Алдыңғы мақаламызда айтып өткеніміздей екімыңшы жылдар басындағы еліміздегі 40 тан астам діни конфессиялардың тармақтарын насихаттайтын 2500 (кейбір деректерде 3004) діни бірлестіктердің ішіндегі ең белсенділерінің бірі, христиан дінінің бір тармағын насихаттайтын деструктивті топтың бірі кришина ағымы болды. «Кришна ілімі «Жоғары Құдаймен қарым- қатынас қожайыны мен құлының қатынасынан басталып, достыққа, одан (Құдайға) ата-ана кейпінде берілуі және ерлі-зайыптық махаббатқа ұласатынын айта келіп, Жоғары Тәңіріге берілу мен махаббаттың ең биік үлгісі - Онымен (Құдаймен) ерлі-зайыптылық қарым-қатынаста болу деген ой білдіреді»-дейді дінтанушы Гүлбаһрам Жебесін «Ақыл ойдың азғындауы» атты еңбегінде.
Кришина дегеннен шығады ғой, осыдан 20 жыл бұрын «Жаңылмай өт жалғаннан» деген тақырыппен «Нұр-Астана» газетінде жарық көрген мына бір мақаламды (әрине, одан бері қаншама көзқарасымыз өзгерсе де) қаз-қалпында ұсынғанды жөн көріп отырмын. «Жуырда иеговаға құлшылық еткен бір көршім дүниеден өтті. Мәйіттің жерлену шарты осы діннің рәсімдерімен атқарылды. Өлік жер қойнына табытпен қойылды. Қазақ кіндігінен жаралған адамның бұлай жерленуі жүрегіме қатты батты. Кейіннен бірнеше күн өлік шығарылған үйде үздіксіз шарап ішілді. Мені бәрінен бұрын марқұмның о дүниесі ойландырды. Дәл солай, өлімнен кейінгі өмірі…
«Бұл жалған бір бес күндік ер сынаған»-дейді хакім Абай. Бәлкім, біреудің еңбегін қанап, дүниеге бой алдырғандар осы екінші дүниесін ұмытқандардың қатарынан болса керек. Айтуға аузың дауаламас хайуан іc жасамас қылық қылған күнаһар мен жүрегі таза, ниеті пәк мұсылман бірдей ме? Жақсылығыңа жақсылық, жамандығыңа жамандық қайтаратын Құдайдың қарымта жауабы болмаушы ма еді? Жоқ әлде, адамзат тіршілігінің соңы осы жалған дүниемен тұйықтала ма? Бұл – күллі адамзат басына тиесілі ортақ ұғым. Бұған берілер жауапты тек діни ілімдерден ғана табуға болады. Дін – адам жер бетіне ізгілік ету үшін жаралған, Алла-Тағаланың адамды жаратқандағы мақсаты да осы дейді. Жалпы дін атаулы жан тәсілім еткеннен кейінгі өмірді бақилық болғанға дейін ұғынып, түсінуді міндеттейді. Бөгде дінге бас ұрған көршімнің өлімі менің есіме кеңестік идеологияның өміршеңдігін түсірді. Неліктен? Өкініштісі сол, азаттығымыздан бұрынғы жетпіс жыл, өлімнен кейінгі өмірді, яғни о дүниені мүлдем жоққа шығарды. Ол үшін, ең алдымен құдайды жоқ етіп көрсетті. Адамнан құдай жасады. Ең қауіптісі де осы еді. Тұмса жаратылыстың өздігінен пайда болғанын, оның ешкімнің жаратпағанын дәлелдеумен келді. Осындай түсініктерді қуаттаған қат-қабат қаншама екбектер үсті-үстіне жарық көрді. Керек десеңіз, осы идеология бұқара санасына әбден сіңісті болып, авсолютті аксимоға айналды. Тегімізді маймыл, құдайымызды «күн көсемі» дедік. Кейіннен не болды? Қауым дінсіздікке ұшырады. Оған дейін Абай, Ыбырай, Шәкәрімдер иланған қоспасыз хақ діннен қазақ қара үзіп қалды. Құдайсыз халық тәнге табынды. Құдайсыз құл күнә жасады. Бөксеге шырмалып, бөтелкеге байланды. Нәпсіқұмарлық етек алды. Кешегі шу асаудан құламаған қазақ құсығына құлады. Адамға туа да тиесілі етілген ет жүрегі құдайдың хикметін танитын құндылықтардан мүлде бейхабар қалды.
…Осылайша, есіл ел санасына жетпіс жылға жуық қастандық жасалды. Кейіннен азаттық алдық. Бірібір қазақ құдайсыз қалды. Бізге осы кезде лек-легімен «құдай тауып берушілер» көмекке келді. Тауып берген құдай қабылдасаң, жемсауыңа ас салып, ақша берді. Олар осы уақыт аралығына дейін 500 мыңнан астам қазаққа өз құдайларын таңдатып үлгерді. Әлі де сол құдай тауып беру бағытынан танбай келеді. Осылай әркім әртүрлі сенімнің жетегінде кетті. Бәзбіреулері Үндістаннан келген миссионерлерді «құдай» деп танып, олардың аяқ жуған жуындысын ішуді шын дін, шын тазалық деп түсінді. Екінші біреулері құдайды өздері ойлап тапты. Көзге көрінетін, қолға ұсталынатын етіп ағаштан құдай жасап алды. Бар үмітіміз оқымыстыларымызда еді. Олар да құдай жоқ деген жетпіс жылдық қасаң ұғымды тағы қайталап, құдайдың жоқтығын бір-біріне дәлелдеп әуре болды. Бір шоғыры ақылға қисынсыз анығы қалмай, танығы қалған ескі нанымдарды қайтадан жаңғыртты. Тәңірлік, сопылық, бурханизм, ахмади қадияни сияқты шалажансар ілімдерді бабаларымыздың дініне теліді. Өстіп бас-басымызға бір-бір дін жасап алдық. Бес қазақ бес түрлі ғибадат қылып, бірін-бірі түсіне алмауға айналды. Әркім өз ұстанған сенімін терең зерделемей, шын ақиқат менікі, қалғандарың адасқансыңдар дейтінді шығарды. Барлық жаратылыстың иесі бір Құдай, адамдардың теріс танымынан бірнеше құдайға жіліктеліп кетті. Осының салдарынан жасанды дін, жасанды құдай пайда болды. Мұның барлығы көңіл соқырлығынан болса керек. Асылында адам жасаған дін хақ дінімен қайдан теңелсін? Бұл жаратушыға күпірлік болар еді. Сынақ дүниесіндегі дұрыс ұстаным о дүниенің тағдырын шешпек. Әрі нығыметіне бөлеп мәңгілік етпек. Біз иланған сенім ше?.. Пенде жасаған дін пенделігін қылмай ма? Дөңгелек жердің жұмыр басты пендесі құдай қайда, дін қайда?! Дін болғанда нағыз - хақтың діні…»
Жоғарыдағы Гүлбаһрам Жебесін жазған кришина дінінің өз анықтамасынан-ақ саналы адам мұндай пікірді аса бір күмәнді түрде қабылдайтыны айдан анық қой. Әрине, бұл ілімнің «ақылгөйлері» осынау адасқан пайымдауларын түрлі асқақ пәлсапаман ақтағысы да келеді. Бірақ, бұл пікірді де менталитеттік тұрғыдан сараптау керек қой. Өз қағынан өзі жеріген құлындай ата-бабаларының сара жолынан тайып кеткен қара көз қандастарымыз «харе кришналап» уралағандардың арасында да аз емес. Олар өз ісінің дұрыстығына сөз жоқ кәміл сенеді. Сондай-ақ, бұл діндегілер ғылым атаулыға түбегейлі жоққа шығарады.
Мысалы, «Жизнь происходит из жизни» кітабы ғалымдарды ұрылар мен есектер деп айыптайды. Шрила Прабхупада «Жизнь происходит из жизни» кітабының «Прогресс - ослов » атты тарауында (29-бетте) көп қабатты үй салушыны есек деп әжуалап, кришнайттық ілімнің әйгілі ұстаздарының бірі Бхактивинада Пхаркурдың мынандай пікірін мысалға келтіреді. «Өздерінің ғылымын жетістік деп атайтындарының арқасында ғылым есекке айналды. Ол бірте- бірте есектің нағыз жетілген түріне айналады», -дейді. Егер біз кришнайттарға ерсек, алғашқы қауымдық құрылысқа қайта оралуға мәжбүр болады екенбіз. Және бір қызығы, осы адамдар ғалымдарды «есек» деп әжуаласа да олардың ақыл-ой, ізденісінің жемісі ғылым мен техника жетістігін жан-жақты пайдаланады, өйткені мұндай дүниелерді ойлап табу өздерінің қолдарынан еш келмейтіні тағы да белгілі. Кришна ілімінің жалпы адамзат ақыл-ойына да, өз-өзіне де қарама-қайшы тұстары аз емес. Бұл ілімді уағыздайтын кітаптардың әр бетінен-ақ бұған дәлел табуға болады, бірақ санасында сәулесі бар жанға жоғарыда келтірген мысалдар көп ой салар деген үміттемін.
«Рас, мәселеге байыппен қарай алмайтын замандастарымызды бұл ілімнің «Карма заңы - яғни, белгілі күнәсі үшін құн төлеуі, сондай-ақ жанның қайта туы» деген қағидасы еліктіріп-ақ жүр. Олардың ойынша, адам тірі кезінде жасаған іс-әрекетіне сай өлген соң басқа кейіпке көшеді: аң, хайуан, құс балық, өсімдік, тағы басқалары деген секілді. «Мәселен олар «8400000 рет қайта туу айналымынан тұратын эволюциялық процестің нәтижесінде жан сананың ең жоғарғы дамуына адам бейнесінде дүниеге келуге қол жеткізеді»-дейді. Ендеше осыншалық ұзақ уақытқа созылатын процестен кейін адамнан басқа кейіпке еніп, қайта құрдымға құлдырауы, яғни әлде бір күнәсі үшін эволюциялық циклді қайта бастан өткізуі әділдікке жата ма? Адамның ақыл-ойына рухы - яғни жан тазалығы көп әсер етеді, ұзақ тазарудан өткен жан қалайша қылмысқа, күнәһар іске жол бермек? Сосын жан 8400000 рет қайта туады десек және оның әрбір ғұмыры белгілі бір уақытқа созылатынын ескерсек, бұған адамзаттың жаралу ғұмыры сәйкес келе ме» дейді дін тарихын зерттеуші Гүлбаһрам Жебесін ханым. Енді мынаға қараңыз, біз Абайды діни реформатор болған десек, өзге діннің қолшоқпарына айналған ғалымымыз, оны кришна дінінің өкілі етіп шығарғысы бар. Жәй ғана өкілі емес, оны қазақ даласына таратушы, үгіттеуші дегісі келеді. Осы ойын дәлелдеу үшін бір емес, бірнеше кітаптар шығарып та үлгерді. Оған қарсы шығып, дау айтатын бізде діни сауат жоқ па.
Жастайынан медіресе көріп, көкірек көзін ислам нұрымен суарған ақынның өзінің алтынын өзгенің жылтырағына айырбастайды дегенге сену тіптен киын. Мұндай нысанаға тек Абай ғана ілікпеген сияқты. Осы діннің кейінгі кездері Шығыстың классик шайырларына қол сала бастағаны да анық көріне бастады. Ресейден 1999-жылы шыққан бір кітапта Иранның атақты шайыры ОмарХаямның төрттағандарын кришна дінімен салыстырып, оны сол діннің жанашыры етіп көрсетуге тырысқан. «Кришнайттар ет, балық, жұмыртқа жеуге, шай, кофе ішуге тиым салады. Мысалы бір қазақ кришнайт боламын деп ет жемей, керісінше тістері түсіп қалған». Бұл да ақылға қонымсыз іске еліктеушілерге сабақ болар.
Күллі ілім бастауының иесі Ұлы Жаратушы әр нәрсені нақты есеппен, мақсатпен жаратты емес пе? Жануарларды, балық, тауық, аң-құсты, өсімдік әлемін адамның игілігі үшін жаратты, олардың әрқайсысында адам ағзасына қажетті витаминдер бар емес пе. Тіс бекітетін элементтер еттің құрамында көбірек болатындығынан, вегетериандықты ұстанатындардың тістері түсіп қалca,оған танданудың еш қажеті жоқ. Тағы бір ескеретін жай - ми қайнатар ыстығы үзілмейтін Үндістанда түрлі жеміс-жидек, көкөніс, жеміс шырындарымен күн көруге болатын шығар, ал табиғаты оған мүлде ұқсамайтын Қазақстанның солтүстік өңірінде, суық салқын күндері, құнарлы, майлы тамақ ішпеу - адам ағзасының әлсіреуіне әкеліп соғады емес пе. Сондықтан әсіре сезімге беріліп, құрғақ қиялдың жетегінде кетуден барынша сақтанғанымыз абзал секілді. Әсіре сезімге берілудің қаншалықты қауіпті екенін бұл діннің рухани ұстаздары да жоққа шығармайды. Мәселен үнділер «Құдай» деп қабылдаған тағы бір адам Рамакришна ауырып, әлсіреп жатқанда, оның осы бір ауыр халін қайтадан Құдай кейпіне енеді деп ұққан шәкірттері оны емдеуші дәргер Механдра Лал Саркараның «Шексіздік (Алла) адам бейнесінде жерге түседі деу - міне, барлық дінді осы бұзады» деген ақылды ескертуіне қарамастан бар денелерімен селкілдеп, қалшылдап, есіре күліп, ән салып, жылай бастаған.
Сонда Нарен (кейіннен Свами Вивекананда атанып, Рамакришнанын ілімін жер жүзіне таратқан атақты адам) бұл дінді ұстанушылардың әсіре сезімге берілгендерінің сексен пайызы азғындық жолға түсіп, он бес пайызы жынданып кеткенін айтады. Дәл осылай желөкпе қиялға, әсіре сезімге берілушілер біздің отандастарымыздың арасында да жеткілікті. Олар Үндістаннан келген дін ғалымдарының аяқ жуған суын ішіп: «Тазардық, рухани ләзәт алдық» деп рахатқа бататын көрінеді. Енді мұндай ессіздікті қалай түсінуге болады? Тарих, құрбан айт кезінде сиырды - қасиетті жануарды сойдың деп кришнайттардың мұсылмандармен жанжалдасқанына сан рет куә болды емес пе? Олар үшін сиырдың өзі ғана емес, тезегі де тазалық бейнесіндей. Әйтпесе, сиырды қасиетті жануар санап, дастархандарына тезегін тастап кетсе де құрметтеп, қолпаштап, мәпелейтін үнділер тәрізді қазақстандық кришнайттер де күндердің-күнінде осындай халге жетеуі әбден мүмкін ғой.
«Әйгілі дін зерттеушісі Эдвард Карпентер былай дейді: «Күнә өтеуші-Құтқарушы» жөніндегі ілім әлемнің өзі сияқты көне және жер жүзіне кең тараған, ал христиадық оны тек иемденіп алды сөйтіп оған өзгеше рең берді. Осылайша Құтқарушы жөніндегі христиандық ілім - Иисус Христос іліміне негізделмеген пұтқа табынушылар дінінің айна қатесіз көшірмесі десе, Цюрих университетіндегі дін ілімінің профессоры доктор Арнольд Мейер бұл пікірді былайша дамыта түседі. «Егер біз христиандық деп жер бетіндегі адамзатқа жатпайтын, адам бейнесін қыз (дева) арқылы қабылдап, жұмсартатын құрбандықты крестке төгілген қан арқылы әкелген Құдайдың аспандағы ұлы Христоска сену деп түсінсек мұндай христиандықты Құдай емес, Павел» жасаған. Осылайша христиандық египет - парсы сияқты басқа да отқа, пұтқа табынушылар ілімінің жиынтығына айналды. Осыға байланысты «Рационалист энциклопедиясында: «Шоқыну брахмандық және парсы діндерінде кеңінен тараған еді, және египет пен грек мистериясында (құпия діни ұғым) қолданылады. Олардан құдалар кейінірек жаңа дінге кірген адамдарды (прозелит) шоқындыру тәжірибесін алса, ертедегі христиандар бұл ғұрыпты гректердің де, еврейлердің де, екеуінің де қайнар көзінен алды»- деп көрсетеді . Христиан дінін зерттеген ғалымдардың алмастай өткір ақиқатының бұлтартпас дәлелдемелері осылай деп анықтама береді. Қазақстанда тікелей еврей қауымының қолдауымен етек алып келе жатқан діни ағымның тағы біреуі Иегова куәгерлері. Бұл ағымды (дін деуге қақымыз жоқ) қазақтың кең даласына жаңбырша жауған басылымдарының айтатын негізгі ойы «Иса, әлейһис-сәлам, Құдайдың ұлы, сондықтан Тәңірімізге тең Әмірші. Ал, Құдайдың шын аты Иегова. Сондықтан Алланы тек осы есімімен атау керек.
Сонда (Исаны, алейһиссәлам, мойындасаң және «Иегова» десең) Иисус Христос сенің бар күнәңді мойынына алады, сен бар азаптан құтыласың. деп насихат айтады. Тереңнен пайымдаған адамға «Иегова куәгерлерінің» пәлсапасы қайшылыққа толы екені тіптен айқын көрінеді. Біріншіден олар Исаны, алейһиссәлам, біресе «Құдайдың ұлы», біресе, «Адамның ұлы», біресе «Құдай» біресе «Құдайдың құлы» дейді. Мәселен: «Құдайға ұнайтын ғибадаттың басты бөлігі -Оның ұлы Иисус Христосқа сену» «Иона» 3:36, «Деяние» 4:12 (Сторожевая башня возвещает царство Иеговы) журналынан. «Құдайдың әлемді сүйгені сонша, оған сенгендер мәңгі өлмес өмір сүру үшін ол Өзінің жалғыз ұлын берді». «Иоанна» 3:16 (Времия дляистинной покорности Богу) кітабынан. Тереңнен қаузасақ, «Иегова куәгерлерінің» не себепті пайда болғанын түсіну соншалықты қиын емес. Бұған жауапты басқа емес, өз басылымдары береді. «Будет ли когда нибудь мир без войны?» журналына тағы бір үңілейік: «Бірде-бір ақылды еврей бір еврейдің адамзатқа діни тәрбие беріп, жетекшілік жасауда осындай орасан зор рөл аткарғанына немқұрайды қарамаса керек. Басқа еврейді осынша еврей еместер мойындауда? Өзге бір еврей осынша таныла алар ма еді.
«Ең басында Ииусустың жолын оқушылардың бәрі еврейлер болатын. Шындығында, бірінші ғасырда дін басылардан бастап дінге мойынсун барлық еврейлер» Иисусты Моисей тәрізді осы Пайғамбардың дәнекерлігімен бекітілген «жаңа одақ» негізінде құрылған «Иегова Құдайға» бас иетін жаңа топтың дәнегі (ядро) де осы еврейлер», «Бытие»-де айтылғандай, Құдай адал еврей Авраамга (Ибраһимге) мынадай уәде береді: «Менің үніме құлақ асқаның үшін сенің ұрпағыңмен (ұрығыңмен) жер бетіндегі барлық халық марапатқа ие болады» (2, 18) деген өсиетін мысалға ала отырып, бұл журнал тағы да мынадай ой айтады. «Белгілі бір кезеңнен кейін Құдай бір ғана халыққа, Авраам (мұсылманша Ибраһим) ұрпағына ғана қозғау салып қоймайды. Израиль халқы бұл маңызды рөлді орындағаннан кейін, уәде етілген ұрықты шығарады. Сөйтіп жаңа одақ бекітілгеннен кейін, - барлық халықтар мен нәсілдердегі адамдар үшін ақиқат Құдайға бас ию мүмкіндігі туады» дейді.
Бұдан шығатын қорытынды біріншіден «Иегова куәгерлерінің» пайда болуына басты мүдделілер – еврей қауымы екендігі. Екіншіден, бұл еврейлер Ибраһимнің ұрпағы ғана - яғни, тек Израиль халқы ғана Құдай айтқан рөлді орындайды деген нық сенімде екендігі, сондай-ақ, «Иегова куәгерлері» - дін емес, өз басылымдары айтқандай бар болғаны шағын топ ғана. Крест тағуға, Исаның алейһиссәлам, туған күнін тойлауға (рождествоға), үштік (Әке, ұл, Киелі рух) ұғымына қарсы шыққаны болмаса, олардың кәдуілгі христиан дінінен пәлендей айырмасы да жоқ. Бұл «ережелер -Құдайдың ерекше жаратқан сүйікті халқы» деген ұғымды әлем халықтарының сана-сезіміне сіңіруге тырысқан белгілі бір топтың, аяр да көлгір іс-әрекетінің жемісі емес пе. Бүған көзін толық жеткізгісі келетіндер осы топтың басылымдарын қарасын. Айтатындары - көбіне еврейлер иен Израиль мемлекеті.
Ашып айтар бір жайт - «Иегова куәгерлері» арқылы барлық халықтың дінін бұзып, адамзаттың рухын қалжыратып, өздерінің нәсілдік артықшылығын, үстемдігін жүргізуді көздеушілер - еврей халқының өз дініне берік қарапайым бөлігі емес, озбырлық, басқыншылық саясатты көздеген белгілі бір менмен тобы болуы әбден ықтимал. Хош…
Соңғы жылдары БАҚ-да Исламды құбыжық етіп көрсетуге тырысатын, сөйтіп арзан бедел жинап «саяси ойындар» ұйымдастыратын күш пайда болды. Бұл «саясаткерлердің» түпкі мақсаты әлемге билік жүргізу олар «Ислам терроризмі», «Ислам экстремизмі», «Ислам фундаментализмі» деген жұртты қорқытып үркітуге ыңғайлы небір қатерлі ойындарды ойлап тапты. Сөйтіп өздерін осы төніп келе жатқан қатерден құтқарушы ретінде көрсеткісі келеді. Қазіргі кезде орыс тілді баспасөз беттерінде «Ислам экстремизмі» туралы жиі айтыла бастады. Еуропадан келген әртүрлі қоғамдық ұйым өкілдері «Ислам экстремизмі» тақырыбына ғылыми конференциялар ұйымдастырып та жатыр. Оған өзіміздің атқарушы биліктің саясаттанушылары да қатынасып, тіпті кейбір лауазым иелері осы тақырыпта баяндамалар жасап та жүр. Әрине, XXI ғасыр қай нәсілге қандай сый ұсынады ол жағы бізге тіптен жұмбақ. Десек те, ислам дініне бетбұрыс сағат сайын өмірді рухани жағынан өзгертуге, өзінше жақсы көзқарасты қалыптастырып келеді. Асылында, адамзаттың мұсылмандыққа бет бұруы Батыс Еуропаны алаңдатып отырғаны да анық. Мәселен америкалық фундаменталист сектаның басшысы, католик дін көсемі Патрик Буханның 11-қыркүйек 2001- жылғы уақиғадан кейін кітабы шыққан. Онда ол «Енді елу жылдан кейін мұсылмандар дүние жүзін басып алады, Америка мен Ресей федерациясындағы, әсілі күллі әлемдегі мұсылмандар саны күрт көбейеді. Бұл елді мұсылмандар билейді» деп жазды. Осылайша, АҚШ азаматтарының қолтығына су бүркіп исламды құбыжық етіп көрсетудің неше түрлі айла шарғыларын көрсетеді.
2001-жылдың 11-қыркүйегіндегі оқиғаға АҚШтың сол кездегі президенті кіші Джордж Буш негізгі кінәләлерді анықтамай жатып-ақ, бұған кінәлі ислам әлемі, сондықтан оларға қарсы крест жорығын жасаймыз (яғни христиандықтарды біріктіреміз) деп айтып салды. Артынша бұл сөзін оның идеологтары мен имиджмеикерлері жуып-шайғандай болғанмен, ол сөзі осы күнге дейін күн тәртібінде қалып отыр. Қыркүйек уақиғасынан кейін БАҚ-ры Ислам дінін террористерді дайындайтын сенім жүйесі ретінде әлі күнге дейін көрсетіп келеді.
АҚШ пен Израиль, БҰҰ-ның және халықаралық конвенциялар мен адам құқықтарын қорғау ұйымдарының шешімідеріне қарамастан өз жоспарларын жүзеге асырып жатқандары белгілі. Қазір өркениетті мемлекеттерге телінген «экстремизм» сөзін мүлде естімейсіз. Шынтуайтында солай ма? Жоқ, мүлде олай емес қой. Керек десеңіз осы «измдердің» шыққан жері Батыс Еуропа мен Америка топырағы емес пе!?. Мәселен, «АҚШ-тың Ауғанстан мен Иракты қанға бояп басып алуы мен Франция мен Германия да 300 мыңға жуық әйелдерді қала ортасына әкеліп оларды жәдігөйлер, «бұлардың денесінде шайтан бар» деп тірідей өртегендерін қайда қоямыз. Бірінші дүниежүзілік соғыста 25 миллион, екінші дүниежүзілік соғыста 100 миллион адамның қанына тағы да осы батыс жұрты кінәлі емес пе еді. «Соңғы деректерге үңілсек, батыста жылына 5 мың адам өзінің туған қызын зорлайды екен.
Нидерланды, Германия, Швеция батыстың тағы басқа елдерінде, Ермен - ерді, Әйелмен - әйелді некелестіру, заң жүзінде заңдастырылған». дейді Әбсаттар қажы Дербісәлі 2003 жылы «Егемен Қазақстан» газетінде шыққан «Дінаралық достық - уақыт талабы» атты мақаласында. Осыған байланысты Құранның бір аятында: Олардың жүректері бар, алайда онымен түсінбейді. Көздері бар онымен көрмейді. Және олардың құлақтары бар ол арқылы естімейді» -дейді. Әңгіме әлхиссасы шетелдік миссионерлер жайында болып отыр ғой.
Не десек те мұндай індетке жалпы халық болып қарсы тұрып, ұлттық иммунитетімізді көтергенде ғана іс нәтижелі болмақ. Бұл жерде біз күрес дегенде тек өркениетті заң жолымен күресуді ғана айтып отырмыз. Енді бұл мәселені соза беруге де, кейінге қалдыруға да әсте болмайды. Себебі, батыстық дінбұзарлар ештеңеден де қаймықпай, еркінде батыл қимылдауда. Мәселен, бізде әрекет етіп жатқан, орталығы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында орналасқан Евангелие Сектасына қарайтын «Благодать» шіркеуінің қолымызға тиген бағдарламасына көз жүгіртіп көрейікші. Бағдарламаның мақсаты тіпті де сұмдық.
Басты бағдар:
Алланың сөзімен Қазақстанның дінін толыққанды бұзу керек.
Негізгі мақсат:
Көшбасшы орталығын ашу, 2005-жылға дейін Орта Азия мен Қазақстанды орыстық шіркеуге қызмет етуге толыққанды бейімдеуіміз керек. Жетпіс жылға жетерлік жоспар жасай отырып, Орта Азия мен Қазақстанға діни орталықтар ашуымыз керек. Сондай-ақ 2010-жылға дейін толықтай «Евангелие» дініне өткізуге қаржы құюмыз керек.
Алдағы жоспар:
2005-жылға дейінгі аралықта шын жүрегімен «Евангелие» дінін кабыдағандар санын 4000-ға дейін көбейтуіміз керек. Шіркеу мақсатын (жұмағын) адамдарға түсіндіре отырып мұсылмандардың дініне өзара бүлік салып бұзып,«Евангелие» дініне толықтай енгізуіміз керек. Міне, мұнда бәрі де ашық әм айқын жазылған. Мақсат қазақ, өзбек, қырғыз, ұйғыр тағы басқа мұсылмандарды өз дініне кіргізіп, Орта Азиядағы исламды мүлде жойып жіберу және айылын жимай оның нақтылы мерізімдерін де көрсеткен» дейді 2003 жылы жарық көрген «Жас Алаш» газетінде «Біз дінге керекпіз бе? Жоқ дін бізге керек пе?» атты мақаласында Дихан Қамзабекұлы. Миссионерлер осылай тіпті де еркінсіп барады. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының 8-ші сессиясында сөйлеген сөзінде «Бүгінгі жағдайда біздің алдымызда сан түрлі жалған діни ілімді бетперде тұтқан экстремистік идеяларды елімізде тарату әрекеттеріне тосқауыл қою, соның ішінде заңнамалық тосқауыл қою кезек күттірмес мәселе» деді. Бұл сөзсіз мемлекет алдында тұрған маңызды міндеттің бірі. Олай болса еліміздегі діни интервенциядан қалай қорғануға болады? Оның дау-жанжалсыз шешудің өркениетті жолы бар ма?
Ол кез-келген мәселені бүгесі мен шігесіне дейін шегендеп көрсететін, қандайда бір дау-жанжалды ың-шыңсыз әділ реттей алатын толыққанды заңымыздың болуы.