Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ежелгі Қазақстанның жұлдызды аспаны

29098
Ежелгі Қазақстанның жұлдызды аспаны - e-history.kz

Ұлан-байтақтығы, ені мен кеңістіктің кеңдігі бойынша дала аспанға тең. Көшпенділердің құдайы Тәңір мекен еткен аспан, жұлдызды әлемге толы. Көне түрік Орхон-енисей жазбаларының (7-8 ғасырдағы) осы екі жолдан басталуы да тегін емес:

«Үстінде аспан қалыптасқанда,

Астында қара жер пайда болды...»

Дала – іргетасында табиғаттың сәулеттік ғажабы тұрған негіз, үйлесімді және түсініксіз, математика тұрғысынан нақты Аспан. Дүние танымының космизмі, дүниеге деген көзқарасының кеңдігі, дала көшпелі-қазақтың рақымдылығы мен мейірімділігі сайын дала мен аспанның кең ауқымымен генетикалық тұрғыдан салынған. Көшпендінің дүние танымының космогониялығы және астрономиялығы даладағы өмір салтымен, кеңістікте және уақытта ұдайы жылжып отыруымен шектелген. Көшпендінің сана-сезімінде Аспан жер үстінде, және Жер – Дала – бір-біріне тең!    

Сонымен қатар, Аспанның ұлы құдайы – Тәңірге деген сенім шамамен алты мыңжылдық бұрын пайда болған. Бұл жердегі ең көне дін және «тәңірлік» - біздің планета халықтарының басты діндерінің негізінде жатқан іргетасы. 

Осы орайда діни соғыстың мәнсіздігі айқын. Түрлі діндердің жақтаушылары дұшпандарын жедел түрде аспанға, құдайға жақын жерге жіберу үшін бір-бірімен соғысады, сондағы құдайға жақын болу деген өмірдің мәні...

Алғашқы адамдар Жалғыз құдайға сенгені ықтимал, ал содан соң алғашқы қауымдық құрылыс ыдыраған және құл иеленушілік қалыптасқан кезде көп құдайға сеніп, пұтқа табынушылар болды. Осындай жағдай ежелгі Мысырда, Ассирияда, көне Грекия мен Римде байқалады. Еуропа және Азиядағы айтарлықтай бүкіл ірі этностардың қалыптасуына ықпал еткен, пұтқа табынушылардың жүзжылдығы арасында бірсыпыра шарлап, осы елдер мен халықтар Жалғыз құдайға сене бастады: еуропалықтар Христосқа, арабтар мен түріктер Аллаға сенді. Буддистерде қанша құдай бар екенін әлі де түсінбедім?.. Жоғары құдайлардың өзі бірнешеу - Брахма, Шива, Кришна, Будданың өзі. Алайда, біріне де, екіншісіне де бір құдайға қайта сену жеңіл және ыңғайлы болды, себебі христиандық және ислам сияқты әлемдік діндер негізінде Аспанда және де аспаннан тыс жерде тұратын Аллаға сенушілік бар. Қол жетпейтін шың. Ал аспан – тәңірлік нышан.    

Аспанға бас ию идеясы ежелгі адамның аспандағы құдай туралы алғашқы түсінігінің негізінде ғана емес, ол туралы жоғары құдірет туралы түсінік ретінде болды, халықтар христиандық және исламға айналған кезден ғасырлардан кейін бірыңғай христиандық және мұсылман құдайы түсінігімен үйлесті.      

Ежелгі Қытайда ұзақ уақыт бойы мемлекеттік дін ретінде аспан императоры  Шандиге (Тянь – Шуандиге) теңестірілген аспан құдайы Тяньге сенушілік болды.    

Осы сенім этнология және лингвистикалық тұрғыдан алғанда оңтүстік Сібір тәңірлерден алынған, Аспанға жалпы табынушылықтың бөлігі болып табылады, онда ірі геологиялық және экологиялық зілзаладан кейін (мысалға, дүниежүзілік топан су) Евфрат пен Тигр өзен аралығының халқы орналасты, осы жерде Тәңірлік те пайда болған шығар.        

Ұлы дана ретінде танымал болған, ежелгі қытай философы Конфуций, өзін өте ежелгі ғылымның сақтаушысы ретінде, ал өз басы болса, Құдай мен Адамдар арасындағы дәнекерші деп санаған, Аспан құдайы «Тяньге» оны Шанди деп атап, ежелгі сенімге берілуді қолдауды өзінің ажырамас борышы деп санап, ол жаңа оқуды уағыздап жатқан жоқ, адамдарға тек ежелгі білімді тапсырып жатқанын ерекше еңбегін жүктеді.    

Үндістанда ұлы құдай туралы ілім Брахма бейнесінде көрсетілген жоғарғы рух, дүниежүзілік жан ретіндегі түсінікте дамиды. 

Мұрат Аджи «Қыпшақтар» кітабында келесіні жазады: «Үндістер нагтарда, яғни түріктерден қасиетті "Праджняпарамита" мәтінін алғанын жасырмайды». Оны дана ағартушыларға ғана оқу рұқсат болған, тек олар ғана мәтінде жазылған даналықты оқыған. Әрине, үндістер түрік мәдениетіне зор құрмет көрсеткен. Олар түріктердің аруақ қонған жерін сақтады. Түріктер өздері де ұмытқанды сақтай алды. «Аманат» журналы, Алматы, 2001, №1.

Ортағасырлық Еуропада аспанда мекен еткен құдай туралы ілім Фома Аквинский, Кеплер және Гегельдің философиялық тұжырымдамаларына ауысады, ол бойынша әлем үйлесімді біртұтас, ал оның жаны – Құдай. 

Тәңірлік – ата түрік діні, б.ғ.б. 4 мыңжылдықта философиялық оқу ретінде қалыптасқан. Семит және үнді иран діндерін туғызған ежелгі мысырлық мәдениетке айтарлықтай ықпал еткен, бүгінгі күнге дейін жетті, мұқият шифрлап тасталған нысанда қазақтар арасында кездеседі, оның белгілерін күн сайын пайдаланып, олар ежелгі ғасырлардан келгенін ойламайсың да. 

  Біз «Тәңір жарылқасын» деп айтқанда, біз «Аспан жарылқасын!», яғни «Алла жарылқасын» дегенді ойлаймыз. Немесе осы сияқты ең қысқа нысан: «Алла жар болсын» немесе орысша "Спасибо!". Немесе «Таңірберген», сол сияқты  "Құдайберген","Аллаберген" сияқты есімдер, немесе орыс және болғар аналогтары - Богдан, Федор, неміс - Теодор. Ал барлығы ата-анасына баланы сыйлық еткен ұл бала – Тәңірбергеннен басталды.

Ата түрікше «Тәңір», парсыша «Құдай», арабша «Алла» - әр тілде бір мағынаны білдіреді. Қазақтар болса, табиғи қабілеттіліктеріне қарай осылардың үшеуін де пайдаланады және былай деп айтады: «Тәңір жарылқасын!», «Құдай сақтасын!», "Алла-тағала байлық-береке берсін!". Әрбір жағдайда жоғарғы Алла – Аспан Құдайы – Тәңір дегенді білдіреді. Мұсылмандықты қабылдап, қазақтар өз тамырларын, өздерінің бас дінін – тәңірлікті ұмытқан жоқ. 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?