Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050»
Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы тек
Қазақстан халқының емес, көптеген шетелдік сарапшылардың назарына ілігіп,
кеңінен талқылана бастады. Шетелдік сарапшылар Жолдау жолдарына мұқият үңіліп,
оны тыңғылықты зерттеп шыққан олардың басым бөлігі жаңа бағдарламалық құжаттың нақты
істердің бағыт-бағдары екенін түсінді.
Қазақстанды 2050 жылға дейін дамытудың жаңа стратегиясы Қазақстанды қазіргі заманғы сын-қатерлерге жауап беретін жаһандық, тұжырымдамалық міндеттерді шешуге және қуатты әрі бәсекеге қабілетті экономика, сенімді әлеуметтік саясат, жоғары технологиялы индустриялдық сектор құрудың алғышарттарын жасауға бағыттайды.
Сонымен бірге Президент ХХІ ғасырды Қазақ елінің алтын ғасыры болатынын болжамдады. Ал мұндай игілікті кезеңнің нақты көрсеткіші етіп Мемлекет басшысы 2050 жылға қарай әлемнің аса дамыған 30 елінің қатарына шығуы тиістігін айтып, осы бағытта атқарылуы тиіс жұмыстарды белгіледі.
Елбасы өзінің әр жолдауында елдегі әлеуметтік саясатқа аса көңіл аударуда. Өз сөзінде ұлт көсбасшысы «Біздің басты мақсатымыз – әлеуметтік қауіпсіздік және азаматтарымыздың бақуаттығы. Бұл – қоғамдағы тұрақтылықтың ең жақсы кепілі»-деп әлеуметтік саясаттың жаңа принциптерінарнайы бөліп көрсетті.
Жолдауда ел әл ауқатын көтеруге байланысты бірнеше мәселелер баяндалды. Әсіресе арнайы жазылған «Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік» атты бөлімдегі көңіл бөлуге тиісті бағыттар, олар:
1. Әлеуметтік саясаттың жаңа қағидалары;
2. Ананы қорғау. Әйелдерге қамқорлық;
3. Баланы қорғау;
4. Ұлт денсаулығы – табысты болашағымыздың негізі.
Аталмыш бағыттар Қазақстан әлеуетін көтеруге тиіс тетіктері болып табылады. Жолдауда баяндалғандай табысы күнкөріс деңгейінен төмен азаматтардың саны 7 есе азайып, жұмыссыздар саны екі есе қысқарды. Сонымен қатар орташа айлық жалақы 9,3 есе өсіп. Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 10 есе ұлған екен. Осы мәлеметтер Қазақстанның әлеуметтік жағдайының өсу көрсеткішін көрсетеді. Елбасы кедейшіліктің өсуіне жол бермеуді басты міндет етіп алуымызды сұрады. Оны болдыртпау мақсатында Қазақстандықтар өз азаматтарымыз үшін экономика мен бюджеттің өсіміне тікелей тәуелді болатын ең төменгі әлеуметтік стандарттар мен кепілдіктер белгілеуіміз керек екендігін Жолдауда Елбасы ерекше атап кетті.
Сонымен қатар Елбасы әйелдерге деген қамқорлыққа жете тоқтады. Соңғы бес жылда ана өлімі шамамен 3 есе азайып, бала туу көрсеткіші бір жарым есе өскен екен. Н.Ә. Назарбаевөз сөзінде «Мемлекет үшін және менің жеке өзім үшін де ананы қорғау – ерекше мәселе екенін айтып, Жаңа кезеңдегі әлеуметтік саясаттың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ана мен баланы қорғауды жариялады». Болашақ ана болатын қыздарымыздың тәрбиесіне көп көңіл бөлу керектігі, олардың болашағы қалай болатындығы жөніндегі ойлар әр азаматтың көкейінде болуы қажеттігі баяндалды.
Ал ол ананың дүниеге әкелген нәрестесінің жағдайы жөнінде бірнеше мәселелер мен үкімет тарапына тапсырмалар айқындалды. Елбасы Жодауда «Бала тәрбиелеу – болашаққа ең үлкен инвестиция» деп балаға деген қамқорлықтың күшті болуын қалады. Баланың жетіліп дамуына қазіргі таңда «Балапан» бағдарламасы, Зияткерлік мектептер, Назарбаев Университеті, «Болашақ» бағдарламасы жұмыс жасап жатыр.
Ананың да, баланың да жағдайы, денсаулығы мықты болу үшін, денсаулықты сақтайтын мықты мамандар мен жаңа заманға сай денсаулық сақтау орталықтары елімізде жұмыс атқаруда. Ұлт көшбасшысы баяндағандай «Ұлт денсаулығы – біздің табысты болашағымыздың негізі». Бүгінгі күні ауруды емдеу емес, оның алдын алу мәселесі алға қойылуда. Соған сәйкес Ұлттық скрининг жүйесі ауруларды бастапқы сатысында анықтауға және олардың алдын алуға мүмкіндік береді. Жолдауда көрсеткенде елімізде өмір сүру ұзақтығы 70 жасқа дейін ұлғайды. Бұл жақсы көрсеткіш деп айтуға болады.
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына бұл стратегиялық маңызы бар жолдауы Дүние Жүзіндегі озық елдердің қатарына қосылуына бірден бір себеп болатыны аян.
Бұл Жаңа стратегиялық бағытты жүзеге асырылуы қазақ халқына айрықша жауапкершілік жүктейтіні баршамызға белгілі. Сол себептен мен Елбасы жариялаған «алтын ғасырға» деңгейі жоғары, барлық жағынан дамыған ел болып қалыптасуымызға сенемін.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің
«Тарих, саясаттану және әлеуметтану» кафедрасының аға оқытушысы, саяси ғылымдардың кандидаты
Сахиев Саулет Ерназарұлы