Композитор, қазақ музыкалық мәдениетінің негізін қалаушыларының бірі, ҚазССР-нің халық артисі, профессор КСРО және ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Евгений Григорьевич Брусиловский дүниеге келген. Дондағы Ростовта туған. Ленинград консерваториясын профессор М. О. Штейнбергтің композиция класы бойынша бітірген. Брусиловский өзінің шығармашылық қызметін қазақтың музыкалық фольклорын зерттеуге арнады. Ол — Н. Бөкейханов, Л. Мұхитов, М. Бөкейханов, И. Байзақов сияқты көрнекті музыканттардың әндері мен күйлерін жазып алған. Брусиловский алғашқы қазақ операларын, симфонияларын, ірі хорлық және кантата — ораториялық шығармаларды алғаш көрерменге танытқан музыкант. Ол — "Қыз Жібек","Жалбыр«, «Ер Тарғын» операларының, «Сары-арқа», «Целинная», «Құрманғазы» симфонияларының, кантаталардың, сюиталардың 50-ден аса әндер мен романстардың авторы. Е. Г. Брусиловскийдің музыкалық шығармаларына ашық, бейнелі әуендік сипаттамалар тән. Қазақ әуенін өз бояуымен қабылдап, оны көрермен құлағына жеткізуде Е. Г. Брусиловскийдің еңбегі зор. Ленин, Еңбек Қызыл ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және
Qazaqstan tarihy порталына гиперсілтеме берілуі тиіс.
Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. 8 (7172) 64 95 59
(ішкі - 1164)