Тахир хан Мамаш ханнан аса алмады. Хандықты ұстай алмай, ақыр соңында аздаған қазақ руларымен қырғыз жеріне қоныс айдарған. Сол жақта жоқшылық көріп, қайтыс болады.
«Ұмыт болған хандар» сериясын жалғастырамыз. Кезекті зерттеуіміз Тахир (кейбір деректерде Тайыр хан делінеді) хан жайлы болмақ. Тахир хан - Қазақтың алтыншы ханы. Ол еді шамамен он жылдай басқарды. Бірақ өзіне дейінгі Мамаш ханнан аса алмады. Яғни хандықты ұстай алмай, ақыр соңында аздаған қазақ руларымен қырғыз жеріне қоныс айдарған. Сол жақта жоқшылық көріп, қайтыс болады.
Тарихшылар (соның ішінде Мұхаммед Хайдар Дулати) Тахир ханды «ел билеу ісіне олақ, дипломатиялық дарыны жоқ» билеуші ретінде сипаттайды. Оның мінезінің тым қатал әрі қытымыр болуы қол астындағы сұлтандар мен халықтың одан теріс айналуына алып келген. Тахир ханның шектен шыққан қаталдығына шыдамаған рулар одан бөлініп, басқа аймақтарға көшіп кетті. Оның билігінің басында 1 миллионға жуық халқы болса, соңында 400 мыңдай ғана адам қалған.
Бұл өз кезегінде сұлтандар арасындағы билікке таласты күшейтіп, хандықтың іргесін шайқалтып жіберді. Осы себепті Тахир хан бүкіл қазақ жеріне толық билік жүргізе алмады. Хандық іс жүзінде бірнеше иелікке бөлініп кетті.
Тахир хан (Тайыр хан) — Қазақ хандығының алтыншы ханы. Оның билігі шамамен он жылға (1523-1533 жылдар аралығы) созылды. Туған жылы белгісіз. 1533 жылы Қырғыз жерінде қайтыс болды.
Тайыр - Қасым ханның ағасы Әдік сұлтанның ұлы. Оның билік құрған кезеңі де Мамаш хан секілді Қазақ хандығының ішкі саяси дағдарысқа ұшырап, халықаралық беделінің әлсіреген уақытымен тұспа-тұс келеді.
Тайыр ханның билікке келуі
Тахир хан 1523 жылы Момыш ханнан кейін таққа отырды. Оның билігі Қасым хан орнатқан «алтын дәуірден» кейінгі құлдырау кезеңі ретінде сипатталады. Басында айтып өткеніміздей, тарихшылардың сипаттауы бойынша, Тахир хан ел билеу ісіне олақ, дипломатиялық дарыны жоқ және қол астындағыларға тым қатал болған.
Оның түсініксіз әрі айнымалы іс-әрекеттері қазақ сұлтандарын одан біржолата бездірді. Нәтижесінде, беделді сұлтандар оны жалғыз қалдырып, айдаладағы жұртқа тастап кеткен.
Мұхаммед Хайдар Дулатидің деректері бойынша, Тахир билікке келгенде халық саны 1 миллионға жуық болса, оның қаталдығы мен сәтсіз саясатынан кейін 400 мыңға дейін азайған.
Ішкі феодалдық қырқыстарды тоқтата алмауы салдарынан қазақ руларының бір бөлігі одан бөлініп, басқа аймақтарға көшіп кетті.
Билігінің соңы
Сондай-ақ Тахир ханның сыртқы саясаттағы дипломатиясы да өте сәтсіз болған. Тахир хан қазақ жерінің барлық аймағына толық билік жүргізе алмады.
Тахир ханның тұсында Қазақ хандығы көршілес елдердің бәрімен дерлік қарым-қатынасын нашарлатып алды. Ноғай ордасымен және Моғолстан хандарымен алауыздық пайда болды. Яғни бұрынғы сенімді одақтас болып келген Ноғай ордасымен, сондай-ақ Моғолстан хандарымен жауласты. 1523 жылы ноғайлардан жеңіліп, қазақ даласының батыс бөлігінен айырылып, Жетісуға шегінуге мәжбүр болды.
Тахир хан Орталық Қазақстан мен Сырдария бойындағы билігінен айырыла бастаған соң амалсыз Жетісуға жылжып, қырғыздармен одақ құрды. Әрі онысы сәтті болды. Себебі, сол кездегі Моғолстан билеушісі Саид хан қазақтар мен қырғыздардың ортақ жауы еді. Қырғыздармен құрған әскери одағы Тахир ханға үлкен беделге алып келді.
Осылайша біраз уақыт Тахир хан қырғыз бектеріне де әмірін жүргізе алды. Тарихи деректерде (мысалы, «Тарихи-и Рашиди») Тахир ханның өмірінің соңғы кезеңінде тек қазақтардың ғана емес, қырғыздардың да көшбасшысына айналғаны айтылады. Ол Тянь-Шань тауларына шегініп, сол жерді қорғаныс базасына айналдырды. Өмірінің соңғы жылдарын қырғыздар арасында өткізіп, 1533 жылы (кей деректерде 1529-1531 жж.) сол жерде қайтыс болды.
Тахир ханның басты қателігі - оның шектен тыс қаталдығы. Ол өзіне бағынбаған сұлтандар мен билерді аяусыз жазалаған. Мұхаммед Хайдар Дулати Тахир ханның мінезінің ауырлығы сондай, тіпті оның өз ұлы да одан іргесін аулақ салды» деп жазады.
Бұл өз кезегінде хандық ішінде онсыз да лапылдап тұрған алауыздыққа одан сайын май құя түсті. Мемлекеттің біртұтастығына сызат түсті.
Осылайша, Тахир хан бір кездері 300 мыңнан астам әскері бар қуатты билеушіден, өмірінің соңында жанында ешкімі жоқ жалғыз адамға айналған деседі.
Яғни Тахир ханның дос пен қасты айыра алмаған олақ саясаты хандықты оқшаулануға алып келді. Оның дипломатиялық қателіктері мемлекеттің территориялық тұтастығына қауіп төндірді. Бұл өз кезегінде Қазақ хандығының ата жауы - Шайбани әулетіне тиімді болды. Одан кейін хандық Жетісу, Оңтүстік Қазақстан және Сырдария өңірлері бойынша бірнеше иелікке (Бұйдаш, Тоғым, Ахмет хандар) бөлініп кетті.
Тахир ханның қателіктері
Таһир хан өзінің 10 жылға созылған билігінде Мамаштан аса алмады. Оның тұсында да сұлтандар арасындағы өзара талас-тартыс тоқтамады. Ал Қазақ хандығының жаулары көбейе түсті. Тахир хан оларға тойтарыс бере алмады. Жау әскерінен екі рет жеңілді.
Онымен қоймай, бұрынғы көршілес әрі туыс ноғай тайпалары мен қазақтар арасындағы достықты жойып, оларға қарсы соғыс ашады. Ол шайқастарда да жеңіледі. Халық көп қырғынға ұшырайды, малдары тоналады. Бұған шыдамаған халықтың біраз бөлігі батыстан Жетісу аймағына көшіп кетеді. Соның салдарынан Қазақ хандығының әскері екі есеге азаяды.
Дегенмен Тахир хан қазақ хандарының ішінде бірінші болып қазақ жерін қалмақтардан қорғау үшін күрес жүргізген. Бір таудың етегінде "Жатан" деген қамал да салдырған көрінеді. Артынан қазақ әскерлері қалмақтарға қарсы соғыста сол қамалды үнемі пайдаланып отырған.
Қасым хан өлгеннен кейін ноғайлар Жайық пен Жем бойындағы өздерінің атамекендерін қайтарып алуға күш салды. Батыста – Қырым хандығы, солтүстік-батыста – Қазан хандығы, ал оңтүстік-батыста Астрахан хандығының қыспағы қатты сезілді. Содан олар Еділ бойынан шығысқа жылжып, алдымен Мамаш ханмен текетіреске түссе, артынан Тахир ханмен жағаласты. Қазақ сұлтандарының арасындағы жікшілдік басылмай қойды. Ноғайлар оны да тиімді пайдалана білді.
Ноғайлар Қасым ханның тұсында еріксіз Қазақ хандығына қызмет етуге мәжүр болған өздерінің маңғыт бауырларын Тахирге қарсы шығуға үгіттеді. Ал Тахир маңғыттардың жікшілдік әрекеттерін қатал жазалау шаралары арқылы тоқтатуға тырысты. Алайда мұндай ұстаным ойлағандай нәтиже бермеді, маңғыттар мен қазақтардың арасы алшақтай түсті. Соның салдарынан 600 мыңға жуық маңғыт батысқа, Ноғай Ордасына қарай жөңкіле көшті. Ал Қазақ хандығы батыста көп жерден айырылды.
Әйгілі Әз Жәнібектің немерелері арасынан Қасым ханның соңғы әйелінен туған кенжесі Қожа Ахмед хан ағасы Мамаш хан өлгеннен кейін Ембі мен Жайық арасындағы Байұлы руларының қолдауымен ақ киізге отырғызылып, осы өңірдің ханы болып жарияланды. Бұл оқиғалар 1524 жылы болған. Дәл сол кезде қазаққа бас хан болған Тахир ноғайлардан шығысқа қарай шегінген. Ел арасында беделі аз және барар бағыты да бұлыңғыр Тахирге Байұлы рулары атақонысты тастап, ілескілері келмеді. Оның үстіне бұл халық Қасым ханға дейін ноғайлардың қол астында болған, олармен қатар көшіп-қонып жүрді.
Қожа Ахмед әкенің отауына кіші бала ие болатын салтты ұстанған. Сол себепті жылы орнынан қозғала қойған жоқ. Алайда оның атамекені атасы Қасым ханға астана болған Сарайшық еді. Оны әйгілі Мұса бидің баласы, ноғайлардың биі Сайд Ахмед басып алған. Сайд Ахмед бұл әрекетті қаһарлы Қасым хан қайтыс бола салысымен-ақ қолға алды. Оны Мұса бидің басқа балалары Мамай, Шейх Мамай, Жүсіп және тағы басқалары, сондай-ақ Алшағырдың балалары Орақ, Келмұхаммед, Жанай қолдады.
Олар Еділдің оң жағалауында шашырай көшіп-қонып жүрген ноғайларды топтастырып, шығыстағы қазақтарға қарсы салды. Мұндайды ноғайлар тарапынан күте қоймаған, бұрынғы Қасым ханның кезінде оларды ығыстырып әдеттенген қазақтардың біраз руы қатты сасып, ноғайлардың шығыстағы Ембі өзеніне дейінгі аймақты басып алуларына кедергі бола алмады. Батыста Жайық өзеніне дейін созылып жатқан бұл аймақ қазақ ханы Қожа Ахмедтің қол астына қарайтын еді.
Қазақтардың бас ханы Тахир шығысқа көшіп кеткен соң Ембіден шығысқа қарай созылып жатқан қазақ ру тайпалары жалайырлардың, қыпшақтардың, арғындардың, керейіттердің, қоңыраттардың, табындардың бастауымен батыстан төніп тұрған ноғай қаупінен қорғану үшін Жәдіктің баласы, атақты Қасым ханның немересі Тоғымды хан көтерді. Ендігі жерде Тоғымның басты қарсыласы Ембіге дейінгі аймаққа билік жүргізіп отырған ноғай билеушісі Шейх Мамай мырза болды. Осыны пайдаланған ноғайлар тәуелсіздікке қол жеткізді. Ноғайлардың қатарын Тахирге ілеспей батыста қалып қойған қазақтар көбейтті.
Қазақ хандығының Қожа Ахмедпен бірге батыста қалған адамдарының саны 600 000 адамдай еді. Ал Тахир ханға алғашқыда 400 000-дай қазақ ілескен болса, хан шығыстағы Моғолстанның Қошқар деген қаласына жеткенде, жолай-жолшыбай өз мекендерінде қалып қойғандарды қоспағанда, олардың саны 200 000-дай адам болды.
Сол кезде Сарайшықта билік жүргізген ноғайдың бас биі Сайд Ахмед осы жағдайды өз пайдасына шеше білді. Ол әншейінде бастары қосылмайтын Шейх Мамай, Жүсіп, Орақ тәрізді ноғай мырзаларын Қазақ хандығын талқандауға көндірді. Ноғайдың қаптаған қалың қолына қарсы алғаш Қасым ханның ұлы Мамаш ханмен бірге қарсы шыққан, ал ол өлген соң жалғыз өзі самсаған ноғайға қарсы тұруға мәжбүр болған Қожа Ахмед ханның жаумен текетіресі едәуір ұзаққа созылды. Тоғым ханның да батыстағы қазақтарды ноғайлардан қорғауға шамасы келмей, оңтүстік-шығыста ентелеп келе жатқан моғолдар мен оңтүстіктен баса-көктеген шайбанилық өзбектермен бітіспес күреске араласып кетті.
Шығысқа құмарта ұмтылған ноғайлардың да жағдайы онша мәз емес еді. Ағыш және Алшағыр мырзалардың балалары көп кешікпей-ақ, Ноғай ордасының биі Сайд Ахмедті биліктен тайдырып, өздері би болу үшін күресті бастады. Өз кезегінде Ойыл мен Ембінің арасындағы ноғайлар мен қазақтарға билік жүргізіп отырған Шейх Мамай мырза о баста аталған мырзалардың емес, бас би Сайд Ахмедтің жағында болды. Оның үстіне ноғайлардан ығысып, оларға тегеурінді қарсылық көрсете алмай отырған Тоғым хан да батыстағы иеліктерді қазаққа қайта қайтарып алудан бас тарта қойған жоқ.
Сайд Ахмедке Жайық пен Ембінің арасындағы қазақ руларын ноғайларға қарсы ұйымдастырып, оқтын-оқтын қазақтардан қол жинап, қарсы бас көтеріп отырған Қожа Ахмед ханды өзіне қарату керек болды. Оның үстіне Шыңғыс тұқымынан шықпағандықтан ноғай биі Сайд Ахмедтің ноғай мен қазаққа хан болуға құқығы да жоқ еді. Би лауазымын ноғайлар билеуші ретінде мойындағанымен, Қожа Ахмедтің қол астындағы қазақтар оны мойындай қойған жоқ. Осы жағдай ноғай биі Сайд Ахмедті Қожа Ахмед ханмен алғаш астыртын, онан соң ашық келісім жүргізуге итермеледі. Мұндай келіссөздің нәтижесі бойынша Қожа Ахмед хан өзінің елінің ноғайлардың қарамағына көшкенін, яғни өзі билеп отырған қазақтардың бәрінің ноғай биі Сайд Ахмедке бағынғанын мойындауы керек болған. Алайда ол мұндай әрекетке барған жоқ. Осыдан соң Сайд Ахмед өз мақсатына күшпен жетуге кіріседі. 1535 жылы қазақ ханы Қожа Ахмедтің хан ордасын қоршап алып, ханды он бес баласымен қазақтардан оқшаулап ұстады. Бірақ мұндайда ханды жақтайтын қазақ рулары да қарап отырмай, өздерінің хандарын қолдап, ноғайларға қарсы бас көтерді. Соңы қан майданға жалғасқан осындай текетіресте ноғай биі Сайд Ахмедтің жағында соғысқан, жекпе-жекте жан шыдатпас Алшағыр ұлы Орақ Қожа Ахмед ханды алдаспанмен шауып өлтірді.
Сайд Ахмед осы оқиғадан соң, Қанды Орақ батырдан бойын аулақ ұстап, бар күшін Еділ бойына жұмсап, бұдан былай оны Астрахан хандығына қарсы күреске салды. Ал Жайық пен Ембі арасындағы қазақтар болса, билеуші ханынан айырылған соң бірде ноғай, бірде қазақ атанып, бәрібір байырғы атақоныстан қол үзбей, сонда көшіп жүрді. Олар жау жағадан алғанда жері мен елін жатқа тастап кетпеген Қожа Ахмед ханды қасиеттеп, жадында сақтап, оның есімін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізді.
Тахир хан жағдайдың қиындап бара жатқанын көрді. Содан туған анасындай болып кеткен Сұлтан Нигар ханымның көмегіне жүгінеді. Ол кезінде әкесі Әдік сұлтанның әйелі болған. Ал әкесі қайтыс болғаннан кейін әмеңгерлік жолмен қайнысы Қасым ханға тұрмысқа шыққан. Сұлтан Нигар ханым оңтүстік-шығыстағы өзінің төркіндері болып келетін моғол хандарынан көмек сұрауға ақыл айтты. Ол кезінде алғашқы қазақ хандарына Жетісудан жер берген Есенбұға ханның бауыры – Жүніс ханның қызы еді. Текті жерден шыққан, әкелеріне сенімді кеңесші және серік болған апасын Тахир хан аса құрметтеп, оның сөзіне құлақ асатын. Сұлтан Нигар ханымның мұндай шешімді жайдан-жай айтқан жоқ.
Қасым ханның кезінде Қазақ хандығы бір мезгілде ұрыс даласына 10 лек (1 000 000) әскер шығара алған. Ал Тахирдің қарауында 4-ақ лек (400 000) қана әскер ғана қалған. Оның үстіне жапан далада көкжал бөрідей мағынасыз жортып жүрген Тахирдің ауыр тұрмыс халі де оны қажытып жіберген еді. Осылайша, 1523-1524 жылдың қыс айында Тахир хан моғолдардың астанасы Қошқарға келеді. Жақсы көретін әпкесін де алып шықты. Тахир ханға моғол ханы Сайд хан аса үлкен құрмет көрсетті. Достық қарым-қатынастар ескі құда-жекжаттықты жаңартуға ұласып, Сайд хан Тахирдің қарындасын өзінің баласы Рашид сұлтанға үйлендіреді. Алайда басы жақсы басталған бұл байланысты Тахирдің өзі бүлдіріп жіберді. Моғолдарға тәуелді қырғыздардың біразын өзіне қосып алды.
Тахир ханның өзіне достық қолын ұсынған кісілерді қастерлей білмеуі, адамдармен қарым-қатынастағы аса дөрекілігі оны моғолдармен ғана емес, өзінің төңірегіндегілермен де араздастырды.
1525 жылы жазда Ташкентті билеп отырған шайбанилық Сүйіндік қожа қайтыс болған соң Тахирдің өз жағдайын орнықтыру үшін шайбандықтармен тұрақты бейбіт келісімге қол жеткізуге толық мүмкіндігі болды. Шайбандық өзбек билеушілері де соған ұмтылды. Алайда Тахирдің сауатсыз дипломатиясы екі ел арасындағы жағымды ахуалды тағы да бүлдірді.
Тахир хан өзіне наразы қазақ сұлтандарын жазалау үшін Сүйіндік қожаның ұлы Келдімұхаммедтен көмек сұрайды. Алайда өзі достық келіссөздер жүргізіп отырған шайбандық билеуші Келдімұхаммедтің өзіне жіберген елшілерін ешбір себепсіз тұтқынға алады. Онымен қоймай, шайбандықтардың аймағына басып кіреді. Бұның бәрі қантөгіс шайқасқа алып келді.
1525-1526 жылдары қыста Түркістан қаласы маңында үлкен ұрыс болды. Тахир хан жеңіліп қалады. Ал Қазақ хандығының Түркістан аймағындағы біраз жерлері тағы да шайбандықтардың қолына көшті. Осыдан кейін Тахир хан кезінде өзіне достық қолын созған моғолдардың Жетісу аймағына басып кіреді. Өзінің шатырын моғолдардың астанасы Қошқар қаласына жақын жерге орналастырды. Сол жерде өзіне бірқатар қырғыз және қазақ руларын қосып алады. Тахирге деген сенімдерін жоғалтқан моғолдар Жетісу мен Ыстықкөл аймағынан аулақ, Қашқар жеріне кетті.
Тахир хан төңірегіндегілерді де, өзімен келісімге келуге талпынушыларды да әрқашан жау көретін. Оның түсініксіз, әрқашан айнып кетуге бейім іс-әрекеті қазақ сұлтандарына да ұнамады.
«Тақыр ханның билігі әлсіреген сайын оның қатыгездігі мен аяусыздығы өрши түсті. Оның Әбілқасым деген інісі болды. Ханның қаталдығы содан шығып деген оймен қарамағындағылар Әбілқасымды өлтіріп, өздері жан-жаққа тарап кетті», - деп жазды Мұхаммед Хайдар Дулати.Тахир хан әскери-саяси істеріне олақ, дипломатиялық дарыны жоқ, қол астындағыларға қатал адам болды. Ол ішкі енжарлық пен феодалдық қырқыстарды тыя алмады, сыртқы жаулармен күресте де сәтсіздікке ұшырады. Ақырында өз қарамағындағылардан да қол үзіп, жалғыздықта қайтыс болды.
Тахир ханның өлімі
Тахир ханның қайтыс болуы туралы тарихи деректерде нақты себептері (мысалы, аурудан ба, жарақаттан ба, әлде басқа жағдайдан ба) толық айтылмайды. Көптеген дереккөздер оның өмірдің соңғы жылдарын қиыншылықта, жалғыздықта және жоқшылықта өткізгенін, қазақ даласынан қашып, қырғыз жеріне (қазіргі Қырғызстан аумағына) көшіп кеткенін және сол жақта қайтыс болғанын көрсетеді.
Деректер Тахир ханның 1533 жылы қайтыс болғанын жазады(Қазақ хандығының ресми тарихында және Википедияда осы жыл көрсетілген).
Кейбір деректерде 1529–1531 немесе 1531–1532 жылдар аралығы деп те аталады. Бұл шамамен 10 жыл билік құрған соң (1523 жылдан бастап) болған. Ол Моғолстан хандарымен (Сайд хан, Рашид сұлтан) байланыс орнатып, қырғыздармен одақтасып, сол жаққа қашқан. Бірақ кейін моғолдармен де, өзінің төңірегіндегілермен де қарым-қатынасы нашарлап, қол астындағылардан қол үзіп қалған.
Биліктен айырылып, қайыршы халде, ешкімге қажетсіз болып, жоқшылық көріп қайтыс болған. Sputnik материалында да осылай сипатталған: «аздаған қазақпен қырғыз жеріне көшіп кетті. Сол жақта жоқшылық көріп, қайтыс болады». Англий тілді деректерде де (мысалы, Wikipedia-ның ағылшынша нұсқасы) «misery» (қайғы-қасірет, қиыншылықта) өлгені айтылады.
Мұхаммед Хайдар Дулатидің жазбаларында оның қатыгездігі мен қаталдығынан қол астындағылардың өзі оны тастап кеткені, тіпті інісі Әбілқасымды өлтіріп тастағаны туралы айтылады, бұл оның жалғыз қалуына әкелген.
Тахир хан - Қасым хан орнатқан ірі империяны сақтап қала алмаған, бірақ есесіне қиын-қыстау заманда қырғыз-қазақ бірлігінің алғашқы іргетасын қалаған қайшылықты тұлға.
Тахир ханның билігі - Қазақ хандығы үшін үлкен сабақ болды. Мамаш пен Тахирдің тұсындағы олқылық пен ел ішіндегі алауыздықты Хақназар хан ғана ауыздықтай алды. Екі ханның тұсында іргесі бөлініп кеткен жерлерді қайта біріктіріп, хандықтың болашағын бекем етті.