Чехословактар корпусы Омбыны қалай алды. 2-бөлім
17.06.2021 1517

Ақмола облысының уездік орталығы - Петропавл қаласы, шағын жұмысшылар кентінен, теміржол станциясынан және Подгорный ауданында орналасқан ірі казак станицасынан тұратын.  Мұнда 1918 жылдың көктемінің басында Бірінші дүниежүзілік соғыс даласынан демобилизациядан кейін Ермак Тимофеевич атындағы 1-ші Сібір казак әскери полкінің әскери қызметшілерінің едәуір бөлігі келген болатын. Казак әскерінің бригада командирі полковник Иванов-Ринов та осында, Петропавлға келіп қоныстанады. Ол бастапқыда қаладағы астыртын ұйымды басқарған, кейіннен Омбыға ауыстырылады да, оны Көкшетаудан шақырылған Вячеслав Волков алмастырады.


Материал О. Помозовтың «Дни освобожденной Сибири» кітабында келтірілген деректер негізінде жазылды.

Ол кезде Петропавлда бірде-бір жоғары оқу орны болмады, есесіне казак училищесі және он шақты бастауыш мектеп болды. Қаладағы билікті басып алған әскери партияға ешкім бәсекелес бола алмағандықтан,өзін Петропавл әскери ауданының бастығымын деп жариялаған Волков уезді толығымен жалғыз биледі деуге болады. Жергілікті казак атаманына петропавлдық большевиктерге қарсы астыртын қарсыласулардың басшысының бірі оңшыл эсер Михаил Чекушин ғана Волковқа бақталас бола алар еді.   31 мамырдан кейін оның күші жұмысын қайта бастаған қалалық Думада солшыл партиялар мен кәсіподақтар депутаттарының болуын қамтамасыз ету үшін жеткілікті болды. Осы себепті ол атаман Волковпен тікелей қақтығыстан қашып құтыла алмады, оның басқарудағы авторитарлық тәсілдерін шағымданып, Омбыдағы антибольшевиктік астыртын қозғалыстың реттеуші орталығына қаладағы жаңа биліктің алғашқы саяси күнделікті өмірі туралы егжей-тегжейлі есеп жібереді.

Чекушиннің бұл жазбасын әскери особисттер қолдарына түсіріп, зерделейді, жас эсерді аңдуға алады, бірақ қамауға асықпайды. Айта кету керек, комиссар Чекушин мен подполковник Волковтың қарсыластығын чехословак легионерлері, олардың командалық құрамы ғана емес, сонымен қатар соңғы оқиғаларға байланысты алға шыққан көптеген ресми емес көшбасшылары да мұқият бақылап отырды. Бұл жағдайда бүлікші шетелдік корпустың әскери қызметшілерінің арасында жақсы білімі бар адамдардың көп болуы маңызды факт болды. Оның үстіне, олардың көпшілігіне сол кездегі өте сәнді социал-демократиялық идеология әсер етті. Олар большевиктерді жаулары деп санады, бірақ бұл адамдар эсерлерге үлкен жанашырлықпен қарады, сондықтан Чекушин мен оның жақтастары уақытша Чехословакия легионерлерінің қорғауында болды, сондықтан Вячеслав Волков бағыныштыларымен бірге Батыс Сібір комиссариатының комиссарымен ашық қақтығысуға тәуекел ете алмады.  

Чекушинге қатысты сақтық Волковқа Петропавлдың бүкіл азаматтық әкімшілігін бақылауға алуға кедергі болмады. Сонымен қатар, оған Көкшетау, Атбасар және Ақмоланың шалғайдағы қалаларындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды әскери билікке бағындыру қиын болған жоқ. Оларға тиісті бұйрықтармен офицерлер жіберілді, солардың бақылауымен Волков қалалық Дума төрағаларын тағайындады. Осылайша, әскери старшина Волков большевиктерден босатылған аудандарда әскери биліктің басымдығымен саяси режим құрды.

Біраз уақыттан кейін, есебінің Омбыға жеткеніне күмәнданып, Чекушин Петропавл уезіндегі әскери биліктің озбырлығы туралы орталық штабқа нақ өзі есеп беру үшін Дала өлкесінің астанасына өзі баруға шешім қабылдайды. Алайда эсерлік комиссар діттеген жеріне жете алмай, белгісіз жағдайда жол бойында жоғалып кетеді. Батыс Сібір комиссариатының ұйғарымы бойынша басталған тергеу ісі еш нәтиже бермейді, Чекушиннің подполковник Волковтың бұйрығымен өлтірілгені туралы күмән сол күйі дәлелсіз қалады.  

Заңды бұзған адамға жазаның қолданылмауы сол адамды шабыттандырып, жаңа «ерліктерге» жетелейтіні белгілі, петропавлдық атаманмен де осы жағдай болды. Сол уақыттан бастап Вячеслав Волков пен оның жақын қоластындағылары саяси қарсыластарын өлтірумен айналысып кетеді. Қыркүйекте әйгілі Сібір жазушысы, эсер, Автономиялық Сібірдің Уақытша Үкіметінің министрі Александр Новоселов, ал желтоқсанда Бүкілресейлік Құрылтай жиналысының мүшесі, сонымен қатар эсер Нил Фомин осы бұзақылардың қолынан қаза табады. 1920 жылдың қаңтар айының басында тағы бір бассыз атаман Семеновтың қарамағындағылар бүкілсібірлік советтерге қарсы бүліктің ең басты екі ұйымдастырушысы Павел Михайлов пен Борис Марковты сот-тергеусіз өлтіреді. Большевиктер де болашақта соғыс уақытының заңдары бойынша осындай жаза қолдануға кет әрі болмайды.

Шығыс майдандағы шайқастарда Омбыдан Татарская станциясына жіберілген қызыл бөлімдер алдымен алға басып келе жатқан чехословактарды ығыстырып, тіпті олардан Каинск пен Барабинскіні қайтарып алады. Мұнда олар тұтқынға түскен Батыс Сібір комиссариатының арнайы өкілі Михаил Иосифович Азеев-Меркушкинді атып тастайды. Жетістікке сүйеніп, Черепановтың басшылығымен омбылықтар Новониколаевскіге қарай жылжиды, Барнаулдан қызыл гвардия отряды да оңтүстіктен осында қарай жол тартады. Көтерілісші қаланың тағдыры қыл үстінде тұрды, бірақ сол сәтте капитан Гайда Томскіні алу нәтижесінде босаған бөлімшелерді қала қорғанысына жібереді де, чехословактар ​​қайтадан жағдайдың қожайынына айналады. Алдымен Новониколаевскіде, содан кейін Каинскіде жеңіліске ұшыраған қызылдар батысқа, Татарская станциясына шегініп, ұзақ қорғаныс үшін сол жерде тұрақтауға мәжбүр болады.

Чех-ақтардың Петропавлды күтпеген жерден және тез арада басып алуы екі қарулы топтың қарсыласу нәтижесіне әсер етті. Осы станция арқылы чехословактар Челябинскіден Марьяновка ауданына капитан Крейчидің басшылығымен 2-ші полктің қосымша бір батальонын жібере алды, бұл легионерлерге адам күшінің сандық артықшылығын қамтамасыз етті, сонымен қатар олардың қару-жарақ арсеналдарын да толықтырды. Көтерілісші чехословактарға көмекке жақын станицалардан Сібір казактарының шағын отрядтары ағыла бастайды. Олардың ішіндегі ең үлкені және соғысуға қабылеттісі - Степной ауылынан Есілкөлге келген жиырма тоғыз жасар есаул Борис Анненковтың басқаруындағы бөлім болды.

Марьяновка түбіндегі ұрыс 5 маусымда қайта жалғасып, екі күнге созылды. Ауыр қару-жарақтан басымдыққа ие большевиктер бірінші күні легионерлердің позицияларына үздіксіз артиллериялық оқ жаудырумен болды, бірақ практикалық дағдылары болмағандықтан, Омбы зеңбірекшілері жаудың адам күшіне айтарлықтай зиян келтіре алмады. 6 маусымда, күннің бірінші жартысында, чехословактар ​​қарсы шабуылға шықты, алдымен олар қызыл бөлімшелерді тікелей маңдайдан шабуылдады, содан кейін оларды қапталдан қоршауға тырысты, бірақ бұл тек алаңдатпа маневр болатын. Ұрыс алдыңғы позицияларда жүріп жатқанда, легионерлердің бір бөлігі Анненков казактарымен бірге бір қапталдан жасырын және терең айналып өтіп, қызылдардың тыл жағынан шығады. Соңғысы үшін бұл маневр мүлдем тосын болды: қоршауға алынудан қорыққан қызыл әскерлер өз позицияларын тастап, бей-берекет шегіне бастайды.

Омбы үшін батыс бағыттағы шайқас іс жүзінде жеңіліс тапты. қызылдар Куломзиноға дейін шегінуге мәжбүр болды. 6 маусымда кешке Чехословакия бөлімшелері қаланың тікелей маңына жақындайды.

Таңертеңгі сағат төртте орталық теміржол вокзалы ғимаратында әскери-революциялық және әскери-жедел штаб мүшелері шұғыл жиналысқа жиналды. Күн тәртібінде бір ғана сұрақ тұрды: әрі қарай не істеу керек? Қаланы бірден тастап кету керек пе, әлде жауға соңғы және шешуші шайқас беру керек пе? Пікірлер екіге бөлінді, бірақ қысқа пікірталастардан кейін большевиктер бірінші нұсқаға тоқтап, одан әрі күресу үшін күшті сақтап, шегіну орынды болады деп пайымдайды. Бірақ қайда шегіну керек? Бұл жерде де екі жол болды. Темір жолмен Татарская станциясына барып, сол жерде Шығыс майданының бөлімдерімен қосылып, содан кейін Құлынды даласы арқылы оңтүстікке қарай Барнауылға немесе солтүстік-батыс бағытта Омбыдан Түмен мен Екатеринбургке шегінуге болар еді. Соңғы бағытты Батыс Сібір атқару комитетінің төрағасы В. Комарев осыдан бірнеше күн бұрын БОАК төрағасы Яков Свердловпен ақылдасқан болатын. Сол себептен де болар әскери-оперативтік штаб мүшелері соны таңдаған шығар. ды. Та ночь оказалась в Омске весьма беспокойной. В четыре часа утра в здании

Мәскеумен болған әңгіме барысында Косаревқа Орталық Еділ аймағында легионерлердің қарулы көтерілісі басталғанын және сол себепті әскери теңіз халық комиссары Троцкийдің әскерлері Сібірге тез жете алмайтындығы туралы хабарлайды. Во время того разговора с Москвой Косареву сообщили о том, что в районе Центральной Волги началось вооруженное восстание легионеров и что поэтому армии наркома военмора Троцкого не смогут быстро пробиться в Сибирь. Бұл туралы біліп, Омбыны өз бетімен ұстап тұрудың мүмкін еместігін түсінген Косарев 7 маусымнан бірнеше күн бұрын партия Орталық комитетінің тапсырмасымен Ресейдің еуропалық бөлігі үшін дайындалған азық-түлікті теміржол арқылы Түменге жүйелі эвакуациялауды бастауға бұйрық берді. Бұл іс-шараға А.Н. Дианов пен Г.А. Усиевич жауапты болып тағайындалады.

Штабтардың жиналысы 7 маусымда таңертең қаладан қашу туралы шешім қабылдағаннан кейін және Омбы станциясында қалған теміржол пойыздарын Түменге жіберуге дайындық туралы бұйрық берілгеннен кейін, солтүстік-батыс бағытта қозғалыс мүмкін емес екені белгілі болады. Біріншіден, түнде біреу теміржол жолдарына зақым келтіргені белгілі болады. Екіншіден, Люблино станциясынан оған, жергілікті кеңестік билік қарсы тұра алмаған үлкен атты құрама шабуыл жасады деген хабар келді. Станцияға шабуыл жасау және оны басып алу астыртын қалалық штабтың бұйрығымен осында жіберілген Борис Анненковтың казактары арқылы жүзеге асырылды.

Осылайша, Омбы большевиктері үшін Түменге теміржол арқылы жол кесілді, енді олар қаладан кетудің басқа жолын іздеуге мәжбүр болды. Түменге өзен арқылы да баруға болар еді, бірақ кемелердің көпшілігі азық-түлік тиеліп кетіп қалған болатын. Айлақта тек үш-төрт жолаушылар пароходы және бір-екі шағын кеме ғана қалған еді, олардың бірі Ертіс арқылы паромды алып жүретін және баяу жүретін, ал екіншісі серуендеу қайығы ретінде пайдаланылатын. Басқа жүзу құралы болған жоқ. Сондықтан олар қолда бар су көлігіне қару-жарақ, материалдық құндылықтар, сондай-ақ адамдардың кейбірін тиеуге, ал эвакуацияға кеткісі келетін қалғандары солтүстікке автомобиль немесе ат көлігімен шықсын деген шешім қабылдайды.

7 маусымда таңертең қызылдар Куломзинодан ұрыссыз кетеді, бірақ қызыл гвардияшылар Ертіс арқылы өтетін теміржол көпіріне динамит қойып, жаруға дайындайды. Олар егер чехтер қалаға кірсе, көпір аралықтарының бірін жарып жіберуге бұйрық алады. Әскери жедел штабтың бұйрығымен осы объектілерді жарылысқа дайындау үшін венгр Кангеларидің басшылығымен интернационалистер отряды дәрі (порох) қоймаларына бет алады. Әскери штаб, бұрын Батыс-Сібір генерал-губернаторлығының  резиденциясы болған, Ақпан революциясынан кейін Республика үйіне айналған атқару комитетінің ғимаратына орналасады.

«Баян» пароходымен қаладан бірінші болып большевиктер көсемдерінің әйелдері мен балалары, сондай-ақ күзетшілермен бірге РСФСР Халық комиссары Шлихтер шығады. Кетер алдында ол Мемлекеттік банктің жергілікті филиалынан чек бойынша 70 миллион рубль алады. Бұл Сібірде азық-түлік сатып алуға Ленин үкіметі аударған транш болса керек. Сол банктен қызылдар кейінірек тағы екі жүз миллион алады. бұдан басқа олар қазынашылықтан он миллион рубль алады. Қаладан соңғы болып «Николай» серуен қайығында, дәрі қоймаларын олар жара алмаған В.А. Кангеларидің интернационалистері шығады. Ертістен өтетін теміржол көпірі де аман қалады.

Жалпы эвакуация апатсыз өтті, жергілікті астыртын ұйымның күштерімен ірі қарулы қақтығыстар болған жоқ. Омбы большевиктері олармен де келісімге келе алды. және қарулы содырлардың қарсылығына ұшырамады. Кеңес флотилиясы қаланың сыртына, сол жағалауда болған кезде ғана, казак патрульдері оларға оқ жаудырады, бірақ олар кемелерге де, жолаушыларға да үлкен зиян келтіре алмады, өйткені оларда не жылдам ататын автоматтары, не артиллериясы да жоқ еді. Жол бойында кездескен пароходтарды совдеповтықтар өз флотилиясына қосылуға және олармен бірге Ертіс бойымен төмен қарай жүруге мәжбүрледі. Жалпы алғанда, большевиктер өздерімен бірге 20-ға жуық кемені алып кетті, омбылық «Сибирская речь» газеті (1918 жылғы 23 маусымдағы №22) ең көбі 23 пароходты көрсетеді.

Совдептің керуені қаладан шығысымен-ақ Омбы көшелерінде бірден жеңдерінде ақ және қызыл таңғыштары бар қаруланған адамдар пайда бола бастады. Олар, анти-большевиктік астыртын ұйымдардың – офицерлік және эсерлік ұйымдар мүшелері болатын, олар қалада жаңа үкіметтің пайда болуының алғашқы минуттарынан бастап өздерін бір-бірінен ерекшеленетін екі топқа бөлуге ниет білдірді. Біріншіден, қарулы топтар Республика үйін, содан кейін қалалық түрмелер, пошта, телеграф, қазынашылық пен орталық банкті, әскери қоймаларды басып алды, сондай-ақ көтерілістің жедел жоспарларына сәйкес алдын-ала белгіленген басқа да маңызды әскери және азаматтық нысандар бақылауға алынды. Сібірдегі ең ірі қаланы іс жүзінде бірде-бір оқсыз басып алу бүлікшілер үшін үлкен жетістік болды.