Қазіргі күні Ұлттық инженерлік академия Қазақстандағы ең ірі және ықпалды қоғамдық ғылыми ұйым болып табылады. Оның құрамында 20-дан астам ғылыми-өндіріс орталықтары жұмыс істейді, ол бүкіл қазақстандағы технопарктердің құрылуы мен дамуына белсенді қатысады, оның бөлімдері мен филиалдары аймақтағы өндіруші кәсіпорындармен тығыз байланыста. Академияның ғылыми орталықтарының арасынан мынандай ұйымдарды белгілеуге болады, олар Ғылыми-инженерлік ақпараттық-есептеуіш орталығы, «Мұнай» ғылыми-зерттеу орталығы, Қазіргі заман технологияларының институты, Экологиялық сараптама институты және басқалар. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен АҚШ Ғылым академиясының бірігіп өткізген халықаралық сертификаттауынан табысты өтті.
Бүгін тарихта
8 жыл бұрын таңғы 4 сағат 44 минутта «KazSat» деп аталатын тұңғыш геостанциялық жер серігі жоспарланған Байқоңыр айлағынан ғарышқа ұшырылды
2009 жылы 17 маусымда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлыққа қол қойды.