Дала ежелден адамзаттың тіршілік ету кеңістігіне айналып, көшпелі қауымдардың қалыптасуына негіз болды. Адамзат тарихының бастауынан белгілі барлық үдерістер жермен тығыз байланысты.
Топырақ—адамның жаратылған ортасы әрі соңғы мекені. Ежелгі тайпалар осы кеңістікте қауым болып бірігіп, табиғаттың қатал жағдайларына бейімделіп, өзіне қажетті азығын тауып, алғашқы мәдени және тұрмыстық дәстүрлерін қалыптастырды. Орталық Азияда өмір сүрген тайпалардың көпшілігі көшпелі өмір салтын ұстанды. Олардың тұрмысы табиғатпен тығыз байланысты болып, негізгі күнкөріс көзі аңшылық пен мал шаруашылығы еді. Көшпелі өмір салты оларды шыдамды, төзімді әрі ұйымшыл етіп тәрбиеледі. Бұл қауымдардың өзіндік ішкі тәртібі, қалыптасқан салт-дәстүрі және берік қоғамдық құрылымы болды. Осы ұлы даладан шыққан Шыңғыс хан жас кезінен-ақ көшпелі тайпаларды біріктіріп, біртұтас мемлекет құруды мақсат етті. Ол ерте жастан көптеген қиындықтарға тап болып, өмірлік тәжірибе жинақтады. Әкесінің өлімінен кейін Темучин отбасының қамқоршысы ретінде анасы мен бауырларына сүйеу болды. Осы кезеңде оның ұлттық және саяси идеясы қалыптасып, болашақта ұлы мақсатқа айналды.
Темучин өзінің әскери қабілетімен ерекшеленіп, ұйымдастырушылық және стратегиялық дарынын көрсетті. Ол меркіт, найман сияқты көрші тайпаларға жорықтар жасап, оларды бағындырды. Нәтижесінде Орталық Азия кеңістігіндегі әртүрлі ұлыстарды біріктіріп, қуатты империяның негізін қалады. Шыңғыс ханның мемлекет құру жолындағы қызметі — дала өркениетінің саяси және әлеуметтік дамуындағы маңызды кезеңдердің бірі болып саналады. Шыңғыс хан негізін қалаған Моңғол империясы осылай 1206 жылы құрылып, ұлы құрылтай болып, халықтың қалауы бойынша Шыңғыс хан моңғол империясының құрушысы және алғашқы ханы атанған болатын. Шыңғыс хан Моңғол империясын құрылымын жасап, ішкі, сыртқы саясатын бекіткен-ді. Ішкі саясат барысында мемлекетті бір орталыққа бағындырып, барлық тайпаларды мыңдық деп аталатын әскери әкімшіліктерге бөледі. Ол мемлекетті тұтас ұстап, ішкі ауыз біршілікті нығайтып, сыртқы күшкі алынбас қамалдай көрінеді. Осы кезеңге дейін моңғыл ұлысының қарамағындағы тайпалар дала заңы бойынша күн кешіп, тайпа арасында бір жүйелік болмаған еді. Шыңғыс хан осы оқылықтың орының толтырып, алғашқы рет «Жасақ» атты мемлекеттік заң жүйесін қалыптастырды. Оның өзіндік құрылымдары болып үкіметтің жоғары органы құрылтай болып, империясын тоқсан төрт түмен әкімшілік билікке бөліп, әр түменде он мың адам болып, түмендер әр аймаққа бөлінсе, әр түменде он мың адам, әр мыңдық он жүздіктен ал жүздіктер ондықтардан тұрған еді. Бұл мемлекеттік басқару жүйесінің осы күнге дейін жалғасқан тамаша көрінісі болатын. Бала Тимучин кішкентай кезіңдегі қайтпас қайсарлығының арқасында тұтас мақсатына осылай қол жеткізді. Ол Моңғол империясының керегесін кеңейтіп, іргесін бекітіп, Сібір мен Шығыс Түркістанды, кейін Бейжінді, Солтүстік Қытай, кория патшалығымен тұтас Орта Азияны жаулап алып, өзінің боданына айналдырды.Осындай зор империяның туын желбіретіп, ұрпақтан ұрпаққа тұтас ұлттық идеяны сіңіртіп, кемел болашақтың іргесін қалаған Шыңғыс хан еді. Шыңғыс ханның өзі секілді ақылды, жауынгер, бойына моңғыл ұлттық идеясын сіңіріп өскен төрт ұлы бар еді. Олар ерліктері елге мәлім болып, ел еңсесін биіктеткен дала тағылары еді. Шыңғыс хан төрт ұлына төрелігін айтып, ұлы империядан ұлыс бөліп береді. Кіші ұлы Төлейге Моңғол империясын яғни өз билік құрып отырған жермен 129 мың адамдық армияның 101 мыңын береді. Ал үшінші ұлы Үгедейге Батыс Моңғолиямен жоғарғы Ертіс пен Тарғабатай өлкесін беріп, сол жаққа басшылық жасауын бұйырады. Шағатайға Оңтүстік Алтайдан Әмударияға дейінгі яғни Шығыс Түркістан, Жетісу, Мауараннахр жерлері иелігіне өтті. Шыңғыс ханның үлкен ұлы өзі ең көп үміт күтіп, сенген Жошыға Ертістен батысқа қарай, Жетісудың солтүстік бөлігі мен төменгі Еділ бойына дейінгі жерлерді қамтып, Шығыс Дешті Қыпшақты қамтыған еді. Осылай қазіргі Қазақстан аумағы Шыңғыс ханның үш ұлының ұлысына кірді [1; 77 б].
Бұл ұлыстар Шыңғыс ханның ұлдарына берілгенімен оларға тек мирас ретінде қалдырылды, ал ұлыстар бұрынғыдай бір орталыққа бағынатын еді. Бірақ, Шыңыс хан қайтыс болғаннан кейін жағдай мүлде өзгерді. Моңғол империясының бәз баяғыша емес идеологиясы өзгеріп, кішкентай тайпалар өзара жиі қақтығысып, ұлыстардың іс жүзіндегі биліктер Шыңғыс хан ұрпақтарына ауысымен олардың әр қайсысы өз алдына дербес мемлекет болуға ұмтылуға итермеледі. Бұл ішкі саяси оқиғалар ұлы империяны әлсіретіп тастағандай болатын. Ұлыс билеушілеріне билік ақырындап толық процесте көшіп, бірнеше өз алдына дербес мемлекет болып ыдыраған еді. Империяның ыдырауының басты негізгі себептері ішкі халықтың билікке қарсы күресі, империяның таққа таласы және елдің іргесі сөгіліп бара жатқаны еді. Өзара ішкі қайшылықтар, экономикалық дағдарыс пен бір-бірімен ұзаққа созылған қырқыстар, ұлыстардың бөлінуіне әкеліп соққан еді. Шыңғыс хан мен үлкен ұлы Жошы қайтыс болғаннан кейін, Үгедей хан тұқымының үлкен ұлы ретінде қалып, зор беделге ие болды. Шыңғыс хан тірі кезіңде әр баласына тату болып, бір-бірінен ара жігі ажырамай, тұтас империяны сақтап қалуды тапсырған болатын. Бірақ ішкі қайшылықтар кесірінен елдің жағдайы ол ойлап өткен болмады. Жошы әкесі бөліп берген ұлысты тірі кезіңде тәуелсіз мемлекет етуге бар күшін салған еді. Бірақ, беймезгіл уақытта, белгісіз себептермен жұмбақ күйде қаза табады. Оның ұлы Батый әкесінің мирасқоры ретінде оның жорықтарын жалғастырып, Руське және Еділден батысқа қарай қанды жорықтар жасап, еш жеңіліссіз үлкен нәтижеге жеткен еді. Батыс енді өзіне тиесілі ұлыстың аймағы Алтайдан Дунайға дейінгі кең байтақ даланы алып, төменгі Еділге дейін жетеді. Бұл аймақта жаңа мемлекет пайда болады. Ол мемлекеттің аты-Алтын орда. Бұл мемлекет әлемдік өркениетке басқаша қадам басты. Себебі, бұл көне түркілер мен моңғолдардың алғаш бас қосып, тұтас мемлекетке айнала бастаған еді. Батый, Шыңғыс хан секілді қайсар-қайтпас адам еді. Ол барған жерлердің бәрі қызыл түске айналып, адамға тек қорқыныш пен үрей сыйлайтын еді. Тарихи деректерге сүйенсек, Батый өзінің жауларына мүлде мүмкіндік бермеген, қарсыластарын аяусыз басып жаншып, өзіне бодан етіп алған. Алтын Орданың алғаш астанасы Сарай-Бату болып, кейінірек Еділ бойына Сарай-Берекеге көшіріледі. Сарай сөзі бұл парсы сөзі. Бұл сөз түркілер арқылы моңғол жеріне жетіп, олар осылай жерлікті сарайларын атай бастаған еді. Еділдегі Сарай қаласын Батый хан өзінің аса қатты ықыласымен ХІІІ ғасырдың 50-жылдары жаңа қала құруға бұйрық береді. Бұл қала нағыз мәдениеттін ошағына айналып, жан-жақтағы әр тайпаның азаматтары осы өлкеге жиналып, әлемдік өркениетке, әлемдік мәдениетке өз үлестерін қосты. Бірнеше жылдардың арасында Сарай қаласы Алтын Орданың ең ірі қаласына айналып, бұл жерде шоғырланған адам саны 75 мыңға жуық болды. Осылай болашаққа жаңа қадам басқан Алтын Орданың негізгі бөлігін әр түрлі ұлттар құрған. Тарихи деректерге сүйенсек Алтын Орда атануының өзі орыс жылнамаларында кездеседі. Ұзақ уақыт Алтын Орда атауы татарлар, Батыйға деген секілді түрлі атаулар қолданып жүрді. Ғалым Тұрсын Сұлтанов өзінің «Алтын Орда Еуразия даласындағы Шыңғыс хан мемлекеті» атты еңбегінде «Алтын Орда» терминіне ерекше тоқталады. Ол «Орда атауы ХІІ ғасырдың аяғындда орнығып, ХІV ғасырдағы орыс жылдамалары мен құжаттарына толық орнығады»- дейді. Осы уақытта орыстар Алтын Орданы Златая Орда, Великая Орда деп атай бастаған. «Алтын Орда» терминінің шығу тегін А.Г.Митрошкина мен Г.А.Багатова, В.Г.Егоров, Г.А.Федоров-Давыдов секілді бір қатар ғалымдар қарастырған. Олардың айтуы бойынша Орда атауы, моңғолдардың алтынмен әрленіп, көздің жауын алатын ғаап кигіз үйлермен тығыз байланысты болуы мүмкін. Рашид-ад-Дин өз еңбегінде Шыңғыс ханның Орта Азиядан моғ,олияға келуін тікелей баяндап келіп, хан Бұқа-Сужигу деген жерге келіп, урду-и заррин-и бузург, яғни үлкен не ұлы Алтын орданы тігуді бұйырады деп көрсетеді. Тағы бір деректерде Үгедей жорықтан келе жатып, өз әскерлеріне кигіз үй тігуді бұйырады, ол кигіз үйдің ішінде мың адам сияқтындай кең әрі біршама аймақты алады, ол шатыр ешқашан жиналмайды. Оның тіреулері алтын болып, ішіне қымбат маталар мен төсек жабықтар тігіледі делінеді. Бұл Сира-Урду яғни «Алтын Орда» деп аталады [2; 49 б].
Алтын Орда шапқыншылығы Русьтің бір мақсат жолына бірігуіне жағдай жасады. Олардың мəдениетіне де айтарлықтай үлесін қосты. Алтын Орданың астанасы Сарай-Беркеде орыстардың ірі сауда орны болған. Екі арадағы сауданың гүлденуіне байланысты көптеген қыпшақ сөздері орыс тілінің құрамына енген. Атап айтсақ: «казна, деньги, товар, пай, сундук, торба, карман, колпак, ямщик, яма»..«Тюрма, кандалы, кабала» деген сөздер сол уақытта Алтын Ордадан келді. Алтын Орда мемлекетінің негізгі құрылымы Шыңғыс хан енгізген жүйе бойынша жүрді. Мемлекеттік таққа тек Жошы ханның ұрпағы ғана отыруға тиісті болды. Мемлекеттік аса маңызды мәселерді шешуі үшін хан ұрпақтары және ақсүйектер жиналып, жалпы жиналыс яғни құрылтай шақырылды. Алтын Орда мемлекеті өз ішінен ұлыстарға бөлінген яғни әр ұлыс-игіліктерге бөлінген көшпелі мемлекет болған еді. Алтын Орданың ішкі басқару жүйесінде көшпелі, әскери шонжарлардан құрылған әкімшілік зор беделге ие болды және мемлекеттік басқару жүйеде маңызды орын алды. Мемлекеттің ішкі сырты істерін және әскери жүйені басқару үшін өз ішінен жоғары лауызымдар берілді. Ханның атынан барлық әскерді беклер-бек басқарса, халықтық азаматтық биліктің басында хан мен сұлтандардың кенесшісі уәзір болды. Мемлекеттің басқару жүйесінде маңызды орын алған даруғалар мен басқақтар салық жинаумен айналысты және жергілікті халықтық әскери бақылау жүйесін іске асырды. Хан бастаған жорықтарда бағындырылған жерлер, Шыңғыс әулетінің ұлыстарына кіреді. Олар осы жерде мыңдық, жүздік, ондықтарға кіріп, олардың салт-дәстүрі, тайпасы, рулық құрылымдық жүйесі қатаң сақталады. Алтын Орда көп ұлтты мемлекеттік құрылым еді. Ғалымдардың айтуына қарағанда, ежелден өзіңдік дәстүрі мен әдет-ғұрпы бар, Қырымға, Еділ бойын мекендеуші халықтарға, сол секілді Хорезмге қарағанда моңғол халқының мәдени дәрежесі әлде қайда төмен болған.Олар осы мекенге келгенен кейін өзге халықтардың мәдениетін бойға сіңіре бастаған. Себебі, бұл жерде қоғамдық-экономикалық деңгейі жағынан бір-бірінен әр алуан айырмашылығы бар, өзіңдік мәдениеті, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы бар, өркениетке қарай ұмтылуға әрекеттенген халықтар қоныстанды. Алтын Орда да қоныстанған халықтардың көпшілігі түркі халықтары еді. Ұланғайыр даладағы халықтардың көпшілігі ең бірінші қыпшақтар, кейін барып, қарлұқтар, қаңлылар, наймандар және Хорезм мен Еділ Бұлғариясының халықтары құрады. Тағы да ежелгі хазар ұрпақтары, армяндар, орыс княздарын мекендеп жүрушілер мен шығыс славяндар және угро-финдер ел ішіне сіңісіп, өз салт-дәстүрлері мен мәдениеттерін толық сақтады. Орасан зор аумаққа ие болған Алтын Орда билекшілері мен ақсүйектердің егіншілікті сондай-ақ қалалық мәдениет аймақтарын басқару ісінен аса көп тәжіребиелері болмады. Олар осы істерді басқаруға түркі халықтарының оқыған сауатты, сөзге шешен, тәжіребиесі мол адамдарын жұмылдыруға мәжбүр болды. Бұл жерде қоныстанған түркі халықтары өте мәдениеті және талпынысы жоғары, өмір сүру салты сақталған еді. Олардың өміріне және мәдениетіне моңғодардың өздері едәуір уақытта сіңісіп, біте қайнасып кетті. Мемлекеттің негізгі тілі қыпшақ тілі болады. Бұл мемлекетте қыпшақ тайпасының үлесі басым болғандығын байқатады. Қыпшақ тайпасы да ел саясатына белсенді араласып, әскери істерде белсенді рөл атқаратыны ерекше байқалатын. Алтын Ордада мемлекеттік тіл «қыпшақ тілі» болғанымен қыпшақ тілінің түрлі диалектілері кеңінен тарап кеткен болатын. Бірақ түрлі диәлектілер орын алғанымен адамдардың бір-бірімен жақсы түсінесе алған, яғни диәлектілердің бір-бірінен аса қатты айырмашылығы жоқ еді. Алтын Орданың ірі ошағына айналған Сарай қаласында бірнеше жылда өнер, қолөнер, сәулет өнері дамып, адамдар жарасымды киім киіп, өркениетке аяқ баса бастады. Сарай қаласы түрлі тайпалар және түрлі діндер мен мәдениеттер тоғысты, олар өзара түрлі наным-сенімдегі азаматтар пікір таластар өткізіп, оларға ислам, христиан және будда дінің ұстанушы топ белсене араласып, өзіндік ой-пікір айтып, жан-жағына өз діндерін насихаттауға мүмкіндіктер алды. Мемлекет өздері жаулап алған елдерден, өздеріне тұтқын етіп айдап әкелген халықтардың арасынан өнерлі, қолдарынан түрлі дүниелер келетін, он саусағынан өнер тамған тамаша, шебер қолөнершілер шығып, олар Алтын Орда қалаларының құрылысына араласып, оны салуға және өркендетуге және елдің мәдениетін қалыптастыруға зор үлес қосты. Алтын Орданың негізгі бөлігін түрлі ұлттар мен тайпалар құрауына байланысты олардың ел мәдениетіне беріп отырған пайдасы зор еді. Әр тайпа өз шамасына қарай өзінің мәдениеті мен салт-дәстүрін, діни наным-сенімдерін насихаттауға барынша тырысты. Осы арқылы мемлекетте әр тайпаның өзіндік әдебиеті пайда бола бастады. Алтын Орда мемлекеті әдеби-мәдени орталыққа айналды. Бұл өлкеге әр жақтан жиналған оқыған сауатты азаматтар мен өзіндік пікірі қалыптасқан жастар жиналып, осы өлкенін азаматтарына өзінің өнерлерін көрсетіп, халықтың талғамын қалыптастыра бастады. Сарай қаласынан сонау Бұқарадан Египет пен Сириядан азаматтар ағылып келе бастады. Мемлекеттің өз ішінен де түрлі оқыған азаматтар шыға бастады. Бұл Алтын Орда мемлекетінде әдебиет пен мәдениеттін алғаш қалыптаса бастаған кезеңі еді. Сондай-ақ олар мемлекеттің түрлі саладағы істеріне араласып, ат салыса бастады. Атап айтар болсақ, елдің саяси, әскери, мәдени істерінің қалыптасуына және олардың дұрыс шешілуімен қоғам арасында зор беделге ие болуына өз ықпалдарын тигізді. Алтын Орданы қоныс еткен халықтар, осы өлкеде сәулетөнері, қол өнер, моншаны, өрнекті безендіру, араб геометриясы және астрологиясын, изразецтер мен әшекейлі ыдыстарды жасаумен айналысып, оларды терең меңгеріп, басқа адамдарға да осы өнерлердің сырын ашып, халыққа қол ұшын созып, қалаларды әсемдеуге, жаңа қала салуға елдегі мәдениетті бір ізге салуға көмектесті. Алтын Ордадағы ақындар мен философтарға берілген еркіндіктін арқасында олар осы өлкеде түрлі әдеби еңбектер жазып, жазба әдебиетті қалыптастырып, жаңаша бағыт ала бастады. Осы ұланғайыр далада түлі әдеби дүниелер өмірге келді. Әр тайпалар мен рулардың арасынан ақындар мен философтар және қолөнершілердің аты шыға бастады. Басқа аймақтан келіп, қоныс іздеген сауатты азаматтардың тұрақтаған жері Сарай және де басқа қалалар болды. Олардың өзінің шығармашылық табысты жылдары осы аймақта өтті. Қолына қалам алып, ақындар халыққа жыр насихаттады [1; 78 б]. Алтын Орда мемлекеті қалыптасқан күннен бастап, елдің ішкі мәдениетінен бөлек, сыртқы байланыс жолдарымен қатар, сауда-саттықта өз ағысынша дамыды. Аз ғана жылдарға қарамастан мемлекеттің ұлы империяға айналғаны соншалық, ақсақ тұрған тұстары аз еді. Керісінше, мемлекет көшпелі тайпалардың дәстүрі мен әдеп-ғұрпында болмаған тұстарды ескеріп, жаңаша бағытқа қарай бой түзей бастаған болатын. Өз заманында күллі Еуропа мен Азияны үрей құшағында ұстаған қаһарлы да айбында далалықтардың мəдениеті сол заман тұрғысында алдыңғы қатарда болды. Көшпелі халықтар өз мəдени жетістіктерін əр кезде əрқилы жолмен: Халықтардың ұлы қоныс аударуында ғұндар бастап кейіннен солардың ізін жалғаған түріктер, моңғол шапқыншылығы кезінде Алтын Орда хандықтары батыс əлеміне əкелген.
Алтын Орда дәуіріндегі ұлттық қолөнер бұйымдарының дамуы
Сəндік-қолданбалы өнердің кез-келген жұмысының негізгі əдісі немесе элементі – ою-өрнек. Ежелгі уақыттан бері ою-өрнектің символикасы əртүрлі- қарапайым безендіруден бастап, сиқырлы мағыналық, таңбалар мен табиғи нысандардың семантикалық функциясын орындайды. Ғалымдар орнаменттердің екі түрлі категорияға бөледі: геометриялық жəне табиғи. Ең көп таралған табиғи орнаменттің белгілеріне аспан бейнелері, толқындар, флора мен фауна, мифологиялық тіршілік иелері жəне адам бейнесі жатады. Алтын Орда қолөнер бұйымдарының археологиялық артефактілері: белдік жиынтықтар, білезіктер, маталар жəне олардағы бейнеленген зооморфты белгілер. Алтын Орда ( немесе Жошы Ұлысы) дамыған қалалық мəдениеті мен технологиялық базасы мықты қолөнер жетекшілерінің орталығы болды. Қазіргі таңда ортағасырлық Алтын Орда мемлекеті мəдениетінің əлемдік өркениетке қосқан үлесі ерекше. Археологиялық зерттеу жұмыстары барысындағы ашылған, XI-XIV ғасырлық 200-ден астам жерлеу орындары жан-жақты зерттеп қарастырылды. Географиялық тұрғыдан бұл жерлеу орындары Еуразия даласының Ұлы белдеуінде орналасқан. Шартты түрде, оларды жергілікті топтарға бөлуге болады: Оңтүстік Орал, Төменгі Еділ, Еділ-Дон өзені, Украинаның оң жақ жағалауы. Мұндағы табылған қолөнер туындыларындағы ең танымал орнаметтердің бірі – зооморфтық бейне. Бүгінгі таңда бұл суреттердің семантикасы даулы мəселе болып келеді. Ал, бұл нəтиже Алтын Орданың өнеріне, қалаларының мəдениетіне үлкен əсерін тигізеді. Айналар. Ежелгі заманнан бастап, еуразиялық көшпенділердің сəндік-қолданбалы өнеріндегі маңызды рөлін алатын – бұл металдық əйнектер. Моңғол кезеніне дейінгі еуразиялық көшпенділердің тұрғылықты өмір тұрмысында үлкен əйнектер жиі қолданыста болған. Олар алтынордалық əйнектермен салыстырғанда, артқы жағында ешқандай оюөрнексіз жəне шеттері бір-бірімен шектесетін түзу сызықтармен белгіленген.[3; 43 б] Көбінесе əйнектер Жошы Ұлысының əйел адам жерлеулерінде кездеседі. 200-ден астам Алтын Орда мемлекетінің еуразиялық көшпенділерінің жерлеуінде 43%-нда əйнектер табылды, ал оның 18%-нда зооморфты бейнелер бар [4; 65 б]. Ең көп таралған зооморфтық суреттердің бірі – балықтардың бейнесі бар айналар. Мұндай айналар Оңтүстік Орал, Самара жəне Төменгі Еділдегі жерлеулердің 6% -ынан табылды. Мұндай бейнелер ортағасырлық Шығыста кең таралған болатын. Бұл мəңгілік қимыл мен көп ұрпақты білдіретін сюжет, XIII ғ. Булгар жəне XIV ғ. Сарайдағы монеталарда белгілі, сондай-ақ Иран мен Үнді өнерінде де жиі кездеседі. Екі балықтың айналарда 85 кездесетін суреттері Қытайда Хань (б.з.д. 206-220жж.) династиясында пайда болды. Балықтардың композициясы екі биік нүктенің жетістігіне жеткенін, инь жəне янь символдарының семантикасын білдірген. Кейінірек, бұл сюжеттер Солтүстік Сунн (X-XIIғғ.) периодында көп ұрпақтың белгісі болып танымал болды. Кавказ халықтарының кейбіреуінде (грузин,армян) ежелде балыққа деген құрмет ерекше болған. Тұрғындардың арасында адамдардың тілінде сөйлейтін балық-ана туралы аңыз бар еді. Олардың сенімінше, форельдің еті емдік қасиетті болған. Иран халықтарында балық - таза тіршілік иесі; қытайлар мен индустарда – ұзақ өмірдің, даналықтың семантикасын білдірген. Айдаһар бейнесі бар айналар – императордың мəртебесін көрсететін символ, ең алғаш Қытайда пайда болды. Бұл Алтын Орда қалалық мəдениетіне тəн символ. Бірақ, басқа айналардың түрлері XII-XIVғғ. Туындыларға ұқсас келген, ал олардың өзі б.з.д. III ғ. Қытай əйнектерінің көшірмесі болып шықты. Айдаһар белгісімен бірге өсімді орнаменттердердің қосындысы - космос пен жердегі өсімдіктердің байланысын білдіреді. Ал, бұл ер мен əйел бастауының қосылу семантикасы; татар мифологиясында – юха, əйелге айналған жылан. Айдаһардың бейнесі білезіктер, тостағандар мен бел жиынтықтарында кездесетін болған. Айтылып кеткен зооморфтық суреттерден басқа, сирек кездесетін жануарлардың образына түлкі, бұғы жəне қаз жатады. Алтын Орда дəуірінде тағы да ерекше қасиетті өзіндік мəні бар əйнектер жерлеу жұмыстарында бастапқы кезден сынық болып табылды. Бұл осы кезеңнің халқының белгілі бір мəн бергенін дəлелдейді. Маталар. Зооморфты суреттер Алтын Орда көшпенділерінің металды туындыларында ғана кездеспеген, олар Қытайдан импортталған маталарда да көп танымал болған. Осыған байланысты Джухта қорымында екі жібек көйлек, Маячный қорғанында зооморфты жəне өсімді орнаменті бар үстіңгі шапан табылды. Джухтинсий жауынгерінің төменгі кафтанында айдаһар мен қаздың бейнесі тығыздалған өсімдік орнаменттерінің арасында бейнеленген, ал жоғарғы шапанында феникс құсының бейнесі көрсетілген. Айдаһардың бейнесі Қытай, Греция, Үнді, Египет, Жапон, Греция жəне Мексика елдерінің мифологиясында бар. Шумер өркениетіндегі осы жануарлардың зооморфтық белгілері əлемге танымал болып кетті. Ежелгі бұл өркениеттің егіншілігі қолдан жасалғандықтан, миф бойынша су қабірлер культы орын алып, екі жануардың қолдан бірге қосылуы - екі əлемнің пайда болуына əкеледі. Аспан əлемі – құс, жер асты – жылан. Кейбір ғалымдар, қытайлықтардың жыланға табынуы «ся» айдаһарға табынуға өзгерді дейді. Бұл Қытайдағы ең атақты мифологиялық кейіпкер. Моңғол билеушілері қымбат жібек маталарды сый немесе марапаттау ретінде берген. Бұл дəстүр қытай билеушілерінен алынған. Мысалға, Цзинь үйінің билеушілері императорлық аң аулауға жібек матадан жасалынған киімдерде келуі міндетті болған. Джухта қорымынан табылған шапанда феникс құсының бейнесі бар. Қытай мифологиясында «феникс» маңыздылығы бойынша айдарһардан кейінгі екінші орында тұрған. Бұл құсптың бейнесі неолит дəуірінен бастау алады жəне қазіргі мыңдаған жылдық Қытай дəстүрінде кездеседі. Қытайдағы шан тұрғындары құстың адамдардың бастауы, арғы бабамыз деп түсінген. Моңғолдар қытайлықтардан көптеген символдарды алған. Негізгі таңбалардың бірі «айдаһар мен феникс». Белдік жиынтықтары. Алтын Орда дəуірінің көшпенділері белбеулік жиынтықтары аз болғанымен, əртүрлі жəне ерекше болып келеді. Түркі-моңғолдық батырлар дастанында белдік – ең көп аталатын əскери костюмның бөлшегі. Қарапайым өмірде белдіктің екі түрі бар: əскери жəне салтанатты «аң аулауға» арналған. Ғалым М. Г. Крамаровский Алтын Орданың торевтикасын зерттеп, келесі тұжырымға келеді: айдаһардың орнаментімен өрнектелген əскери белдіктер Жошы əулетімен ең алғаш XIII ғ. 20-40 жж. тарала бастады. [5; 126 б.] Алтын Ордадағы белдік жиынтықтарын хронологиялық шеңберде зерттей отырып, ерте жошы кезеңінің белдіктеріне зооморфтық жəне өсімді орнамент тəн болса, кейінгі орда кезеңіне өсімді ою-өрнекті белдеулердің басымдылығын байқауға болады. Білезіктер. Зооморфтық орнамент білезікті бұйымдарда да танымал болды. Бірақ, Алтын Ордадағы ашылған екі жүзден астам археологиялық ескерткіштерден осындай білезіктер шықпады. Айтып кететін жайт, қол бұйымдары ( білезік,сақина) XIV ғ. еуразия көшпенділеріне тəн емес. Арыстан жүздеріне ұқсас зооморфты бейнелері бар жабық шамды білезіктер, Орта Еділ бойында,Еділ Болгария территориясында, Прикамье аймағында, Қырымда жəне Еділдің төменгі қалаларында қазба жұмыстары барысында табылған. Арыстанның бейнесі қорғаныс, амулет ретінде қолданылған. Арыстан образы ежелгі Шығыс мифологиясынан аң патшасы семантикасын білдіреді. Ол бедел, əл-ауқат пен даналықтың символы ретінде түсіндірілген. Алтын Ордадағы араб жазба деректеріндегі арыстанның бейнесі осыған дəлел. Қазіргі тарихнамада Алтын Орданың өнері мен мəдениеті əлі де тиісті, жан-жақты жəне терең талдаудан өткен жоқ. Егер Алтын Орда дəуірінің сəндік-қолданбалы мəдениетіне тобына назар аударсақ, анализдер бойынша зооморфтық орнаментті əрбір қолданбалы өнерде қолданған. Алтын Орда өнерін, атап айтқанда керамиканы, қолданбалы-сəндік өнерді жəне т.б. толық зерттеу қажет. Үлкен жинақталған материалдың арқасында бұл жұмыс бір зерттеушінің қолынан келмейді. Себебі, ежелгі дəуірден бастап, Алтын Ордадан қазіргі таңға дейін зооморфты орнаменттің семантикасы көптеген өзгерістерге ұшыраған. Орнаменттердің семантикасы дискуссиялық мəні бар болғандықтан, бұл тақырыптарды жан-жақты зерттеу керек. Аты аңызға айналған, тарихта орны ерекше, қазіргі мемлекеттердің құрылуына зор себепші болған хандықтар жоқ емес. Алтын Орда өркендеп, шарықтаған ұлы хандық болды. Мемлекет жерінің аумағы 10 миллион шаршы шақырымнан асқан. Ол қазіргі Ресей, Украина, Молдова, Қазақстан жəне Кавказдың жерін алып жатқан. Алтын Орданың ежелгі территориясының қырық пайызы бүгінгі Қазақстан иелігі, байырғы Алтын Орданың ата-мекені.
Әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан тарихы ( көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 2-том.-Алматы: «Атамұра», 2010.-640 бет
2. Сұлтанов Т.И.Алтын Орда. Еуразия даласындағы Шыңғыс хан мемлекеті: Алматы: Мектеп, 2011, - 176 б. («жетінші сөз сериясы»)
3. Валеева ДК. Искусство волжских булгар периода Золотой Орда (XIII-XV вв.). - Казань: Фикер, 2003.-240 с.
4. Федоров-Давыдов Г.А. Искусство кочевников и Золотой Орды. - М.: Искусство, 1976. - 226с.
5. Крамаровский М.Г. Золото Чингисидов: джучидская сокровищница Сокровища Золотой Орды. - СПб: Славия, 2000. - 350 с.