Ағытайұлы Ибраhим (11.02.1942 ж.т, Жангелдин ауд. Ақкөл а.) - ұстаз, журналист, этнограф. 1966 ж. Қызылорда пед. Институтының филология ф-тін бітірген. Еңбек жолын туған а-нда орта мектеп директорының орынбасары болып бастаған. 1971 ж. Қазақстан компартиясы Жанелдин ауд. к- тіне қызметке ауысып, көп ұзамай Алматы Жоғары партия мектебіне оқуға жіберілді. 1976 -1983 ж. ауд. кәсіподақтар ұйымын басқарып, ауд. Атқару к- нде ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 1983- 1988 ж. аралығында «Шилі» кеңшары партия ұйымының хатшысы болды. Бұдан кейін журналистік қызметке ауысып, 1990 жылдан Қостанай обл. Әулиекөл ауд. «Әулиекөл тынысы» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары болып істеді. А. Қаламгер ретінде қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерін жаңғырту, жұртына қайта оралған А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Е. Омаров, Басықара Қанафияұлы шығармаларын насихаттау жұмыстарын қолға алды. Осы зерттеулерінің нәтижесінде «Ортақ өмір арнасы» (2005), «Бабамыз бекзат данышпан» кітаптары жарық көрді. 1996 ж. ұйымдастырылып, Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылық жолын зерттеуді мұрат еткен «Ақжол» экспедициясының жұмысына белсене араласты. 2000 ж. Байтұрсынов а -на әкім болып тағайындалып, облыс деңгейінде «Ұрпақтар қауышуы» атты үлкен шара өткізуге мұрындық болды. А. Байтұрсынов медалін алды. 2010 ж. ғұламаның адал жары Бадрисафа Мұхамедсадққызына арналған экспедициялық жұмыстар барысында Орынбор, Омбы, Томск, Қарқаралы, Алматы қалаларында болып, деректі фильм түсірді, Тобыл өңіріндегі «Екпінді» а-нда ескерткіш орнатуға қатысты.
ТОРҒАЙ ЕЛІ. Энциклопедия / Құраст.Т.Рсаев. –Алматы: «Арыс» баспасы, 2013.-456 бет+16 бет түрлі түсті суретті жапсырма.
ISBN 978-601-291-179-4