Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

"Мәдени мұра" бағдарламасы аясындағы археологиялық зерттеулер

29459
"Мәдени мұра" бағдарламасы аясындағы археологиялық зерттеулер - e-history.kz

Археологиялық қазбалар мәдени мұраның материалдық және рухани құндылықтарын зерттеу, қалпына келтіру және сақтаудың маңызды бөлігі болып табылады. Археологиялық зерттеулердің нәтижесінде «Мәдени мұра» бағдарлама аясында біздің тарихымызды жақсырақ біліп, түсінуге көмектесетін орасан зор материалдар алынып, көптеген жаңа мәліметтер табылды. Барлығы 2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыра бастағалы ата-бабаларымыз туралы көп мағлұмат беретін ғылымды мыңдаған артефактылармен байытқан 40 археологиялық зерттеу жүргізілді.

Шығыс-Қазақстан облысындағы қазақ-француз экспедициясының археологиялық экспедиция нәтижесі нағыз сенсация болды. Шілікті даласындағы Берел селосы маңындағы қорғандағы әйгілі қазақстандық археолог Зейнолла Самашев бастаған экспедиция еркек пен әйелдің жақсы сақталған моласын тапқан.

Жанында — алтын бұйымдармен әшекейленген он үш мініс ат. Берел қорғанындағы аттардың жасы 2500 жыл. Қорғанды салу тәсілі ерекше болғандықтан тек ет қана емес, сәндік-қолданбалы өнер материалдары да таза күйінде сақталған. Скиф-сақ аң стиліндегі ежелгі сәндік өнер мысалдары, сонымен қатар берел патшасының мінген атының парадтық жабдығы реставрация мен қайта құрудан кейін ҚР Президенттік мәдени орталығына орнатылды. Қарапайым халық арасында ақ алтын деп аталатын алтын әшекейлерді дайындау технологиясын білген сақ периодындағы шеберлер құпиясы әлі күнге дейін ашылмаған. Қазіргі кезде оған электролиз технологиясы қолданылады.

Қазақстан мен оның астанасы Астана үшін Бозоқ қалашығының орны ерекше. Ортағасырлық Бозоқ қалашығындағы қазбалар Астана қаласының мыңнан астам жылдан бері тұрғанын дәлелдейді. Сол кезеңде қазіргі Астана орнында әскери орданың пайда болуы геостратегиялық факторлармен түсіндіріледі - Жібек жолы керуен жолдарын бақылау мүмкіндігі. Бозоқ қалашығы территориясндағы кесенелердің үлкен концентрациясы Нұра-Ешім аймағының ортағасырлық рухани Меккесі болғанын білдіреді.

Мемлекеттік бағдарлама аясында XI ғ. басы-XIII ғ. арасында Қарлұқ-Жабғу астанасы ретінде мәлім ортағасырлық Қойлық, Отырар қалашығы, ортағасырлық Жанкент қалашығы - «оғыз патшасы» резиденциясы, Ақыртас кешені - ерте ортағасырлық Қаған орталығы сияқты бірегей археологиялық ескерткіштерде қазба жүргізілді.


Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?