Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

1735 жылы Орынбор қаласының негізі қаланды

- = -

Қазақстан Республикасының «Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы» Заңына қол қойылды

25991
Қазақстан Республикасының «Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы» Заңына қол қойылды - e-history.kz
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) инвестициялар – лизинг шартын жасаған кезден бастап лизингi заттарын, сондай-ақ оларға құқықтарды қоса алғанда, заңды тұлғаның жарғылық капиталына немесе кәсiпкерлiк қызмет үшiн пайдаланылатын тiркелген активтердi ұлғайтуға инвестор салатын мүлiктiң барлық түрлерi (жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа); 2) инвестициялық қызмет – жеке және заңды тұлғалардың коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталына қатысуы жөнiндегi не кәсiпкерлiк қызмет үшiн пайдаланылатын тiркелген активтердi түзу немесе ұлғайту жөнiндегi қызметi; 3) инвестициялық преференциялар – инвестициялық жобаны iске асыруды жүзеге асырушы Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берiлетiн атаулы сипаттағы артықшылықтар; 4) инвестициялық жоба – жаңа өндiрiстер құруға, жұмыс iстеп тұрғандарын кеңейтуге және жаңартуға инвестициялар көздейтiн iс-шаралар кешенi; 5) инвестициялық дау – инвестордың инвестициялық қызметiне байланысты инвесторлар мен мемлекеттiк органдар арасындағы шарттық мiндеттемелерден туындайтын дау; 6) инвестор – Қазақстан Республикасында инвестицияларды жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғалар; 7) мемлекеттiк заттай гранттар – Қазақстан Республикасының меншiгi болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына инвестициялық жобаны iске асыру үшiн меншiкке не жер пайдалануға өтеусiз берiлетiн мүлiк; 8) келiсiмшарт – инвестицияларды жүзеге асыруға арналған, инвестициялық преференцияларды көздейтiн шарт; 9) модельдiк келiсiмшарт – Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн және инвестициялық келiсiмшарттар жасасқан кезде пайдаланылатын үлгi келiсiмшарт; 10) уәкілетті орган – келісімшарттар жасасу және олардың орындалуын бақылаумен тікелей байланысты құқық ұсынылған орталық атқарушы орган; 11) Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен құрылған заңды тұлға, оның ішінде шетелдік қатысумен құрылған заңды тұлға.