Сырымбет батырдың белгісі қазіргі Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Жөлек ауылының маңайында, қыпшақтың Көзей аталығынан шыққан Жұғы әулиенің қасында орналасқан.
ХVІІ ғасырдың 2 жартысы, ХVІІІ ғасырдың І жартысы Қазақ хандығы үшін
өте ауыр кезең болды. Қазақ хандығына жонғарлар, Еділ қалмақтары және басқа да
жаулар жан-жағынан қазақ ұлыстарын шауып, малдары мен отбастарын тұтқындап,
алып кетіп отырды. Осы кезеңде Сыр бойында (Қызылорда облысы) қанды шайқастар
болып жатады. Сол аласапыран заманда Сыр бойында (нақтылай айтсақ Шиелі өңірі, Жолек
қорғанының маңайында ) қазақтың атақты қаһарман ұлы Сырымбет батыр жер
жастанды. Сырымбет батырдың тегі Ұлы
жүз, Албан, оның ішінде Алтын аталығынан
шығады. Батыр бабамыз ХVІІ ғасырдың 2
жартысында өмір сүрген. Сырымбет батырдың белгісі қазіргі Қызылорда облысы,
Шиелі ауданы, Жөлек ауылының маңайында, қыпшақтың Көзей аталығынан шыққан Жұғы
әулиенің қасында орналасқан. Сырымбет батырдың ұрпақтары батыр бабасына тағзым
етіп белгі орнатқан. [Бақытжан Ахметбектің дерек қорынан, мәлімет Қызылорда
облысы, Шиелі ауданы, Жөлек ауылының әкімі болған Бегімбет ағадан және осы
ауылдың түлегі Қызылорда гуманитарлық университетінің магистрі Алтынбекова
Сәуледен алынған.]
Сырымбет батырдың негізі елі қазіргі Алматы облысында қоныстанған
ғой. Батыр Сыр бойында жаугершілік
заманда қаза болуы мүмкін. Бірақ Сырымбет батырдың өзі өлсе де атын өшірмейтің
артында өңкей батыр болып өткен ұрпақтары шығады.
Сырымбет батырдың баласы Ханкелді
батыр 1733 жылы Ұлы жүздің Қодар би, Төле би, Сатай, Бөлек батырлармен бірге
орыс патшасы Анна Иоановнаға елші жіберіп, Ресейдің қол астына алуын өтінген.
Ханкелді батырдан Түке дүниеге
келеді, одан әйгілі Райымбек батыр
(1705/30-1780/1814) дүниеге келеді.
Райымбек он бес жасқа келгенде
атасы Ханкелді жауға жасақ жинап, аттанып кеткенін естіп, анасынан, ауылдағы
қарттардан бата алып, ішінен «Атам Сырымбет батырдың әруағы қолдай гөр, жаудан
қайтпасқа мен серт беремін, жәрдемдеріңізді сіздер бер» деп жорықшылардың
артынан жүріп кетіпті. Райымбек Қараталдың бойында шұбырып жүрген қалын
сарбаздың ішіне келіп кіріп кетеді. Бұлардың бәрі жүріп отырып, Іле суының
бойына келіп, одан әрі өте алмай, тек Райымбек қана өтеді. [Қ.Табылдиев. «Қазақ
батырлары» Ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен. – Астана: «Фолиант», 2008
ж, - 264, 265 б.б.].
Қазақтар ұзақ жылдарға созылған
жоңғар шапқыншылығына қарсы өздерінің тәуелсіздігі мен бостандығы үшін әділетті
соғыс жүргізді. Бұл күресте қазақ жерінің оңтүстік-шығыс шебіне орналасқан
Жетісудың тұрғындары жаудың дүркін-дүркін қайталаған басқыншылық шабуылдарына
бүкіл казақтың жасақшыларының бірінші легінде тойтарыс беріп отырды. Ортақ
жауға қарсы күресте бүкілқазақтық мүдделердің символы болған Төле би, Абылай
хан сияқты мемлекет қайраткерлері, Бөгенбай, Қабанбай, Малайсары, Райымбек,
Наурызбай сияқты батырлар өздерінің есімдерін мәңгілік даңққа бөледі.[Кеңес
Нұрпейіс. Тарихи Тұлғалар. Алматы: -
«Қазақ энциклопедиясы», - 2007 ж,
- 29 б].
Қорқыт ата атындағы
Қызылорда мемлекеттік университет жанындағы
«Қорқыттану және өлке тарихы» ғылыми-зерттеу
институтының ғылыми
маманы
Бақытжан Ахметбек