Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Жаңа "Қазақстан тарихы" оқу құралы жарық көрді

29869
Жаңа "Қазақстан тарихы" оқу құралы жарық көрді - e-history.kz

Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың көреген саясаты және Елбасын барлық қазақстандықтардың қолдауы арқасында Қазақ Елі тәуелсіз мемлекет ретінде алғашқы он жылда-ақ қалыптасты.

Кең-байтақ Қазақстанды мекендеген барлық этнос өкілдері қазақ ұлтының төңірегіне топтаса отырып, КСРО-ның ыдырауы нәтижесінде қалыптасқан ауыр экономикалық дағдарысты еңсерді. Нарықтық экономиканы құруды бастады. Демократиялық, құқықтық, зайырлы, әлеуметтік мемлекеттің негізін қалады. Мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символдарды қабылдады. Көршілес елдермен шекаралары айқындалып бекітілді. Адамзатқа қауіп төндіретін ядролық қарудан бас тартып, Қазақстан әлемге өзін бейбітшілік сүйгіш ел екенін танытты. Астананы ауыстырып, жаңа Елорда тұрғызды. Әлемнің ықпалды елдерімен және халықаралық ұйымдармен достық пен ынтамақтастыққа негізделген қатынас қалыптастырды.

  Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы онжылдығына (1991-2001 жж.) өте маңызды және ауқымды оқиғаларды басынан кешірді. Осы уақыт аралығында әлемде мойындалған «Қазақстандық даму жолының» негізін қалады.

Авторлар алғашқы онжылдықтағы тарихи дамуды зерделеп, оқу құралы ретінде ұсынып отыр. Оқу құралы барша оқырмандарға арналған.

 Авторлары: т.ғ.д., профессор Бүркітбай АЯҒАН, п.ғ.к. Сейітқали ДҮЙСЕН, п.ғ.к. Жабай ҚАЛИЕВ, т.ғ.к. Қанат ЕҢСЕНОВ.

Шайзада Күнсәуле,

Мемлекет тарихы институтынің

ғылыми қызметкеры

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?