Кітап екі тараудан тұрады
“Қазақстанның сыртқы саясаты 1992-2000 жылдар аралығында ” атты бірінші тарауда Қазақстанның тәуелсіздігін алғаннан кейінгі мерзімдегі сыртқы саясаттағы алғашқы қызметі баяндалған. Сол мерзімдегі Қазақстанның халықаралық қатынастағы ұсыныстары мен атқарған істеріне баға берілген.
Арнай бөлімде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бұрынғы КСРО аймағындағы ЕурАзия Одағын құрудағы бастамасының маңызы айқындалған.
Келесі бөлімде Қазақстанның Семей ядролық сынақ алаңын жабу, ядролық қарусыздану саласындағы атқарған істері сараланған.
“Қазақстанның сыртқы саясаты ХХІ ғасырдың басында” атты екінші тарауда осы мерзімдегі Қазақстанның жақын және алыс шетелдермен қатынасы сараланған.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың даулы және күрделі халықаралық мәселерді өзара сенім арқылы шешудегі бастамаларына баға берілген.
Аталған тараудың одан кейінгі бөлімінде осылармен қатар Қазақстан Республикасының әлемдік ядролық қарусыздану бағытындағы нақты ұсыныстары баяндалған.
Материалды усынған ҚР ҒБМ ҒК «Мемлекет тарихы институты»