Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Энеолит дәуірінде Бестамақ обасында «отыру» қалпында жерлеу туралы

12990
Энеолит дәуірінде Бестамақ обасында «отыру» қалпында жерлеу туралы  - e-history.kz
Бестамақ зираты Торғай ендігінің солтүстік бөлігінде, Бұрықтал өзенінің оң жағалауында, Бестамақ қонысының солтүстік-шығыс шетінде орналасқан.

Бестамақ зираты Торғай ендігінің солтүстік бөлігінде, Бұрықтал өзенінің оң жағалауында (Обаған өзенінің бірінші шығысы сағасы,Тобыл өзенінің оңтүстік сағасында), Бестамақ қонысының солтүстік-шығыс шетінде орналасқан. Зираттың қазба жұмыстары Торғай археологиялық экспедициясымен, тоғыз жорық маусымында  1991-1993, 1997, 2002, 2003, 2005 -2008 жылдары жүргізілді. (Калиева С. С. және басқалар., 1992; Логвин А. В. және басқалар., 2004-2007). Қазіргі уақытта қазба жұмысының аумағы 9092  кв. м болды. Ескерткішті зерттеу қорымның Торғай ендігіндегі ежелгі тұрғындармен көп уақыт бойы тас ғасырының дәуірінен орта ғасыр дәуіріне дейін пайдаланғандығын көрсетті.

44267be38791da17af1db67fa8989d2c.jpg

01aedb75fe30475c2634436e6e5e6fe3.jpg

2002, 2003, 2006 жылдары зиратта аталған мақала авторларымен Қостанай облысы аумағында алғашқы рет андронов дәуіріне дейінгі жерлеулер табылды. Қазіргі кезге дейін осындай он бір жерленген орындар табылды. Көмбе сүйектері өте нашар сақталған. Көму дөңгелек және сопақ орда жүзеге асырылған, соңғысы көбірек кездеседі. Ордың көлемі 1 м ден 2 м дейін, ені 0,4 тен 0,85 м дейін өзгереді. Ор тереңдігі 0,1м ден 0,6 м дейін. Сүйек қалпын анықтауға мүмкіндік беретін сақталған жерлеулерде, сүйектің шалқасынан созылып жатқандығы және тек ғана екі жағдайда «отырған» қалпында анықталғандығыны белгіленді. Жерленгендердің басы солтүстік –шығыс, солтүстік және  солтүстік батысқа бағытталған. Жерленгендердің басым көпшілігі балаларға жатады (7 ден 14 жасқа дейін). Зираттағы жерлеу салтының бір бөлшегі барлық андронов дәуіріне дейінгі барлық жерлеуде қызыл және сары түсті жосаның болуы болып табылады.

Құралдарға қатысты, зиратта жанама құралдардың болуын, сондай ақ жанама құралынсыз көмілгендігін атап өткен жөн (Колбина А. В., Логвин А. В, Шевнина И. В, Калиева С. С, 2006.. 396-398 б).

Осы жұмыс андронов дәуіріне дейінгі Бестамақ зиратындағы «отыру» қалпында жерлеуге арналған (117-144 қабірлер).

№177 қабірдің жан жағы ор. Қазіргі бетінің деңгейінен 1 м тереңдікте анықталды. Қабір дөңгелек пішінді, сұр – қоңыр түсті, диаметрі 1,15 м, тереңдігі 0,9 м. 0,4 тереңдікте қабір кішірейді (диаметрі – 0,87 м), шағын үңгіршені құрастыра отырып, шығысқа қарай жылжыды. Жерленген сүйек 50-60 жастағы әйелге тән, отырған қалпында, беті қабірдің шығыс қабырғасына қараған қалпында табылды (1 сурет - 1; фото 1 - 1). Басы арқасына сәл түскен, қолы шынтағынан майысқан, аяғы сүйегіне қарай тартылған. Сүйегі түгелімен жосамен көмкерілген. Сүйекті тазалау кезінде толығымен бұзылғандығы анықталды. Көмбенің арқасында диаметрі 15  мм кішкене шар (1-2 сурет) және өңделмегендігі анықталды. Басқа табылған заттар жоқ,

Сүйек қалдықтарының антропологиялық сипаттамалары. Бас сүйегі көлденең өте кішкентай (125) және ұзына бойына диаметрі орташа (171). Маңдайы орташа кең, желке бөлігі жіңішке, еңбек сүйегінде дөңестер анық байқалады. Беті жоғары өте аз, бет сүйегінің диаметрі (144). Көз шаранасы кең, орташа ұзын. Төменгі жағында барлық тістері бар. Азу тістері мен күрек тістері қайтыс болғаннан кейін түскен. Сол жағындағы біріншісінен және оң жағындағы азуынан басқа, жоғарғы жағындағы азу тістер, көзі тірісінде жоғалған. Сол жақ медиалды күрек тісі де жоқ. Тістерінің түптері жалаң, ол ұзақ мерзімді парадонтологияның болуы мүмкіндігін аңғартады. Азу тісінің орнында, қабыну үдерісінен кейін, тісінің түсіп қалуының қорытындысында, кіші бүлінген аймақ пайда болған. Тісжақ аппараты өзгеше еңбек қызметін атқаратын құрал ретінде пайдаланылуы мүмкін, осыдан тістердің жонылуы пайда болған. (2-1 сурет). Сол жақтағы емзік тәрізді өсімде мастоид шалдығу салдарынан, перфорация іздері байқалады. (2-2 сурет). Сүйектің еңбек сүйегінде жарақат немесе жұқпалы ауру сипатындағы сүйек жазушаларындағы екі кесілген учаскелер бар (2-3 сурет).

№177 қабір Қазіргі бетінің деңгейінен 0,8 м тереңдікте анықталды. Қабір дөңгелек пішінді, сұр – қоңыр түсті, диаметрі 1м, тереңдігі 0,4. Тереңдігі 0,15 м барлық көмілген орны қызыл түсті жосамен көмкерілген. (1-2 сурет, 1-3 сурет) Жерленген сүйек 40-50 жастағы әйелге тән, Сүйек қабірдің оңтүстігінен, 0,15 м тереңдіктен табылды. Сүйегі қатты майысқан, оң жақ бүйірінде жатыр, мойын омыртқасы қозғалып, оңтүстікке бағытталған. Оң жақ қолы сол жағына қарағанда жоғары, иығымен қабір қабырғасына тірелген, сол жағымен тұла бойына жамбас сүйегінде. Аяғы мен аяғының табаны майысқан, әсіресе сол жақ табаны рабайсыз майысқан, Көмбе бас сүйегі мойын омыртқасының жоғарысында, беті шығысқа қарай, маңдай бөлігі жоғары қалпында жатыр. Сүйегінің барлығы қызыл түсті жосамен, әсіресе денесі мен бас бөлігі жосамен көмкерілген. Жоғарыда айтылғанның бәрінен, көмбенің бастапқы қалпы «отыру қалпында» көму болып, кейін сырғып түскен, сондықтан марқұмның қалпында рабайсыз майысқан. Басқа табылған заттар жоқ.

Сүйек қалдықтарының антропологиялық сипаттамалары

Сүйек жазушалырының сақталуы қанағаттандырарлықсыз. Бас сүйегін қалпына келтіру және өлшеу мүмкін емес. Көзүстілік қылы біркелкі дамыған, Емізік өсіндісінің көлемі кішкентай, жамбас сүйектерінің пішіні бойынша аталған индивид әйел екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Көмбе жас шамасын тісінің жонылуы мен сүйек ұзындығынан анықталынады. Сүйек беті дөрекі, бұдырлы өсінділер бар. Маңдай бөлігінде ұзақ тереңдіктегі кемшіліктер бар (2 - 1, 4 сурет).

Көмбе үшін радиокөміртекті күндер алынды №117 қабір -3970±40 (ГИН-12853), № 144 қабір - 4530+60 (Кі-13753). Екі күн де Торғай энеолитінің кезеңіндегі хронологиялық шеңберде сақталынған.

Энеолитте ұқсас қалпында Тобыл жанындағы орманды далалық аумағында табылған. (Жоғарғы Алабұға зираттарының көмбелері Убаган 1, Гладулино 1) (Потемкина Т. М., 1982. С. 151, 153, 168; Шилов С. Н., Маслюженко Д. В., 2006..186б); Поволжье орманды далалық (Хвалын зираттарының көмбесі (Агапов С. А., Васильев И. Б., Пестрикова В. И., 1990.. 58, 77-78б); Приангарье (Шумилиха зираттарының көмбесі, көз зираттары) (Савельев Б. А., Михнюк Г. Н., Лежненко И. Л. және т.б, 1981. С. 7-17; Лежнеико И. Л., Мих-шок Г. Н., 1973. С. 223-224).

Энеолит дәуіріндегі көмбелер Орал-Казақстандық жазықтықтар үшін өте сирек кездеседі. «Отырған» қалпында көму аталған аймақта бірнеше. Жерленген әйелдердің ерекше қалпы күмән тудырмайды, бірақ аталған қалпы немен мәжбүрленгендігін айту қиын. 

Бестамақ зиратындағы «отырғызып» жерлеуін сипаттау кезінде, салттың ұқсастығы өзін назарына аударады: қабір пішінінің ұқсастығы, жосамен еселеп себілуі, бұйымдардың болмауы, әйел адам және жерленгендердің ересек жаста болуы, сүйегінде бейнеленген жұқпалы ауруларының болуы болып табылады.

Салттың өзгешелігі әр түрлі себептермен болуы мүмкін.

Жерленгендерге қатысты бұндай болуы сүйегінде бейнеленген әртүрлі іздердің жұқпалы ауру себептері болуы мүмкін.

Немесе аталған көмбелер ересек жасқа жеткен жерленуші мәртебесінің өзгеруін көрсетуі мүмкін. Бұл туралы бұйымның болмауы, қабірдің дөңгелек болуы және тіпті жерленушінің қалпы болуы мүмкін.

Біздің ойымызша екі нұсқа да аса мақұлданған, осымен қоса, белгілі бір жасқа келгенде, қоғамдағы және ауруының болуы, мәртебесінің өзгеруі Бестамақ зиратындағы андронов дәуіріне дейінгі көмбелердің негізгі бөлігінің ерекшелігі болып табылатын, осы салтты жүзеге асыруға барысында маңызды рөл атқаруы мүмкін болған.

Сондай-ақ бұл көмбелер энеолит кезеңіндегі тағы археологиялық  мәдениеттің бірі болып, Бестамақ зиратындағы бұйыммен созылған қалпында көму андронов дәуірімен салыстырғанда өзгеше болып табылады. Бірақ бізге зираттың үлкен аумағын зерттеу кезінде, аталған мәдениет екі көмбемен ұсынылғанды мүмкін емес болып көрінеді.

Сонымен қоса, екі әйел қоғамда ерекше мәртебеге ие болуы мүмкін (Пір, бақсы, тәуіп), бірақ оны растайтын анық белгілер табылмады. Бірақ бұйымсыз әдеттен тыс қалпында болуы сияқты ерекше белгісін жоққа шығаруға болмайды.

А. В. Логвин, И. В. Шевнина, А. В. Колбина (ҚГУ, Қостанай қаласы, Қазақстан Республикасы)

Библиографиялық тізім:

1.  Агапов С. А., Васильев И. Б., Летрикова В. И. Хвалынский энеолитический могильник - Саратов, 1990.

2.  Колбина А. В., Логвин А. В, Шевнина И. В., Калиева С. С. Бестамақ мекеніндегі андронов дәуіріне дейінгі көмбелер // Ресей археологиясының заманауи мәселелері Бүкілресейлік археологиялық съезі- Новосибирск, 2006. — Т. 1.

3.  Лежненко И. Л., Михнюк Г. II. Жоғарғы Приангарьедегі жаңа зираттық қазбалар // Археологиялық ашылулар  1972 года. - М., 1973.

4.  Савельев Б. А., Михнюк Г. Н., Лежненко И. Л., Горюнова О. И., Петрова Н. А., Панковская Г. И. Шумилиха жеріндегі зират // Приангарье қола ғасыры. Шумилиха зираты. - Иркутск, 1981.

5.  Потемкина Т. М. Притоболье орман даласының қола ғасыры - М., 1985.

6.  Шилов С. II., Маслюженко Д. II. Притоболье орман даласы аумағындағы энеолит кезеңіндегі отырғызып жерлеу// Поволжье археологиясының сұрақтары. – Самара.