"1998 жылды Халық бiрлiгi мен ұлттық тарих жылы деп жариялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 10 желтоқсандағы N 3790 [ http://adilet.zan.kz/kaz/docs/U970003790_#z0 ] Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 1. Халық бiрлiгi және ұлттық тарих жылын өткiзу жөнiндегi мемлекеттiк комиссия (бұдан әрi - Мемлекеттiк комиссия) құрылсын. 2. Мемлекеттiк комиссияның жеке құрамы мен Халық бiрлiгi мен ұлттық тарих жылын өткiзу жөнiндегi негiзгi шаралар жоспары (1 және 2-қосымшалар) мақұлдансын және Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуiне ұсынылсын. 3. Облыстардың, Ақмола және Алматы қалаларының әкiмдерi, министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң және ведомстволардың басшылары жоғарыда аталған комиссияға ұқсас комиссиялар құрсын. Халық бiрлiгi және ұлттық тарих жылы бойынша шараларды қаржыландыру 1998 жылға арналған республикалық бюджетте министрлiктер мен ведомстволарға көзделген қаражат есебiнен және соның шегiнде жүргiзiледi. 4. Республикалық ономастика комиссиясы жекелеген елдi мекендердiң атауын тарихи шындыққа сәйкес келтiрсiн. 5. Облыстардың, Ақмола және Алматы қалаларының әкiмдерi тарихи маңызы бар жаңа мемориалдар салу және қолда барын тиiстi күйге келтiру жөнiнде шаралар қабылдасын.
Бүгін тарихта
Кеңес Одағының өмір сүруін тоқтату мен КСРО билігінің барлық органдарын тарату туралы ресми декларациясы қабылданды
123 жыл бұрын Тұрар Рысқұлов дүниеге келген