Әлеуметтік-наразы қабаттарда шет елдік адепттер іске асырып отырған, сыбайлас жемқорлық, әсіресе, жастар арасындағы жұмыссыздық, олардың діни сауатсыздығы, өздерінің қатарына тартудың белсенді іс-шаралары еліміздегі саяси тұрақтылықта айтылмай қалмайтын экстремистік астыртын әрекеттерді кеңейтіп келеді. «Басқарылмайтын хаос» (шындығына келгенде, бағынатындығы айқын) жағдайы әлдекімдердің ықпалын орындайтын немесе үлкен саясаттың құрбаны болатын халықтың белгілі бір жеке топтары арқылы құрылуда. Сарапшылар тұрақтылық кезеңі біздің аймақта да аяқталып келе жатырғандығы туралы қорытынды шығарады. Көңіл аударуға тұрарлық көзқарасты, жуырда Қырғызстанның Prudent Solutions атты сараптама орталығының директоры Эсен Усубалиев айтқан болатын. Ол Қазақстанның діни топтарын радикалдандыруға ықпал етуі мүмкін бірнеше факторларды атап көрсетті: - әлемдік экономика мен саясаттағы ҚХР-дың саяси және экономикалық ролінің өсуіне көңілі толмайтын, оның қатарында АҚШ шешуші орын алатын, батыс елдерінің әрекеті; - Парсы шығанағындағы араб елдерінің әлемдік нарықтағы қуат тасымалдаушылығының тым артуына мүдделі еместердің әрекеті – бұл оларға Каспий маңы аймағынан Орта Азия мұнайын сыртқа шығаруға кесе көлденең тұру үшін тиімді; - Сауд Арабиясының әрекеті, ол – Таяу және Орта Шығысқа АҚШ мүддесін өткізудің, Израильден кейінгі, радикалданған діни қызметкерлердің көпшілігі білім алған басты мемлекеті; - дін саласы бойынша толық либералданған заңдар. Оның түсінігі бойынша, радикалды топтардың әрекетінің мәні, жиһадшылардың пәрменді құрылым өкілдеріне қарсы шығуы – Қазақстандағы жамағаттардың және әр түрлі топтардың қарулы әрекеттерін дамытудың негізгі кезеңі емес, тек бастапқы ғана сатысы. Болашақта – қазақ топтарымен қатар жиһад бағытын ұстанатын ұйғыр сепаратистерінің мүддесін біріктіру арқылы ҚХР- мен қатынасты ушықтыру, сондай-ақ Қазақстандық террористермен және Солтүстік Кавказдағы (Дағыстан) жиһадшылармен байланысу арқылы Ресеймен де қатынасты шиеленістіру және Ресейдегі Солтүстік Кавказдағы жағдайды тұрақсыздандыру үшін Қазақстан аймағын пайдалану мүмкіндігі [1]. Еуропарламенттің экс-депутаты, антиглобалист Джулетто Кьеза бүгінгі Нью-Йорк, Уолл-стрит пен АҚШ-қа қауіптіліктің ең үлкен қайнар көзі деп санайтын ислам үлкен күресті АҚШ ресурстар үшін пайдалануы мүмкін екендігі туралы атап өтеді. 1998 жылы АҚШ- та «Project for the new American century» құжаты басылып шықты. Бұл құжатта, 2017 жылы АҚШ қауіпсіздігі үшін Қытай ең үлкен проблемаға айналатындығын публицист мәлімдеп, көрегенділікпен жазған болатын [2]. Оның айтуы бойынша, «желтоқсанның ортасында «Нью-Йорк Таймс» қандайда болмасын бір Уолл- Стриттегі ресторанда ай сайын «Голдман Сакс», UBS, «Бэнк оф Америка», «Дойче банк» сияқты 9 әлемдік банкттің басшылары жиналатындығы туралы мақала жариялады. Ай сайын бұл тоғыз адам алты миллиард адамға қатысы бар шешімдер қабылдайды: әлемде жұмыссыздық неше пайыз болады, аштықтан неше адам көз жұмады, қанша министр сатылады және т.б. Бұлар көрнекті қылмыскерлер, бірақ олар кез-келген әлемдік көшбасшыға ықпал ете алады. Олардың нақтылы билігі – ақша билігі [3]. Тәуекелдерді бағалау тобының директоры Д. Сәтпаев 2006 жылы-ақ террорлық әрекеттердің белсендендірілуіне жағдай туғызатын, Қазақстанның террорлық топтар әрекет етіп отырған мемлекеттермен көршілес болуынан бастап, Республика аймағында шетелдік құрылымдар мен батыстық инвестициялық компанияларының санының көптігіне дейінгі, факторларды атап көрсеткен болатын. Ол бұлардың қатарына АҚШ-пен серіктестікті де қосып қойған. Оның пікірінше, ҚР-да тек экстремистік ұйымдар ғана емес, соққы беретін нақты жоспарлары бар тұтас топтар әрекет етеді. Ол біздің елімізде экстремизм үшін шарттардың жоқ екендігі туралы әңгімелерді негізсіз деп санайды. Оның түсінігі бойынша, мемлекеттік құрылымдар (ҰҚК-нен басқа), сондай-ақ дәстүрлі конфессиялар халық арасында, іс жүзінде, жұмыстар жүргізбейді, ал Қырғызстанда «Хизбут-Тахрир-аль-Ислами» айтарлықтай саяси күшке айналып үлгерді және өздерінің кандидаттарына немесе басқаларға қолдау көрсетіп, сайлауға белсенді түрде қатысып отыр. Алайда аймақтарда дәстүрлі ислам өкілдері әрекетсіз деп есептеуге болмайды. Біздің 2010 жылғы жүргізген сауалнамамыз, олар халықтың әр түрлі топтары арасында рухани ағартушылық бағытта белсенді жұмыс жасайтындығын көрсетіп берді. Бірнеше мешіт имамдарының пікір білдіруін келтірер болсақ (редакторлық түзетусіз): «Курстар бойынша имамдардың орынбасарлары жұмыс жасайды, Құран, шариғат жөнінде, намаздың қалай дұрыс оқу керектігі туралы баяндап береді. Курсқа кез-келген адам, тіпті балалар да қатыса алады. Қазір (курсқа қатысатындар – авт.) 10 жастан басталады. Қазіргі кезде балалардың көпшілігі жоғары сынып оқушылары. Курс оқушыларының орта жасы 30-40. Сондай- ақ курстарда Түркиядан келген ұстаздар да бар. Бізді колледждерге, мектептерге: рамазан айы, намазды қалай оқу керектігі т.б. туралы әртүрлі бағыттар бойынша дәріс оқуға шақырады. Мектептерде ашық сабақ береміз». «Бізде мешіт жанында курстар бар. Олар медресе болып есептелмейді, себебі, тек негізгі білімдерді ғана береді, мамандар да болмайды, бұл балаларды ұстап тұруға мүмкіндік те жоқ. Курстар былайша жұмыс жасайды: кім дінге қызығушылық танытатындығы, кім Құран оқуды білгісі келетіндігі туралы хабарландыру береміз, келеді, жазылуға келеді, сосын оқып-үйренеді. Курсқа 7-8 жастағы балалар жазылады, 50-ден кейінгі ересектер де келуі мүмкін». «Мешіт жанында курстар бар. Бәрінде емес, тек орталық- тарында. Курстар ҚМДБ жоспарларына сәйкес жұмыс жасайды. Қазіргі кезде курсқа мектеп оқушылары мен студенттер қатысып жүр. Алдағы уақытта біз оларды медреселерге жібереміз. Курсқа қатысуға шек қойылмайды. Ең бастысы адамдар дұрыс пікірде болуы керек. Курстар тегін. Оқу әліпбиден басталады» «Мен 4 ай бұрын келдім (Египеттен-автордан), исламды дұрыс түсінуі үшін, дұрыс оқу үшін, 20 оқушы жинадық. Бізде мұнде жатақхана, тамақтану, түнеу – бәрі де тегін. Курстар тек облыстық мешіттерде ғана. Сабақ сенбі мен жексенбіден басқа барлық күндері өткізіледі. Қазір 2 ай өтті, біз курсты ұзарттық, оқушылар өздерін қалай көрсететіндіктеріне қарап медресеге жібереміз». Бірақ ұстаздары кездейсоқ адамдар болып шыққан курстардағы діни ағартушылықты тек дұрыс айғақ ретінде ғана бағаламау қажет. Имамдарға жүргізілген сұрау салулар нәтижесі, халықпен жүргізілетін жұмыстарда, әсіресе, Қарағанды облысының мешіттерінің өкілдері ҚМДБ-мен бірлесіп белсенді жұмыс жасайтындығын көрсетті: «....Жергілікті облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде біздің 1 бетіміз бар, біз 2 апта сайын онда мақалаларымызды жариялап тұрамыз. Сонымен қатар бізге жергілікті 5-ші арнада аптасына 1 рет қазақша және 1 рет орысша «Ислам: сауалдар мен жауаптар» бағдарламасы бойынша уақыт берді. Айына 1 рет біз радиодан сөйлейміз. Бізде орталық мешіттің Қарағандылық сайты бар www.ihsan.kz. ҚМДБ-дан айына 3 рет газет, айына 2 рет ҚМДБ- дан шығатын журнал тұрақты түрде келіп тұрады.. Біз оларды келушілерге тегін таратамыз. Каирде әлемге танымал әл-Азхар университеті бар. Біз олардың сайтына кіреміз, бұл университеттің шейхтарымен байланысамыз. Олардан әдебиеттер мен кеңестер алып тұрамыз». «Біздің облыстағы бас имам Наурызбай қажы жұмысты жеке өз бақылауына алған. Мәселен, түзеу колоннасын қамту. Біз оған тұрақты түрде барып тұрамыз және жазаға кесілгендермен кездесеміз. Ақиқат жолға саламыз. Мәселен, біздің мешіт пен орталық мешіт кезектесіп тұрақты түрде ауруханаларға барып тұрады. Мен кеше ғана онкологиялық ауруханада болған едім. Сөйлесеміз, сергітеміз. ЖОО-на барамыз. Сондай-ақ мен бір мекемеде сабақ жүргіземін...Бұның бәрі ерікті түрде өтеді. Біз ешқашан мәжбүрлемейміз, олардың сұраулары бойынша барамыз, әңгімелер өткіземіз. Мектеппен тығыз жұмыс жасаймыз. Біздің шефтік қамқорлығымызда мектептер бар. Колледждермен де жұмыс жасаймыз. Бәрін де тізіп айта беруге болады». Елімізде хиджаб кию туралы текетіресті пікірталастар жүріп жатыр, Қазақстанның жеке оқу орындарында оқушылар мұсылмандық киім киіп жүруде қарсылықтарға кезігеді. Бұл тұста дін қызметшілері мынадай төреші кейпінде сөйлейді: «Маған бір топ жас қыздар келді де, ЖОО-да өздеріне неге хиджаб киюге тыйым салынатындығын түсіндіріп беруді сұрады. Бұл соншалықты өткір және нәзік тақырып, бұны қалай шешу керек? Бұл тағы бір өте маңызды мәселе». Сауалдың өткірлігі, әлбетте, мұсылмандық киімді киюге рұқсат бермеуде немесе рұқсат етпеуде. Қазақстанда бұрын-соңды зардаптары болмаған саясиланған ислам жолындағылар осы тұрғыдағы акциялар арқылы өздері туралы мәлімдеуге ұмтылады. 2011 жылы «Стратегия» саяси және әлеуметтік зерттеулер орталығы жүргізген зерттеулерінің нәтижелері жөніндегі пікірталастар, Қазақстанды исламның жаңа түрін тудыратын орынға айналды- ру мен Қазақстан өзінің діни нұсқасын сақтау мүмкіндігі туралы сауалдардың ашық қалдырылғандығын көрсетті. Еліміздегі діни жағдай мониторингі мынадай болжам ұсынуға мүмкіндік ашады, Қазақстанда қазақтар мәдениетінің элементтері бар халықтық ислам оның неғұрлым саясиланған нұсқаларымен ығыстырыла бастады. 2010 жылы атыраулық мешіттің бір имамы үлкен қобалжумен қазақстандық үметтің бытыраңқылығын атап өтті. Ол мұсылмандық қауымда келісімділік жоқ екендігін баса көрсетті: «Облыстағы барлық мұсылмандардың бір бөлігін, шамамен 50 пайызын біртұтас діни көзқарастар, діни дүниеге көзқарастар, дәстүрлер біріктіреді. Мұсылмандардың қалған бөлігі – уахабшылар, сопылар, исламның 3-4 бағыттары» Оның шамалауынша, діндегі пікір еркіндігін теріске шығаратын, шариғаттың құқықтық нормалары мен дәстүрлерін сақтауда фанаттықпен ерекшеленетін мазһаб өкілдері көбейіп келеді. Сонымен, имам, егер де шаралар қолданбаса, олар еліміздегі исламдық қауымда мұсылмандық фундаментализмді тарату үшін негіз ретінде қызмет ете алады деп санайды. Имамдар экстремистік ұйымдардың жастарға ықпалының өсіп келе жатырғандығын атап көрсетеді: «Елді дәстүрлі исламға тән емес жат діни ілімдер жайлады. Атыраудың жастары оның ықпалына еруде, өйткені оған қаржылық қолдау мен идеологиялық қамтамасыз ету көрсетіледі». «Енді ғана діни парыздарын орындай бастаған жастар осы адамдарға (өздері айтқандай, шейхтарға) барады және олардан мазһабсыз оқиды. Мысалы, салафиттер, хизбут-тахрир. Жоғарыдан әлдекімдер бізді ыдырату үшін арнайы жасауы мүмкін». Қазақстандағы мұсылмандық діннің дамуының екі жаңа беталысын бөліп көрсетіп, мемлекетті қайта құру жоспарларын иеленген діни ұйымдардың бар екендігі туралы сарапшы Н. Әлниязов: «...Билік құрылымдарындағы діни ұйымдардың біріктірілуі (әсіресе, экстремистік) және діни ұйымдардың мемлекеттің баламалық жобаларын қалыптастыруы мен еліміздің саяси өміріне қатысуға ұмтылуы»,-деп көрсетеді [4]. Шындығында, жуық арадағы оқиға жағдайдың тым ушығып кеткендігі туралы пайымдауға негіз бола алады. Бұл сарапшы, соңғы уақыттардағы діни топтардың елеулі радикализациялануы, Қазақстан мен ОА-ның экстремистік топтарының көпшілігі жиһад жүргізу үшін әрі қарай бірлесе түсуі мүмкін екендігі туралы қорытынды шығаруға алып келетіндігін атап көрсетеді: «Қазақстан мен ОА-ға қауіп төндіретін ең шегіне шыққан экстремистер, тұтастай алғанда, «такфир» идеологиясын ұстанатын салафиттік топтар болып табылады. Қазақстандағы құқық қорғау органдары мен ҰҚК-не қарсы ұйымдастырылған соңғы уақыттағы терактілерді тек осылармен ғана байланыстырады». Сарапшының пайымдауынша, исламның аймақтарға дамуының жаңа үрдістеріне ОА мемлекеттері мен қоғамымыздың дайын болмауының себептері тарихи өткенінде ғана емес, сонымен қатар ОА-дағы исламның жаңа эволюциясында жатыр. Соңғы жүзжылдықтағы жағдай жеке мәдени бірегейлік пен дінді құра отырып, Орталық Азия аймағында мұсылмандық қауымдастық пен діннің оқшау қалыптасуына мүмкіндік ашты. Орталық Азияда тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуымен қатар ОА-да мұсылмандық қауымдардың бейберекетсіз, бақылаусыз өздігінен ұйымдасуы және олардың мұсылмандық әлеммен бірігуі басталды. Спикер: «Соңғысы аймақта көптүрлі діни ағымдар мен қозғалыстардың таралуына алып келді. Бұл факторлардың салдарынан дін, бизнеске немесе мұсылмандық қауымдар ішінде кикілжіңдердің және дін мен мемлекеттің зайырлы институттары арасында келіспеушіліктердің тууына ықпал ете отырып, әр түрлі топтар мен күштердің саяси құралына айналды», - деп есептейді. Имамдар өздерінің сұхбаттарында исламның «қазақтық» нұсқасына миссионерлердің немесе шет елдерде оқып келген адамдардың араласуға ұмтылып отырғандығын дәйектейді: «Қазір кейбір адамдар мешітке келіп, намазды өзгеше оқиды, біз оларға Қазақстанның барлық мешіттерінде намаз ханафиттік үлгіде оқылуы керек екендігін түсіндіреміз. Себебі, Қазақстан Ханафи мазһабын ұстанады. Барлығына түсінікті және келіспеушіліктер болмас үшін. Бұл келіспеушіліктер ұлтына емес, тек қана діни уағыздардың ерекшеліктеріне байланысты». «Бізде Мысырдан оқып келген оқытушылар бар және олар өздерінің идеологиясын уағыздайды, біз өздерінің ойларымен адастырмауына тырысамыз және бұл мәселелерді бейбіт жолмен шешеміз. Кей кездері адамдар қателеседі». «Ең басты жікке бөлетін нәрсе, адамдардың шетелге, мысалы, Сауд Арабиясына барып оқуы. Осы жастар елге оралған уақытта, оларға мазһаб керек емес болып шыға келеді. Сонда мұсылмандар арасында дін тұту ортақ болмай қалады. Бұл жікке бөледі». 2000 жылдардың орта тұсында мақала авторы, исламдық ағарту мен білім беру, «мұсылмандық» қатердің бар екендігі т.б. Қазақстан Республикасындағы діндердің өзара ықпалына байланысы бар зерттеулерге қатынасты. Зерттеу нәтижесінде жаңа беталыстардың қатары туындап шықты. Сол жылдардағы зерттеулерден кейбір мәліметтер келтірсек, «қазақи емес ислам» нұсқасын насихаттау қазақстандық үмметте барынша қарқынды түрде және айтарлықтай ұзақ уақыт бойы іске асып келетіндігіне куә боламыз. 2005 жылғы біздің сауалдамамызға қатысқандардың үштен екісінен көп бөлігі (68,4%) мешіттегі экстремистік ыңғайдағы уағыздар сияқты құбылыспен кездеспеген. Бірақ оннан бір бөлі-гі (10,2%) оларды үнемі тыңдаған, ал әрбір алтыншы сұрау салын- ған адам (15,3%) кезі келгенде. Рухани курстарды тыңдаушы- респонденттердің әрбір төртіншісі және рухани мекеменің әрбір алтыншы студенті әртүрлі мерзімде экстремистік уағыздармен кезігеді және олардың ықпалына тап болады. Дінбасылардың өкілдері өгей діни қауымдардың бұларға енуіне тырысушылығымен кезіккен: «Кейбір адамдар Құран оқу ұсынысымен келеді (мәселен, хизбуттар келді), бұндай оқиға біздің мешітте болды, бірақ бұлармен біздің жолымыз бір емес. Егер олардың ҚМДБ- дан рұқсаты болмаса, біз оларды намаз оқуға жібермейміз». Қазақстанның оңтүстігіндегі имамдар діни экстремизмді орталық азия аймағы үшін жат, сырттан таңылған және негізі жоқ идеология деп есептейді: «Радикалдар мұсылмандарды жамандайды. Еуропада, АҚШ-та мұсылмандар әрқашан бейбітшілікпен өмір сүрді, олардың жағымсыздығы туралы айтылмайды. Бізге, Ауғанстаннан немесе Пәкістаннан ба, өздерін мұсылман санайтындар келіп, жарылыс жасайды, сосын бәрі ОА-дағы экстремизм туралы шулайды. Экстремизм исламды құртуға бағытталған». Қазақстанның оңтүстігінде экстремизмнің шиеленісу қаупі туралы айтар болсақ, бірнеше имамдар бұндай қауіптің бар екендігін және ол мынадай жағдайларға байланысты екендігін атап көрсетеді. Ислам көшбасшыларында экстремизмнің пайда болуымен күресу мүмкіндіктері аз – олар шариғат заңдарын қолданып, білімсіздігі үшін экстремистік пиғылды қолдағандарды жазалай алмайды. Мынадай пікір айтылды: «Егер мемлекет пен ислам арасындағы бүгінгі таңдағы қатынастың формасы сақталатын болса, болашақта бізде экстремизм өсе түседі. Олар бір-бірінен бөлінген, ал экстремистер осы бақылаусыз аймақта қалды. Егер де олар шариғат заңдарын аттап кететін болса, мемлекет исламға шындық туралы, мұсылманның мінез-құлқы туралы мінеуге және оларды жазалауға мүмкіндік беруі тиіс. Сонда жағдай жақсара түседі, сосын экстремизм өрістемейтін болады». Бұл пікірлерде мұсылман үмметінің өзін-өзі басқаруы мен мемлекет пен үмметтің арасындағы өзара қатынасты өзгерту қажеттігі туралы маңызды ой мазмұндалған. Соңғы жылдардағы Рухани басқару ықпалында болмайтын ҚМДБ мен мұсылмандық ұйымдар арасындағы қайшылық азайған және ҚМДБ өзінің мешіттерге ықпалын күшейте алатын болса да, бүгінгі уақытқа дейін кейбір мешіттер жеткілікті деңгейде дербестікте қалып отыр. 5 жыл бұрын арнайы дінбасылары Қазақстанда экстремизмнің пайда болуына себептер жоқтығын, елімізде жаппай атеизм дәуірінен кейін ұждан еркіндігіне орын барлығын, дін тұту мәселелерінде ешқандай да мәжбүрлеу жоқ екендігін өздерінің көзқарастарына негіз етіп ала отырып тұжырымдаған болатын. Бірақ сарапшы Н. Әлниязов: «Бүгінгі күні күрес, арнайы емес мұсылмандық құрылымдар қазіргі мемлекет дамуының жүйесіне балама ретінде өздерінің жеке жобасын ұсынатын жерлерде саяси жазықтыққа өтті. Жағдай, діни саланы реттелмейтіндей қылуға мүмкіндік беретін, діни қауымдастықты бір-біріне қарсы тұратын көптеген топтар мен жамағаттарға бөлшектеп, сүнниттік құқықтық мектептер (мазһабтар) арасындағы кикілжіңдер сияқты, белгілі бір мағынада жасанды толықтай жаңа құбылыстармен күрделенеді»,-деп хабарлайды. Ол, бұл мәселеге қатысты мазасыз- дану, мемлекеттік деңгейде ханифа мазһабының исламдық аймақ үшін тарихи рөлінің мойындалуын белгілеген «Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Заңның соңғы жобасында көрініс тапты деп есептейді. Ол мәселенің шешімін дәстүрлі исламдық инстиуттарды өркендету мемлекеттік бақылауға сәйкес болған жағдайда деп біледі. Оның пікірінше, бұл үшін, бастапқыда ҚМДБ-ны мұсылман қауымдарының қызметтерін бір орталықтан реттейтін ықпалды, беделді ұйым қылу керек. Біздің көзқарасымыз бойынша, қалыптасқан жағдай аймақтағы исламның дамуындағы жаңа беталыстарға мемлекет пен қоғамымыздың дайын еместігін көрсетті, бұны соңғы уақыттардағы оқиғалар куаландырады. Мемлекет тек күш көрсету құрылымдары кейпінде діни топтардың радикализациялануымен өз бетімен түзеле алмайтын жағдайда екендігі әбден айқын. Бұл жерде себептер бірнешеу. Бір жағынан, кеңестік кезеңде, біздің қоғамның азаматтарында қалыптасып қалған, барлық болып жатқан оқиғаларға мемлекет жауап беретін ділден арылған жоқ. Екінші бір қырынан алғанда, мемлекеттің өзі еліміздің тағдырына жауап беретін тұлғаның қалыптасуына жағдай туғызбай отыр. Қазақстанда, жарияланған мүмкіндіктер мен адам нақты өмір сүретін шындық арасында мәнді қайшылықтар орын алған. Әлеуметтік зерттеулер көрсеткендей, билік 2011 жылы 2003 жылғыдай тек өзі үшін қызмет етеді, қоғамнан үстем тұрады, қоғамдық пікір билік пен халық арасындағы қысымшылықтың өрлеуін айна қатесіз көрсетіп беріп келеді БАҚ-дағы мезгіл-мезгіл көрініс табатын, шенеуніктердің заңды өздері бұзатындығы жөніндегі ақпараттар, еліміздің заңсыздығы мен шенеуніктердің озбырлығы туралы қоғамдық пікір қалыптастырады және сондай әсер қалдырады. Бірақ, сол шенеунік тарапынан заң бұзушылық, бюрократиялық өктемдік қоғамдық сананың радикализациялануына ықпал ететін маңызды факторлардың бірі екендігін барлық сарапшылар мойындаған. Мемлекет барлық азаматтардың әлеуметтік немесе басқа да мәртебелеріне қарамастан заң алдындағы теңдігін іс жүзінде іске асыру керек. Өзгерілген жағдайларда, билік органдары халық пен олардың арасында сенімді қалпына келтіре алатын мінез-құлық желісін құру керек. Бұл сенім, билік заң бұзушыларды бұлтартпай жаза- лаушылық пен оның үстемдігінің кейпін кигізген кезде пайда болады. Бірақ билік, әзірге, бұқаралық саясат саласында тек қана экстремизмге қарсы әрекет ету бойынша үгіт-насихат топтарын құру мен конференциялар және дөңгелек үстелдер өткізуден басқа (экстремизмді болдырмаушылығы күдік туғызатындай), ешнәрсе ұсына алмай отырған сыңайлы. Саяси биліктің институттары нәтижесінде пайда болған «бюрократиялық капиталды қалпына келтірудің» (П. Бурдье) және өздері үшін оңтайлы мақсатына бейімделген, яғни қатаң мәртебелі, ұлттық байлықтарды қайта бөлу жағдайларындағы, әлеуметтік серіктестік саясатын жүргізуге қабілетті ме? Мемлекеттің жасампаздық қызметі серіктестердің тең жағдайында ғана толық көлемде іске асады: қуатты мемлекет және сондай қуатты, дамыған, егеменді азаматтық қоғам. Экстремизм мен терроризмге қарсы ең ықпалды құрал – азаматтық қоғам мен мемлекет арасындағы тең құқықты сұхбаттастық негізіндегі серіктестік. Мемлекет әлеуметтік институттар арқылы еліміздегі халық арасында азаматтық мәдениетті тәрбиелеуі қажет, ол сырттан кім болса да тұлғалығына қол сұғуына бағытталған әрекеттерге қарсы иммунитеті бар қоғам болуы тиіс. Ал қоғамның бұндай қалпына тек қана тұлғаның өзін-өзі дамытуы мен дербес рухани-тұлғалық мәдениет алып барады.
Әдебиеттер
1. США и Саудовской Аравии может быть выгоден джихадизм в Ка- захстане //http://www.quorum.kz/ab/news/religiya/23112011173847/ssha_i_ saudovskoi_aravii_mozhet_bit_vigoden_dzhihadizm_v_kazahstane 2. Этим миром правят 9 человек / http://www.rosbalt.ru/ukraina/2011 /02/21 /821655.html 3. Там же. 4. Пресс-конференция в Алматы «Новые тенденции в развитии ислама и их воздействие на стабильность в Центральной Азии», организаторы – журнал Exclusive и Фонд Фридриха Эберта //http://tengrinews.kz/kazakhstan_ news /202002 5. Курганская В.Д., Косиченко А.Г. Ислам и исламские лидеры в Южном Казахстане. – Алматы: Центр гуманитарных исследований, 2005.
Валентина Курганская