ҚР рәміздері жаңа қазақстандық мемлекеттіліктің маңызды көрсеткіштері болып табылады.
Мемлекеттік рәміздер — бұл тек көркем бейнелер ғана емес, сонымен бірге мемлекеттік тәуелсіздікті іске асыру идеяларының жаршысы. Мемлекеттік рәміздер осы идеяның адам ойы мен сезіміне енуге көмектеседі.
Қазақстандық рәміздердің мақсаты — бір жағынан мемлекеттілік идеялардың негізгі басымдылықтарын нығайту: тұтастық, тәуелсіздік, ел азаматтарының санасындағы бірлік, екінші жағынан — бейбітшіл көршіліктің жақтаушысы сияқты халықаралық деңгейде Қазақстан беделін қалыптастыру. Мемлекеттік рәміздерде қазақ философиясының негізгі ерекшеліктері — бұл ұрпақтардың тарихи мұрагерлерін сақтауға көмектескен күрделі, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар бейнеленген. Ұлттық мемлекеттілік идеологияның сыртқы нысандары мемлекеттік рәміздер болып табылады.
Қазақстандық мемлекеттік рәміздер бір-бірімен өзара байланысты. Бір-бірін ішінара толықтырып, рәміздер республиканың тұрақтылық негіздері ретінде ҚР азаматтарын және халықаралық қоғамдастықтарды қабылдауда тұтастықты көрсетеді.
Осыған қатысты 1992 жыл 4 маусым Қазақстан мемлекеттік рәміздерінің туған күні ретінде тарих пен халық есінде мәңгілікке қалады. Осы күні Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы» заңдарға қол қойды.
Тек терең білім және мемлекеттік атрибутиканың мазмұнын түсіну, олардың мәніне ену және ұғыну, құрметтеу, біздің мемлекеттегі өмірдің маңызды элементтеріне деген абыройы мен қызығушылықты көтереді. Себебі соқыр сенім, механикалық табынушылық және азаматтардың саналы әрекеті арасында үлкен айырмашылық жатыр.
Әр түрлі елдердің тұрғындары өздерінің мемлекеттік рәміздерімен заң бойынша мақтанады. Бірақ өзінің туған елінің елтаңбасы, туы мен әнұранының қандай екенін ғана біліп қоймай, олардың маңызын түсіну керек. Ал ол үшін олардың тарихы туралы, мемлекеттік рәміздер қалай пайда болғаны жайлы және ғасырлар бойы қандай жолдан өткенін білу аса маңызды.
Билік символы және мемлекеттік атрибутика ретінде тудың пайда болуы бұрынғы тарихқа ие. Өткен заманда оның пайда болуына екі жағдай көмектесті деп болжап айтуға болады. Біріншіден, бұл адамдардың жүрегі мен санасына жақын зат символын анықтауға талпынысы және бейбітшілік уақытында оған әрдайым жүгінуі сенімділік пен тыныштықты берді, соғыс уақытында рухты көтерді және оның иелерін ерлікке шақырды.
Археологиялық деректер және тарихи дереккөздер негізінде ежелгі мысырлықтар үшін құдай мен фараондардың символдары болғаны белгілі; ассириялықтар үшін мықты енеке бейнесі; гректер үшін — Пегас, минотавр бейнелері символ болды. Әртүрлі халық әртүрлі уақыттарда осы мақсаттар үшін бұқа, тасбақа, үкі, бүркіт, жылан, айдаһар және т.б. бейнелерін пайдаланды. Орта ғасырларда граф, герцог және корольдар жайлы айтпағанда, әрбір ер адамның жеке жалауы болды. Жалаудың түсі әртүрлі болған.
Екіншіден, символдар тайпа, халықтың шабыт дереккөзі мен олардың абыройынан басқа, сыртқы функцияны орындау керек еді. Бөтен адамдар оны көргенде, осы халықтың ерекшеліктері туралы, жауынгерлігі мен бейбітшілдігі туралы, шаруашылық пен тұрмыс жайлы пікір айтып, оның қуаты мен айбынын анықтай алатындай жалаушылар құрылуы керек еді. Мысалы, ежелгі көшпелі тайпаларда, скифтердегі алғашқы жалауларда үрлемелі тудың формасы болды. Бұл қолғап ретінде өзінің формасымен айдаһар аузы, аяғы мен құйрығын еске түсіретін ұзын қап болды. Желде ол қампайып, қарсыластарды қорқытуы керек еді.
«Ту» сөзі голландиядан шыққан, «кеме жалауын» білдіреді. Ту бұл мемлекет символдарының бірі. Кеме, зауыт, институт, спорт командаларының жалаулары, әскери бөлімдердің жалаулары бар.
Қазіргі мемлекеттік тулар жиі түрде түрлі түстерден тұрады, олар тікбұрышты болып келеді, бірақ ерекшеліктер-де болады: Швейцария мен Ватиканда жалаулар төртбұрышты, ал Непалда — ұшбұрышты.
Қазақстандық тудың түсі халықтың мәдени-этникалық бірлікті білдіреді және бір уақытта мемлекеттің бөлінбеу идеясына көрсетеді. Жарық — өмір және қуат дереккөзі. Сондықтан күннің көзі өмір символы болып табылады. Біздің тудағы күн көзінің шуақтары (32 шуақ) біруақытта дәннің формасына ие — молшылық және амандық негіздері.
Көшпенділердің дүниетанымында дала қыраны немесе бүркіті ерекше орынды алады. Бейнелеме тілінде қыран бейнесі мемлекеттік билікті, кеңдік пен зереңдікті білдіреді. Дала адамдары үшін бұл азаттық, тәуелсіздік, мақсатқа, биікке, болашаққа ұмтылудың сиволы.
Сонымен қатар қыран мықты күшке ие болып, болашаққа қозғалуға кедергі жасайтын әрбіреуге лайықты тойтарысты бере алады. Қыран бейнесі жас егеменді Қазақстанның әлемдік өркениет биіктеріне ұмтылу идеясынан пайда болды. Ұлттық оюлардан тұратын вертикальды жолақтар біздің туға жаңашылдық пен қайталанбаушылықты беретін элемент болып табылады. Осында қошқар-мүйіз қазақ оюы бейнеленген.
Шәкен Ниязбеков — Қазақстан туының авторы. Біздің жаңа рәмізіміз осы суретшінің шығармашылық іздеулер мен жанкешті еңбегінің нәтижесі болып табылады. Мемлекеттік туды жасауға арналған сайысқа 600-ден аса жобалар қатысты. Алдын-ала байқаудан кейін төрт аса қызықты жобалар Республиканың Жоғары Кеңесінің талқылауына шығарылды.
1992 жыл 4 маусым Қазақстан Республикасы мемлекеттік елтаңбаның туған күні ретінде тарих пен халық есінде мәңгілікке қалады. Қазіргі таңда кең қолданылатын «елтаңба» термині немістің «ербо» сөзінен шыққан. Қазақ тілінде герб сөзіне эквивалент бар — таңба, бұл белгі деген сөзді білдереді. Алғаш рет осы термин ежелгі Түрік қағанатында қолданыла басталды (551–630 жж.)
Қазақ тілінде осы рәміз — «Елтаңба» деп аталады. Елтаңбада көгілдір түс аясында шанырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған, оны, аңыздағы пырақтар қанаты көмкеріп тұр. Елтаңбаның жоғарғы бөлігінде көне түркілердің қасиетті белгісі бес бұрышты жұлдыз бейнеленген, ал төменгі жағында алтын түспен жазылған «Қазақстан» сөзі бар.
Алтын және көк-көгілдір түстер қолданылған. Біріншісі қазақстандықтардың молшылықтарына сәйкес, екіншісі әлемнің барлық халықтары үшін бірыңғай көгілдір аспанды, сонымен қатар Қазақстанның бейбітшілік, келісім, достық және әлемнің барлық халықтарымен бірлікке ұмтылуын бейнелейді.
Шаңырақ — мемлекеттің түп негізі, отбасының бейнесі. Түндік — киіз үйдің жырығы көгілдір бейбітшіл аспанның аясында жарқын күнді еске түсіреді. Елтаңбаның көгілдір кеңістігі бойынша ортадан бірдей тарайтын уық өмір мен жылу дереккөзі — күн жарықтарын еске түсіреді. Авторлар кереге бейнесінің мәселесін шеше алды. Шаңырақты ұстап тұратын крест тәрізді күлдіреуіш беріктікті қамтамасыз ететін үш жүздің бірлігін символдайды. Геральдика тілімен авторлар қазақстандықтардың бейбітшіл мәнін бейнелейді.
Дәстүрлі қанатты тұлпар — пырақ бейнесі биік самғауды, болашақ туралы ар-манды білдіргендей. Тұлпардың көк¬ке сермеген қанат¬тары ортақ отауымыз — шаңыра¬ғымызды қор¬ғап тұр. Пы¬рақтың аңыздағы ши¬ра¬тылған ай мүйізі қайсарлықты, қай¬ратты¬лықты көрсеткен¬дей әрі көне тари¬хымыз¬дан да хабар бергендей. Арғымақтың алтын қанаттары алтын масақты еске салады, қазақстандықтардың еңбексүйгіштігін және еліміздің материалдық игілігін танытады. Сонымен қатар пырақ — көшпенділер өмірінің серігі, онымен бүкіл шаруашылық және рухани өмір тығыз байланысты. Қанатты пырақ мықты гүлденген мемлекетке ұмтылуды білдіреді. Бес бұрышты жұлдыз еліміздің барлық бес құрлықтағы мемлекеттер мен халықтардың қауымдастығына қосылуға құлшынысын білдіреді.
Егеменді Қазақстанның қазіргі елтаңбасы екі белгілі архитектор Жандарбек Мәлібеков және Шота Уәлиханов шығармашылық ізденістерінің үлкен еңбек нәтижесі болып табылады. Осы жарыста жеңіп шығу оңай болған жоқ. Соңғы сайысқа 245 жоба және болашақ елтаңбаның 67 суреттемелер қатысқанын атап өту керек. Қазақстандық елтаңба мәңгілік өмірді символмен көрсетеді.
1992 жылы 6 маусымда Алматы қаласының Абай атындағы опера және балет театрында республиканың мемлекеттік рәміздеріне арналған салтанатты рәсімі өтті. Сол күні Президент резиденциясы және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің алдында Мемлекеттік ту көтерілді және Мемлекеттік елтаңба орнатылды.1192 жылы 11 желтоқсанда Мемлекеттік әнұранның мәтіні бекітілді. Нәтижесінде мемлекеттік нышандар туралы ережелер 1996 жылғы 24 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы» Конституциялық заңының күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы Қаулысында жүйеленген. Мемлекеттік ту және Мемлекеттік елтаңбаның эталондары Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясында сақталуда. Олар құрметті күзеттің шығарып салуымен арнайы көлікпен Алматыдан жаңа Астанаға жеткізілді.
Қоғамдық санада пайда болған өзгертулер ел рәмізінің музыкалық-поэтикалық жаңа мазмұнын талап етті. Мемлекеттік әнұран — мемлекеттің ресми нышаны, елтаңба мен тудың музыкалық баламасы. 1992 жылдың басында Қазақстан Республикасының музыкасы мен жаңа әнұранның мәтініне сайыс жарияланды. Іріктеу комиссиясына 750-ге жуық жобалар жіберілді. Поэтикалық марафонда төрт адам жеңді: Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және Жадыра Дәрібаева. Композиторлар Мұқан Төлебаев, Евгения Брусиловский және Латифа Хамильдің музыкасына олардың мәтіндерін салды.
Қазақстан Респубикасының Мемлекеттік Әнұраны республиканың егемендігі, Қазақстан халқының бірлігі болып табылады. Қазақстан Респубикасының
Мемлекеттік Әнұраны — татулық пен достықтың киелі бесігі, отан-ананы, тарихи оқиғалардың тезінен өтіп шыңдалған қаһарман халқымызды ерлікке, елдікке, бірлікке, бауырластыққа үндейтін асқақ әуенді ұран, сазды жыр.
Алайда қазақстандықтардың патриоттық сезімдерін көрсету үшін «Менің Қазақстаным» әні параллельді айтылып жүрді. 1950-шы жылдары Шәмші Қалдаяқов және Жұмекен Нәжімеденов жазған ән қазақстандықтардың жүрегін жаулап алды, бұл елдің бейресми әнұраны болды.
Республика Үкіметі елдің жоғарғы заңнамалық органының күн тәртібіне Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы» конституциялық заң күші бар Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Конституциялық Заңының жобасы қарастыруы енгізілді.
Заңжобасын талқылау барысында депутаттар қатары «Менің Қазақстаным» атты жаңа әнұранның авторлық құрамына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевты ресми түрде енгізу туралы ұсыныспен сөз сөйледі. Мәжіліс және Сенат депутаттары Ж. Нәжімеденов және Н.Ә. Назарбаевты жаңа әнұранның авторлары ретінде бірауыздан мойындады.
2006 жылдың 10 қаңтары елдің жаңа әнұранының туған күні ретінде Қазақстан тарихына енді. Музыкалық-поэзиялық нышанның алғашқы ресми орындалуы 11 қаңтарда Астана қаласында «Ақ Орда» Президент сарайында еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ресми ұлықтау кезінде болды. Әлемнің 70 елдерінен келген қонақтар әнұран таныстыру рәсімінің куәгерлері болды. Олардың арасында президенттер мен премьер-министрлер, министлер мен дипломаттар, халықаралық ұйымдардың жетекшілері мен өкілдері.
Ресми салтанаттарда Қазақстанның әнұранын орындаған кезде қатысушылар орындарынан тұрып, оң қолын жүрек тұсына қояды. Қазақстан Республикасының жаңа Мемлекеттік әнұран мәтінінің мазмұны және көңілді сазы адам жүрегінде патриоттық сезімдерді оятады.
Қазақстан рәміздері — егемендік және тәуелсіздіктің, халық бірлігі мен биліктің даусыз айғағы болып табылады. Олар қазақстандық демократияның мемлекеттік идеясын, жалпы адамзаттық құндылықтар мен гуманистік идеалдарға ұмтылуын айқындайды. Біреуді мемлекеттік рәміздерді мақтаныш етуге мәжбүрлеу қиын, бірақ әрбір азамат өзін елдің патриоты деп санаса, оларды білу және құрметтеу қажет.
А. М. Ауанасова, т.ғ.д., профессор