Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақсың ұлттық дәстүрлері және исламның этикалық құндылықтары

29495
Қазақсың ұлттық дәстүрлері және исламның этикалық құндылықтары - e-history.kz

Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениетінің өзегін халықтық дәстүрлер мен тұрмыстық салт-рәсімдер құрайды, өзіндік этникалық келбеттің інжу-маржандары фольклор арқылы берілгені де байқаймыз. Олардың бір бөлігі тарихи үрдісте ислам дініндегі кейбір конфессиялық қалыптармен, бағдарлармен тұтастай астасып кеткені белгілі. Сондықтан олардың аражігін ажыратудың өзі біршама қиындықты туындатады. Қазақтың көптеген этникалық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының этнографиялық жіктемесін, олардың исламдық құндылықтық әлеммен кірігуін Сейіт Кенжеахметұлы өзінің «Жеті қазына» деген еңбегінде шебер сұрыптап, көпшілік оқырманға жеткізе білген. Бұл еңбектің ауқымымен жалпы қазақ халқының дәстүрлерінің, этникалық руханиятының ауқымы шектелмейтіні де белгілі. Тарихшыларымыз бен әдебиетшілеріміз қазақ халқының дәстүрлерін жіктемеден өткізуде және осы шығармашылық қадам этникалық кеңістікте жалғаса беретініне сенімдіміз. Өйткені, өзінің тарихи қордаланған рухани құндылықтарын құрметтеген, толық игерген халық қана басқалардың алдында қадірлі болары сөзсіз. Солардың қатарына ұлттың көрнекті тұлғаларын қадірлеу дәстүрін жатқызуға болады.


8.3.11 u041au0443u043bu044cu0442u0443u0440u043eu043bu043eu0433u0438u044f (3).pdf 


Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?