыруымыз керек. Бұл — бір. Екіншіден, кеңестік жүйеде болса да ресми мойындалған Қазақ мемлекетінің жаңа тарихы 1920 жыл ғы Қазақ АКСР-нің құрылуынан басталады. Бұл — тарихи факт. Алғашқы Қазақ Республикасының астанасы ХХ ғасырдың басында Əлихан Бөкейхан бастаған қазақ зиялылары шоғырланған Орынбор қаласы болды. Осы кезде қазақтың саяси элитасының мемлекет басқару тəжі рибесі қалыптасты жəне солардың атсалысуымен қазақ жерінің шекарасы бекітілді.
Үшіншіден, 1922 жылы құрылған Кеңес Одағының құрамында болуына қа-
рамастан, Кеңестік Республиканың атауы «Қазақ" деп аталды. Төртіншіден,
тəуелсіздік қарсаңындағы 1990 жылдың 4 сəуірінде Нұрсұлтан Əбішұлы На-
зарбаев тұңғыш рет Қазақ КСР-нің Президенті болып сайланды. Басқаша айт-
сақ, еліміздің тарихындағы алғашқы Президенттік билік «Қазақ" атауы мен
жаңғыр ды. Бесіншіден, тəуелсіздік тарихын жасаушы тарихи тұлғалар (қоғам жəне мемлекет қайраткерлері, заңгерлер, экономистер, тарихшылар т.б.) кеңестік дəуірдің төл перзенттері.
Қазақстанның қазіргі заман тарихын əлемдік саяси маңызы бар оқиғалар мен, түбегейлі экономикалық өзгерістермен сипатталатын 1991 жылғы
16 жел тоқ сан нан бастауға негіздер жеткілікті. Біріншіден, 1991 жыл Дүние-
жүзілік тарихтың аясындағы қазіргі кезеңнің соғыстан кейінгі екінші кезеңіне кіреді. Екіншіден, ғасырлар бойы ата-бабаларымыз армандаған тə уелсіздіктің жарияланған жəне əлемдік кеңістікке дербес мемлекет ретінде шыққан жыл.Үшін ші ден, бұрынғы жоспарлы экономикадан бас тартып, бəсекеге қабілетті нарыққа көшкен бетбұрысты кезең. Төртіншіден, еліміздің өсіп-өркендеуі жолындағы алғашқы реформалар мен оларды қайта жаңғырту кезеңі. Бесінші ден, Қазақстан мемлекет ретінде аяғынан тік тұрып, қалыптасқан кезең.
Алтыншыдан, 1991 жылғы тəуелсіздік пен бірге өмірге келген жаңа ұрпақ тың кезеңі болып отыр.
Осы негіздерге сүйене отырып, алдағы уақытта Қазақстан тарихын оқыту
тұжырымдамасына, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары
мен типтік оқу бағдарламаларына Жаңа жəне қазіргі тарихты кезеңдеуге бай-
ланысты жоғарыда аталған өзгерістерді енгізуді ұсынамын.

Бүркітбай Аяған, т.ғ.д., профессор., ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының директоры, ҚР Ұлттық кеңесінің мүшесі.