Бұл күн тарихта

2009 жылы Павлодарда Ұлы Отан соғысының ардагері У. Сыздықовқа ескерткіш тақта қойылды.(1924-1992).

1992 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданында Жанқожа батырға ескерткіш қойылды

- = -

2009 жылы Павлодарда Ұлы Отан соғысының ардагері У. Сыздықовқа ескерткіш тақта қойылды.(1924-1992).

У.Сыздықовтың ерен еңбегі Октябрь Революциясы, «Құрмет белгісі», Ұлы Отан соғысы ордендерімен, Үш Еңбек Қызыл Ту орденімен және көптеген медальдармен марапатталды.
Ескерткіш тақтаның ашылу салтанатында достары, қызметтес жолдастары, туған-туыстары оның ұйымдастырушылық қабілетінің, туған жерге деген шексіз сүйіспеншілігінің орсан зор екендігін еске алды. Уақап Сыздықов Лебяжинский ауданы, Тілектес ауылында дүниеге келген, тоғызыншы сыныптан кейін өзі де балаларды оқыта бастаған. 1942 жылы қыркүйек айында әскери курсты тамамдаған кіші лейтенант Брянский майданына аттанып, 235- атқыштар дивизиясында взвод командирі болды. Майданда екі рет жараланып, «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Шайқаса жүріп Украина, Белоруссия және Польшаға дейін жетті.