Жиырма сегіз жыл бұрынғы құжат
18.12.2019 2041
Құрамында жалпы саны 360 депутатты қамтыған ХІІ шақырылымдағы Жоғарғы Кеңес 1993 жылғы 13 желтоқсанда толыққанды таратылды.

1991 жылдың 10 желтоқсаны Қазақ ССР-нің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ Советтік Социалистік Республикасы атауының өзгеруі туралы» заңға қол қойды. Осыдан кейін алты күннен соң, 1991 жылдың 16 желтоқсанында, тарихи мәні зор «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заң қабылдады. Бұл заң елдің болашақ  Конституциясына негіз болып қана қойған жоқ, сонымен қатар қазақ халқының тағдырына да маңызды рөл атқарды.

Бұл құжат осыдан жиырма сегіз жыл бұрын елдің Жоғарғы Кеңесінің ХІІ шақырылымының депуттарымен дайындалған еді. 1990 жылдың 25 наурызында халық үш жүз алпыс депутат өкілін сайлады. Бір жарым жылдан кейін олар «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заңды қабылдады. Осы лауазым  жылдарында депутаттар тарихи маңызды бірқатар құжаттарды қабылдады. Бұған  еліміздің мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заңнан басқа бұған Президент лауазымын бекіту және мемлекеттің атауын өзгерту туралы заңдарды сондай-ақ  мемлекеттің тұтастығы мен құқығын бекіткен декларация, және тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы кіреді. Тәуелсіздік күні қарсаңында «Qazaqstan Tarihy» порталы осы оқиғалардың тізбегін  арнайы  ұсынып отыр.

 Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заңы қабылданудың   алдында 1991 жылдың 16 қазанында Жоғарғы Кеңес төрағасы лауазымына Серікболсын Әбділдин келген еді. Кейінірек ол Қазақстан Республикасы Коммунистік партиясының басшысы болып, осы лауазымды 1996 жылғы сәуірден бастап 2010 жылғы сәуірге дейін атқарады. 1999 жылы С.Әбділдин президент сайлауына өз кандидатурасын ұсынып, 19% дауыс жинап, екінші орын алғаны белгілі. С. Әбділдиннен өзге  халық қалаулыларының қатарында елге танымал басқа да тұлғалар болды. Солардың ішінде қазір Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты жанындағы сенаторлар кеңесі төрағасының орынбасары лауазымын атқарушы Бірғаным Әйтімова да бар. Қазақстанның Израиль, Италия, Кубадағы дипломаттық өкілі болып қызмет атқарды. Осы арада, ел тарихындағы жалғыз Қазақстан Республикасының вице-президенті Ерік Асанбаевтың да есімін атап өткен жөн. Тәуелсіздік алғаннан кейін ол бес жыл бойы елдің вице-президенті болды. Одан кейін елдің Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болды. Ал, 1994 жылдан 2000 жылға дейін Германияда дипломатиялық қызмет атқарды. Салауатты өмір үшін күресетін «Қазақ еріктілер» қоғамынан елдің Жоғарғы Кеңесіне Темірхан Досмұхамедов кірді. Кейін ол ұзақ уақыт бойы түрлі ведомостволарда министр болды.  ҚР Президентінің Іс Басқармасын екі рет басқарды. Сондай-ақ Астана қаласының әкімі болды. Ұлтты Олимпиада Комитетін де басқарды. Ұзақбай Қараманов тәуелсіздік алғанға дейін ҚазССР партиялық номенклатурасында бірқатар жауапты лауазымдарды атқарды. Кейінірек ол Қазақстан Республикасының тұңғыш премьер-министрі болды. Қазақстан құрылысшылары одағының негізін қалады. Елдің Парламент Мәжілісінің экология және табиғатты пайдалану жөніндегі комитетін басқарды, сонымен қатар, Халықаралық Аралды құтқару қорын басқарды. Өз өмірлерін мемлекеттік қызметпен байланыстырғандардың ішінде Қазақстан Республикасының тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовті де атап өту қажет. Ол  сол кезде  «Соғыс пен еңбек ардагерлерінің» республикалық кеңесін басқарған.  Қазақтанның Ресей Федерациясындағы қазіргі елшісі Иманғали Тасмағамбетов те өмірін мемлекетке қызмет етуге арнаған жан. Сол кезде ол Қазақстан ЛКЖО ОК бірінші хатшысы болды. Сол шақырылымдағы депутаттар ішінде тек шенеуніктер ғана емес, өнер қайраткерлері де болған еді. Солардың ішінде Қазақстанның халық жазушысы,  қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев та болды.  Ұзақ жылдар бойы Қазақстан кинематографистер одағын басқарған, кейін тәуелсіздік алған соң «Еуразия» халықаралық кинофестивалінің негізін қалаушы Ораз Рымжановты және жазушы Әнуар Әлімжановты  да  атап өту керек. Айта кетерлігі осы жандар Совет Одағының өмір сүруін тоқтатқан атақты «Декларация №142-Н» құжатын қабылдаған еді.  ХІІ шақырылымдағы депутаттар ішінде ғалымдар да болған. Олар: Қазақстан Республикасы Медицина ғылымдары академиясының негізін қалаушы әрі болашақ президенті Мұхтар Әлиев,  геология-минералогия ғылымдарының докторы Айтмұхамед Абдулин, белгілі түркітанушы Мырзатай Жолдасбеков, механиктердің ғылыми мектебінің негізін қалаушы Өмірбек Жолдасбековты, тарих ғылымдарының докторы, ел тарихы бойынша көптеген оқу құралдарының авторы Манаш Қозыбаевты атап өтуімізге болады. Тарих ғылымын айтқан кезде, қазақтың дәстүрлі өнерінің мәселелері туралы көптеген кітаптар жазған, ол еңбектері қатардағы оқырманның ғана емес, сонымен қатар тарихшылар мен зерттеушілердің назарын аударған депутат Өзбекәлі Жәнібековтің де аяулы есімін  атап өткен жөн. Бұл солбір кездегі сындарлы шақта мойындарына  аса зор жауапкершілік  жүктелген депутаттардың ірі шоғыры-тұғын. Құрамында жалпы  саны 360 депутатты қамтыған  ХІІ шақырылымдағы Жоғарғы Кеңес 1993 жылғы 13 желтоқсанда толыққанды таратылды.  Сөйтіп бұдан жиырма сегіз жыл бұрын еліміз егемен әрі  тәуелсіз мемлекет  жолына түсті. Жылдар өте келе сол кездегі үміт пен арманның аз да болса  орындалып жатқандығының куәгері болып отырмыз.