ВОСТРОВ Вениамин Васильевич – қазақтың жер шаруашылығы, тұрғын үйі, қазақ халқының этникалық тарихы проблемаларын зерттеген маман, тарих ғылымдарының кандидаты (1953).
Мектептен кейін С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университеті тарих факультетінде оқыды (1945-1950),
Ленинград қ. КСРО ҒА Этнография институтының аспиранты (1950),
ҚазКСР ҒА Қоғамдық ғылымдар бөлімінің ғылыми хатшысы (1953-1955),
ҚазКСР ҒА Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтының Этнография бөлімінің аға ғылыми қызметкері (1955-1959).
Бірқатар бүкілодақтық ғылыми сессиялар мен мәжілістерге қатысты (Тбилиси, Мәскеу, Львов, Самарқанд ққ.) қазақ этнографиясының түрлі проблемалары бойынша баяндамамен сөз сөйледі.
Ұлы Отан соғысының ардагері.