Ежелгі өркениеттің астанасы болған: Құпияға толы Байқоңыр туралы
Бөлісу
14.11.20255812
Биыл «Байқоңыр» ғарыш айлағының құрылғанына 70 жыл толып отыр.
Әлемде өмірінде бір рет те болса Байқоңыр туралы естімеген адам жоқ шығар. Бұл – планетамыздағы ең алғашқы ғарыш айлағы әрі бүгінде әлемдегі ең үлкен ғарыш кешені. Жерден ұшырылатын ғарыш кемелерінің төрттен бірі дәл осы Байқоңырдан көкке самғайды. Бұл ғажайып кешеннің тарихы, құрылымы және адамзаттың ғарышты игеру жолындағы рөлі туралы айтқанда, оның маңызы шексіз. Сонымен қатар, Байқоңыр қазақ халқының ғарышқа деген асқақ арманының символына айналған сиқырлы өңір.
Байқоңырдың құрылуы және құпия тарихы
Байқоңыр ғарыш айлағының құрылысы 1955 жылы Төретам кентінің жанынан басталды. Бастапқыда жоба «Тайга» деп аталып, толықтай құпиялықта жүзеге асырылды. Мұндағы Кеңес Одағының негізгі стратегиялық мақсаты – сырт көздің назарын басқа жаққа аудару болатын.
Осы мақсатта алдымен Төретамнан шамамен 400 шақырым қашықтықта орналасқан Байқоңыр ауылының маңынан жалған ғарыш айлағы салына бастады. Бірнеше жыл бойы ғарыш саласына қатысты барлық құжаттарда осы жалған ауылдың аты аталып келді. Мысалы, хаттамаларда, карталарда және тіпті радиобайланыста «Байқоңыр» деген атау қолданылды. Бұл тактика өз кезегінде сәтті болды. Ұзақ уақыт бойы шетелдік барлаушылар шынайы айлақтың нақты орнын анықтай алмады. Уақыт өте келе шынайы ғарыш айлағының құпиялығы алынып тасталып, «Тайга» жобасы ашық айтыла бастады. Алайда көпшілік бұрынғы атауына үйреніп қалғандықтан «Тайга» жобасы түбегейлі «Байқоңырға» айналып кетті.
Байқоңыр атауы бүгінде әлемдік брендке айналып отыр. Байқоңыр атауы бүгінде ғарыштық туризмнен бастап, киноиндустрияға дейін қолданылады. Мысалы, 2017 жылы шыққан «Салют-7» фильмінде Байқоңырдың рөлі ерекше көрсетілген.
Байқоңырдан басталған алғашқы сапар
1957 жылдың 4 қазанында дәл осы айлақтан «Спутник-1» деп аталатын Жердің алғашқы жасанды серігі –ұшырылды. Бұл оқиға Юрий Гагариннің ұшуынан төрт жыл бұрын болды және адамзат тарихындағы ең маңызды қадамдардың бірі еді. «Спутник-1» құрылғысын кеңестік конструктор Сергей Павлович Королёв жасап шықты. Құрылғының диаметрі жарты метрлік сфера пішіндес болып, антенналар мен радиоқабылдағыштардан тұрды. Ол өзінің шартты сигналын таратып, Жерді 1440 рет айналып өтті, содан кейін атмосфераның тығыз қабаттарында жанып кетті.
Расы керек бұл сигнал әлемді дүр сілкіндірді. АҚШ президенті Дуайт Эйзенхауэрдің кеңесшілері «Кеңес Одағы ғарышта алдымызды орап» деп есеп берген. Осыдан кейін Кеңестер одағы мен АҚШ арасында «ғарышты игеру жарысы» басталды.
Мысалы, 1958 жылы АҚШ «Explorer-1» серігін ұшырды, ал 1961 жылы – «Меркурий» бағдарламасы бойынша ғарышқа адам жіберу жобасы қолға алынды.
Алғашқы ұшудан тағы үш жыл өткен соң 1960 жылдың 19 тамызында Байқоңырдан бесінші жер серігі ұшырылды. Бұл жолы серікте жолаушылар болды. Олар - Белка мен Стрелка атты иттер еді. Олар бір тәуліктен аса уақыт ғарышта болып, салмақсыздықты, радиацияны және ғарыштық сәулелерді бастарынан өткізіп, жерге аман-есен оралды. Белка мен Стрелка қарапайым көше иттері еді, бірақ ғарыш сапарынан кейін әлемдік танымалдыққа ие болды. Олардың алдында Лайка (1957 жылы ұшқан) ғарышта қаза тапқан еді. Белка мен Стрелканың сәтті оралуы адамның ғарышқа ұшуына жол ашты. Олардың денсаулығы, жүрек соғуы және тамақтануы зерттеле келе ғалымдар ғарышқа адам жіберуге болады деген қорытынды жасады. Яғни Юрий Гагариннің ұшуына негіз болды. Бүгінде Белка мен Стрелканың мүсіні Мәскеудегі Ғарыш музейінде тұр.
Адамзаттың ғарышты бағындырудағы ең маңызды қадамы 1961 жылдың 12 сәуірінде жасалды. Дәл сол күні Байқоңырдан бортында Юрий Алексеевич Гагарин бар «Восток» кемесі ұшырылды. Ұшу аса қатаң құпиялылықпен өтті. Гагарин космоста 108 минут (шамамен екі сағат) болып, жерді бір рет айналып қайтып оралды. Тек содан кейін ғана әлемнің телеканалдары хроника кадрларын көрсете бастады.
Осы оқиғаның құрметіне 12 сәуір Космонавтика күні болып аталып келеді. Мысалы, 2021 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 12 сәуірді Халықаралық ғарыштағы адам ұшуы күні деп жариялады. Сол кезден бері Байқоңырдан 5000-нан аса түрлі старт жасалыпты.
Байқоңыр атауы қайдан қайдан шықты?
Байқоңыр – адам есімі емес, жер атауы. Ешқандай тарихи тұлғамен байланысы жоқ аату. Кейбір аңыздарда «байқоңыр» атауын қазақ батырларының есімімен байланыстырады. Бірақ бұл - миф.
Шын мәнінде, бұл – табиғи ландшафтты сипаттайтын атау. Атаудың лингвистикалық шығу тегіне келсек, «байқоңыр» – қазақ тіліндегі географиялық термин: «Бай» (бай, мол) + «қоңыр» (қоңыр, қызыл топырақ) деген мағына береді. Яғни, «бай қоңыр жер» немесе «мол қоңыр дала» деген мағынаны білдіреді.
Байқоңыр ауылы – ежелгі қазақ көшпелілерінің мекені, Сырдария өзенінің жағасындағы қоңыр топырақты дала. Бұл атау жергілікті топонимдерден шыққан, бірақ ғарыш айлағына «Байқоңыр» атауы бекітілгенше, аймақтағы басқа ауылдардың (мысалы, Төретам) атаулары да талқыланған.
Байқоңыр туралы мифтер
Байқоңырдың құпиялы тарихы алуан түрлі мифтердің тууына себеп болды. Кеңес дәуіріндегі ақпараттың жасырындығы әлемдік баспасөзде және халық арасында түрлі аңыздарды өрбітті.
Енді солардың біразына тоқталсақ:
Байқоңыр – ежелгі ғарышкерлердің мекені
Кейбір конспирологиялық теорияларда Байқоңырды ежелгі өркениеттің астанасы болған делінеді. Яғни ежелгі өркениет иелерінің ғарышқа шығу орны болған-мыс.
Сонымен қатар, ежелгі көшпелілердің ғарышпен байланыс орнататын тылсым орын болған. Бұл миф жергілікті фольклордан шыққаны белгілі. Себебі, қазақ аңыздарында «көкте самғау» мотиві өте көп. Бірақ ежелгі өркениет ізі дегенді растайтын археологиялық дәлел жоқ. Басында айтып өткеніміздей, ғарыш айлағы 1955 жылы салынған.
Байқоңыр – жердің кіндігі
Байқоңырды «Жердің кіндігі» деп атайтын аңыз бар, себебі ол ғарышқа ең қолайлы ендікте (46° солтүстік) орналасқан. Бұл жартылай шындық. Географиялық орны зымыран ұшуына тиімді, бірақ «кіндік» – поэтикалық теңеу.
Расы керек, бұл мифтердің көбі құпиялықтан туған, ал бүгінде ашық ақпараттар мен тарихи деректер оларды жоққа шығарады.
Бір белгілісі, Байқоңыр – әлемдегі ең ірі ғарыш айлағы (6717 км² ғана) саналады. Яғни Ақтөбе облысынан кішірек аумақты алып жатыр.
Айдын Айымбетов және 500-нші старт
2015 жылдың 2 қыркүйегінде Байқоңыр ғарыш айлағындағы «Гагариндік старт» алаңынан «Союз» жолаушы кемесінің мерейтойлы 500-інші ұшуы жүзеге асырылды. Экипаж мүшелерінің ішінде Қазақз ғарышкері Айдын Айымбетов те болды.
Байқоңырда 10 000-нан аса қызметкер жұмыс істейді. Олардың барлығы 30 шақырым қашықтықта орналасқан қалашықта тұрады. Қаланың атауы бірнеше рет өзгерді. Бастапқыда Заря, Звездоград кейіннен Ленинский болды. 1995 жылдан – Байқоңыр деп аталады.
Қалада шамамен 70 000 адам өмір сүреді, олардың жартысынан көбі Қазақстан азаматтары.
Бүгінде ғарыш айлағы Қазақстан Республикасының меншігі, бірақ Ресей оны 2050 жылға дейін жалға алған.
Тоқтар салған тура жол
Жетпіс жылдың ішінде осы Байқоңыр айлағынан 38 елдің 545 космонавты ғарышқа ұшқан екен. Сол топтың ішінде қазақ ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов те бар.
Қазақ халқының ғарышқа сапарын тұңғыш ғарышкеріміз Тоқтар Әубәкіров бастап берді. Яғни осыдан 34жыл бұрынғы ғарышқа сапары ел тәуелсіздігінің бастауы болды. Тоқтар Әубәкіров әлемнің екі жүз елу алтыншы ғарышкері.
Екінші ғарышкерТалғат Мұсабаев болды. Жалпы жиынтығы 341 тәулікке созылған үш бірдей ғарыш экспедициясына қатысты. Ол ашық ғарыш кеңістігіне сегіз рет шығып, қырық екі сағаттан астам уақыт болған тұңғыш қазақ.
Сол секілді Айдын Айымбетов тәуелсіз Қазақстанның үшінші ғарышкері атанды. Ол космосқа ұшқан әлемнің 545-ші ғарышкері. Айымбетов ғарышқа «Союз ТМА-16М» кемесімен 2 қыркүйек күні аттанып, 4 қыркүйек күні «Союз» Халықаралық ғарыш станциясына автоматты режимде сәтті түйісті.
Айдын Айымбетовтың ғарышқа сапары он күнге созылды. Яғни қыркүйектің 2-12 аралығын қамтыды. Он күнге созылған сапар барысында ол бірқатар физикалық- ғарыштық эксприменттер мен Арал және Каспий теңіздерінің экологиясына мониторинг жүргізіп шаңды дауылды зерттеді. Сонымен қатар қазақтың ұлттық тағамдарын салмақсыздық жағдайында тексеріп көрді.
Ең қызығы, Тоқтар Әубәкіров пен Айдын Айымбетов бір күнде, бір айда (26 шілде) дүниеге келген. Екуі де бір оқу орнын бітірген. Тіптен ғарышқа ұшқан жылдарының арасы 24 жыл. Екеуі де сәрсенбінің сәтті күні көкке самғады.
Енді мынаған қараңыз, Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа ұшқандағы командирі Александр Волков болса, Айдын Айымбетов сол Александрдың ұлы Сергей Волковтың командасында болған.
Тоқтар Әубәкіров – Тұңғыш қазақ ғарышкері
Ұшу күні: 1991 жыл, 2 қазан
Ұзақтығы: 7 тәулік 22 сағат
Әлемдегі реттік нөмірі: 256-шы
Командирі: Александр Волков
Алдындағы жетістігі: КСРО-да тұңғыш рет МиГ-29 истребителін авианосецтен ұшырған
Гиннес рекорды: Теңізден 100 метр биіктікте трамплин әдісімен ұшу
Талғат Мұсабаев – үш мәрте ғарышкер
Ұшу саны: 3 экспедиция
Жалпы уақыт: 341 тәулік
Ашық ғарышта: 8 рет шығу, 42 сағат
Гиннес рекорды: Бір айда 5 рет (30 сағат 8 минут) ашық ғарышта
2001 жыл: Американдық миллионер Деннис Титоға жарасын тігіп, алғашқы ғарыш хирургы атанды.
Айдын Айымбетов
Ұшу күні: 2015 жыл, 2 қыркүйек
Командирі: Сергей Волков (Александр Волковтың ұлы)
Эксперименттер:Радиацияның миға әсері, қазақтың ұлттық тағамдары (бие сүті, жылқы майы)