Бұл күн тарихта

2008 жылы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік Қоғамы құрылды

1957 жылы алғаш рет Байқоңыр ғарыш алаңынан ғарыш ракетасы ұшырылды

- = -

1957 жылы алғаш рет Байқоңыр ғарыш алаңынан ғарыш ракетасы ұшырылды

Материалға сурет: 1957 жылы алғаш рет Байқоңыр ғарыш алаңынан ғарыш ракетасы ұшырылды
1957 ж. 4 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырыдды. Ол дүние жүзіндегі ең бірінші Жердің жасанды серігін (ЖЖС) орбитаға шығарды.
Байқоңыр - ғарыш алаңы. Қызылорда облысыҚармақшы ауданының аумағында орналасқан. Іргесі 1955 ж. қаланған.Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы, т.б. факторлар ескерілді. Байқоңыр әлемдегі ең ірі жер беті ғылыми ғарыш полигоны болып табылады, оның басты және көмекші нысандарының жалпы ауданы 6717 шаршы шақырым.