Бұл күн тарихта

2009 жылы Павлодарда Ұлы Отан соғысының ардагері У. Сыздықовқа ескерткіш тақта қойылды.(1924-1992).

1992 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданында Жанқожа батырға ескерткіш қойылды

- = -

1992 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданында Жанқожа батырға ескерткіш қойылды

Материалға сурет: 1992 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданында Жанқожа батырға ескерткіш қойылды
Жанқожа Нұрмұхамедұлы – батыр, шекті руының старшинасы, Сыр бойы қазақтарын Хиуа және Қоқан хандықтарының езгісіне, сонымен бірге Ресей отаршылық саясатына қарсы ұлт-азаттық күреске бастаған басшы.
Өмірі айтулы, жаужүрек күрескер Жанқожа баhадүрдің жүректі тербер ажалы ел есінен кетпейді. Болашақ би және батыр Жанқожа ешқашан билікке, мансапқа, атаққа ұмтылмады, жай қарапайым адам күйінде ел есінде қалды. Ресей патшасы алдында ешқашан бас иіп, ант бермеді, ылғи да бас тарту үшін себептер тапты. Қазақ халқының азаттығы, еркіндігі үшін күресте «орыстарды да, хиуалылықтарды да, қоқандшыларды да» мойындамады.